Тастыбұтақ

09.11.2012 2711
Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Тастыбұтақ – қола дәуірі ескерткіштерінің бір тобы. Ақтөбе обл. Хромтау ауд. Көктөбе а-ның маңында. Құрамына Ордың оң жақ саласы Тастыбұтақ өз-нің оң жағалауындағы Темебай қыстағының жанында орналасқан үш ескерткіш: Т.-1, Т.-2 зираттары мен едәуір үлкен қоныс кіреді. 1955 ж. Батыс Қазақстан археол. экспед. отряды (жетек. В.С. Сорокин) ашып, 1957 – 60 ж. Т.-1 зираты мен қоныста кең көлемді қазба жұмыстарын жүргізді. Т.-1 зиратындағы 57 қоршау ауд. 1,8 га жерде үш топ болып орналасқан. Түгелдей қазылған қоршаулардың диам. 3 – 5 м, негізгі пішіні – дөңгелек. Ашылған 100 қабірдің 90-ы қарапайым шұңқыр қабірлер де қалғандары тас жәшіктер. Қабір ұз. 0,8 – 2,3 м, ені 0,37 – 1,15 м, тереңд. 0,5 – 1,2 м. Әр қабірде негізінен бір, кей жағдайда екі мүрде жерленген, барлығы 118 мүрде табылған. Олардың жатқызылу тәртібі біркелкі – бастары күнбатысқа қаратыла, сол немесе оң бүйіріне аяқтары бүгіліп қойылған. 112 мүрдені ингумация тәсілімен, яғни өртемей жерлесе, қалғандары крематталған. Қыш ыдыстан басқадай заттардың құрамында 15 қола білезік, сырғалар мен қапсырмалар, мыстан, қоладан, пастадан жасалған 700-ден астам моншақ және 1 еңбек құралы – біз бар. Бала қабірлерінен 70-тен астам қой асығы табылған. Қыш жиынтығын 140-тан астам ыдыс құраса, мұның дені бүйірі шығыңқы, аузы кең көзелер, тік бүйірлі ыдыс анағұрлым аз. 67 ыдыстан кездескен ою түрлеріне үшбұрыштар, меандр, иректер мен шұңқыршалар, көлбеу, жазыңқы, тік сызықтар жатады. 72 қабірден түскен палеоантропол. деректер зиратта жерленген адамдардың еуропа тектестерге жататынын және олардың Төм. Еділ мен Оңт. Арал өңірлерінің көне тұрғындарына жақындау болғанын көрсетті. Т. қонысынан бір-бірінен 8 м қашықтықта орналасқан ғ1 (ауд. 185 ш. м) және ғ2 (ауд. 145 ш. м) екі үй орны қазылып, олардың тікбұрышты жертөлелер болғандығы анықталды. Заттай деректер тобын көптеген қыш сынықтары, шаруашылық құралдары мен бұйымдар құрайды. Екі үйден ашылған 4 ошақ саяз шұңқырлар түрінде жасалып, біреуінің шеттері таспен жиектелген. Екі үйдің де қабырғалары бойында орналасқан, еден деңгейінен сәл биік ұзын, жалпақ кертпіштер адамдар ұйықтауға арналған орын қызметін атқарған. Осындай қызықты деректерге екі үйден ашылған 3 терең құдық та жатады. Тереңд. 3 – 5 м-ге жететін бұл құдықтардың біреуінің түп жағында топырақ құламау үшін жасалған ағаш шарбақ бар. Көне қоныстардың тұрғын үйлерінің ішінде құдықтардың болуы айрықша жағдай екенін ескере келе, ғалымдар бұл қола дәуірінде құрғақ, шөлейт ауа райының болғандығын дәлелдейтін тағы бір маңызды мысал деп санайды. Т. ескерткіштері андрон мәдениетінің батыс шетінде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілігінен дерек беретін өте құнды жәдігерлер болып табылады. Негізгі ерекшеліктері бойынша орта қола кезеңінің алакөл мәдениетіне жатады. А. Бейсенов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том  

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Тастыбұтақ – қола дәуірі ескерткіштерінің бір тобы. Ақтөбе обл. Хромтау ауд. Көктөбе а-ның маңында. Құрамына Ордың оң жақ саласы Тастыбұтақ өз-нің оң жағалауындағы Темебай қыстағының жанында орналасқан үш ескерткіш: Т.-1, Т.-2 зираттары мен едәуір үлкен қоныс кіреді. 1955 ж. Батыс Қазақстан археол. экспед. отряды (жетек. В.С. Сорокин) ашып, 1957 – 60 ж. Т.-1 зираты мен қоныста кең көлемді қазба жұмыстарын жүргізді. Т.-1 зиратындағы 57 қоршау ауд. 1,8 га жерде үш топ болып орналасқан. Түгелдей қазылған қоршаулардың диам. 3 – 5 м, негізгі пішіні – дөңгелек. Ашылған 100 қабірдің 90-ы қарапайым шұңқыр қабірлер де қалғандары тас жәшіктер. Қабір ұз. 0,8 – 2,3 м, ені 0,37 – 1,15 м, тереңд. 0,5 – 1,2 м. Әр қабірде негізінен бір, кей жағдайда екі мүрде жерленген, барлығы 118 мүрде табылған. Олардың жатқызылу тәртібі біркелкі – бастары күнбатысқа қаратыла, сол немесе оң бүйіріне аяқтары бүгіліп қойылған. 112 мүрдені ингумация тәсілімен, яғни өртемей жерлесе, қалғандары крематталған. Қыш ыдыстан басқадай заттардың құрамында 15 қола білезік, сырғалар мен қапсырмалар, мыстан, қоладан, пастадан жасалған 700-ден астам моншақ және 1 еңбек құралы – біз бар. Бала қабірлерінен 70-тен астам қой асығы табылған. Қыш жиынтығын 140-тан астам ыдыс құраса, мұның дені бүйірі шығыңқы, аузы кең көзелер, тік бүйірлі ыдыс анағұрлым аз. 67 ыдыстан кездескен ою түрлеріне үшбұрыштар, меандр, иректер мен шұңқыршалар, көлбеу, жазыңқы, тік сызықтар жатады. 72 қабірден түскен палеоантропол. деректер зиратта жерленген адамдардың еуропа тектестерге жататынын және олардың Төм. Еділ мен Оңт. Арал өңірлерінің көне тұрғындарына жақындау болғанын көрсетті. Т. қонысынан бір-бірінен 8 м қашықтықта орналасқан ғ1 (ауд. 185 ш. м) және ғ2 (ауд. 145 ш. м) екі үй орны қазылып, олардың тікбұрышты жертөлелер болғандығы анықталды. Заттай деректер тобын көптеген қыш сынықтары, шаруашылық құралдары мен бұйымдар құрайды. Екі үйден ашылған 4 ошақ саяз шұңқырлар түрінде жасалып, біреуінің шеттері таспен жиектелген. Екі үйдің де қабырғалары бойында орналасқан, еден деңгейінен сәл биік ұзын, жалпақ кертпіштер адамдар ұйықтауға арналған орын қызметін атқарған. Осындай қызықты деректерге екі үйден ашылған 3 терең құдық та жатады. Тереңд. 3 – 5 м-ге жететін бұл құдықтардың біреуінің түп жағында топырақ құламау үшін жасалған ағаш шарбақ бар. Көне қоныстардың тұрғын үйлерінің ішінде құдықтардың болуы айрықша жағдай екенін ескере келе, ғалымдар бұл қола дәуірінде құрғақ, шөлейт ауа райының болғандығын дәлелдейтін тағы бір маңызды мысал деп санайды. Т. ескерткіштері андрон мәдениетінің батыс шетінде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілігінен дерек беретін өте құнды жәдігерлер болып табылады. Негізгі ерекшеліктері бойынша орта қола кезеңінің алакөл мәдениетіне жатады.

А. Бейсенов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том

 

Ұқсас материалдар