Қандастар Ассамблея

Ғабит Мүсірепов

29.05.2013 3800
Мүсірепов Ғабит (1902-1985) — ұлы стилист жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі. «Қыз Жібек» операсының либреттосын жазған. «Қозы-Көрпеш — Баян сұлу» спектаклінің сценарийінің авторы. Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ қаламгерлері арасында күнделік жанрын алғашқылардың бірі болып пайдаланған. Қазақ театр өнерінің негізін салушылардың бірі.   Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді. Адам өмірі туралы Әр адамның өмірінде ұзақ күн, ұзақ түндері болады. Қысқа күн, қысқа түндері де болады. Адам өмірі туралы Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулықұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы. Ақыл-ой туралы Көз көргенді - ой таниды. Ақыл-ой туралы Ұшқыр ой, ізденгіш ой, тапқыр ой - ол бір адам. Құр кеуде, жұрттан көргенді өзімдікі дейтін, басқаның ойын иемденіп, іске асырарда көз шығарып, бас жаратын - бұл екінші адам. Ақыл-ой туралы Ой да - тұтқындалады. Ақыл-ой туралы Ақылдылықтың да пайдасы тиеді, ақымақтықтың да пайдасы тиеді:алғашқысын әр кезде күтесің, соңғысы өзі келіп ұрынады. Ақыл-ой туралы Ойға қонар ой өлмейді. Ақыл-ой туралы Ойға сепкенің - өспей қалмайды. Ақыл-ой туралы Көбіктің көлеңкесіндей ғана елес беретін ойлар болады. Ақыл-ой туралы Ойсыз сөзде - көркемдік те жоқ. Асыл сөз туралы Көркем сөз - жанның сәулесі. Асыл сөз туралы Көркем сөзі бар болғырдың өзін орақпен орып, күрекпен күреп алаалмайсың: оны бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің! Асыл сөз туралы Көркем сөз суықта да өседі, ыстықта да өседі, күндіз де өседі, түнде де өседі. Тек ақ мамық төсекте өспейді, әлпештеген алақанда өспейді.Сынсыз өспейді, талас-тартыссыз өспейді. Асыл сөз туралы Сөз қасиеті-көркемдігіне, ой қасиеті - шындығында. Асыл сөз туралы Көркем әдебиет деген ең әуелі жанды сөз, тек қана сыртқы емес, ішкі сөз. Адам жанын қозғай алар құдірет болмаса, төрт аяғын тең басқан өлеңнен де, сағымдай құлпырған қара сөзден де пайда жоқ. Асыл сөз туралы Көркем сөздің сұлулығы - сағымдай құлпырмасын, өзендей толқысын. Асыл сөз туралы Есті сөзді естігісі келмеген адам - саңырауға тең. Асыл сөз туралы Дүниеге алдымен келген сөз болады! Сөз!!! Асыл сөз туралы Сөзді қалай болса солай пайдалана берсең - сөздің де жүзі мұқалып, ұшы майырылады, айтайын дегенің құлаққа қонбайды. Асыл сөз туралы Асыл сөз атқан оқтай: жай кетпейді. Асыл сөз туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Мүсірепов Ғабит (1902-1985) — ұлы стилист жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі. «Қыз Жібек» операсының либреттосын жазған. «Қозы-Көрпеш — Баян сұлу» спектаклінің сценарийінің авторы. Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ қаламгерлері арасында күнделік жанрын алғашқылардың бірі болып пайдаланған. Қазақ театр өнерінің негізін салушылардың бірі.

 

Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.

Адам өмірі туралы

Әр адамның өмірінде ұзақ күн, ұзақ түндері болады. Қысқа күн, қысқа түндері де болады.

Адам өмірі туралы

Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулықұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.

Ақыл-ой туралы

Көз көргенді - ой таниды.

Ақыл-ой туралы

Ұшқыр ой, ізденгіш ой, тапқыр ой - ол бір адам. Құр кеуде, жұрттан көргенді өзімдікі дейтін, басқаның ойын иемденіп, іске асырарда көз шығарып, бас жаратын - бұл екінші адам.

Ақыл-ой туралы

Ой да - тұтқындалады.

Ақыл-ой туралы

Ақылдылықтың да пайдасы тиеді, ақымақтықтың да пайдасы тиеді:алғашқысын әр кезде күтесің, соңғысы өзі келіп ұрынады.

Ақыл-ой туралы

Ойға қонар ой өлмейді.

Ақыл-ой туралы

Ойға сепкенің - өспей қалмайды.

Ақыл-ой туралы

Көбіктің көлеңкесіндей ғана елес беретін ойлар болады.

Ақыл-ой туралы

Ойсыз сөзде - көркемдік те жоқ.

Асыл сөз туралы

Көркем сөз - жанның сәулесі.

Асыл сөз туралы

Көркем сөзі бар болғырдың өзін орақпен орып, күрекпен күреп алаалмайсың: оны бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің!

Асыл сөз туралы

Көркем сөз суықта да өседі, ыстықта да өседі, күндіз де өседі, түнде де өседі. Тек ақ мамық төсекте өспейді, әлпештеген алақанда өспейді.Сынсыз өспейді, талас-тартыссыз өспейді.

Асыл сөз туралы

Сөз қасиеті-көркемдігіне, ой қасиеті - шындығында.

Асыл сөз туралы

Көркем әдебиет деген ең әуелі жанды сөз, тек қана сыртқы емес, ішкі сөз. Адам жанын қозғай алар құдірет болмаса, төрт аяғын тең басқан өлеңнен де, сағымдай құлпырған қара сөзден де пайда жоқ.

Асыл сөз туралы

Көркем сөздің сұлулығы - сағымдай құлпырмасын, өзендей толқысын.

Асыл сөз туралы

Есті сөзді естігісі келмеген адам - саңырауға тең.

Асыл сөз туралы

Дүниеге алдымен келген сөз болады! Сөз!!!

Асыл сөз туралы

Сөзді қалай болса солай пайдалана берсең - сөздің де жүзі мұқалып, ұшы майырылады, айтайын дегенің құлаққа қонбайды.

Асыл сөз туралы

Асыл сөз атқан оқтай: жай кетпейді.

Асыл сөз туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы