Қандастар Ассамблея

Ғабит Мүсірепов-2

29.05.2013 2830
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім. Әйел, ана туралы Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой. Әйел, ана туралы Әйел асқақтаса - жылайды, еркек асқақтаса - құлайды. Әйел, ана туралы Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі. Әйел, ана туралы Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді. Әйел, ана туралы Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолындажаттығады. Әйел, ана туралы Қазақ әйелі азғана жәрдем бергенді ұмытпайды - тезірек еселеп,қайыруға тырысады. Әйел, ана туралы Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет, Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет. Әйел, ана туралы Театр - хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Қызық емес пе, көзіңе көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін ән өлең ғасырлар бойы ел ойында қорлана беріпті, оята беріпті, сергіте беріпті. Ғылым-білім, өнер туралы Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды. Ғылым-білім, өнер туралы Данышпандықты танып, білген де - данышпан. Ғылым-білім, өнер туралы Үлкен өнердің - үлкен, таза мінезі болуға керек. Ғылым-білім, өнер туралы Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. Ғылым-білім, өнер туралы Бардың жұпыны киінгені де, жоқтың барша киінгені де белгілі болыптұрады. Байлық-кедейлік туралы Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ. Байлық-кедейлік туралы Байға - мал қымбат, кедейге - жан қымбат. Байлық-кедейлік туралы Кедейге - жеркепесінің төбесіне шығып тұруы да үлкен мақтаныш. Байлық-кедейлік туралы Байлықты малдан емес, адамнан іздеген жөн болмақ. Байлық-кедейлік туралы Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады. Ар-намыс, ұят туралы Сайланарда бермейтін уәделері жоқ. Сайланып алған соң аспанда құдай барын, ел-жұрт алдында абырой -ұят барын ұмытып кетеді. Ар-намыс, ұят туралы Ақын бойына адамгершілік қана жарасады. Екеуінің біріне ақау түссе - алдымен ақындық өледі. Адамгершілік туралы Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі. Адамгершілік туралы Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек. Адамгершілік туралы Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас. Адамгершілік туралы Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері. Адамгершілік туралы    Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

Әйел, ана туралы

Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Әйел, ана туралы

Әйел асқақтаса - жылайды, еркек асқақтаса - құлайды.

Әйел, ана туралы

Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі.

Әйел, ана туралы

Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді.

Әйел, ана туралы

Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолындажаттығады.

Әйел, ана туралы

Қазақ әйелі азғана жәрдем бергенді ұмытпайды - тезірек еселеп,қайыруға тырысады.

Әйел, ана туралы

Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет,

Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет.

Әйел, ана туралы

Театр - хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Қызық емес пе, көзіңе көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін ән

өлең ғасырлар бойы ел ойында қорлана беріпті, оята беріпті, сергіте беріпті.

Ғылым-білім, өнер туралы

Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.

Ғылым-білім, өнер туралы

Данышпандықты танып, білген де - данышпан.

Ғылым-білім, өнер туралы

Үлкен өнердің - үлкен, таза мінезі болуға керек.

Ғылым-білім, өнер туралы

Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды.

Ғылым-білім, өнер туралы

Бардың жұпыны киінгені де, жоқтың барша киінгені де белгілі болыптұрады.

Байлық-кедейлік туралы

Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ.

Байлық-кедейлік туралы

Байға - мал қымбат, кедейге - жан қымбат.

Байлық-кедейлік туралы

Кедейге - жеркепесінің төбесіне шығып тұруы да үлкен мақтаныш.

Байлық-кедейлік туралы

Байлықты малдан емес, адамнан іздеген жөн болмақ.

Байлық-кедейлік туралы

Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.

Ар-намыс, ұят туралы

Сайланарда бермейтін уәделері жоқ. Сайланып алған соң аспанда құдай барын, ел-жұрт алдында абырой -ұят барын ұмытып кетеді.

Ар-намыс, ұят туралы

Ақын бойына адамгершілік қана жарасады. Екеуінің біріне ақау түссе - алдымен ақындық өледі.

Адамгершілік туралы

Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі.

Адамгершілік туралы

Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.

Адамгершілік туралы

Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.

Адамгершілік туралы

Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері.

Адамгершілік туралы 

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы