Қандастар Ассамблея

Н.А.Аюби: Біздің арманымыз – Даниядан ҚР елшілігінің ашылуы

29.05.2013 2160
Жақында Париж қаласында өткен Еуропа қазақтарының кіші құрылтайында Еуропаның әр елінде тұрып, қазақ қоғамдарын құрған қандастарымызды әңгімеге тарттық. Солардың бірі – Даниядағы аз ағайынның басын қосып, олардың ұлттық мәдениеті мен ана тілінің дамуына үлес қосып, Қазақ-Дания достығының қоюлай түсуіне өз үлестерін қосып отырған қазақ қоғамының төрағасы Нұр Арман Аюби мырзамен сөйлестік. - Қай елде туылдыңыз? - Мен Ауғанстанда туылдым. - Балалық шағыңыз жайлы айтып берсеңіз? - Туған елім Ауғанстан жайлы есімде көп ештеңе жоқ. Төрт жасымда отбасымызбен Данияға көшіп келдік. Содан бергі өмірім осы елде өтуде. Жоғары оқу орнын оқып, экономика магистрі атандым. Қазір сол мамандығым бойынша Данияның ең үлкен киім фабрикасы IC компаниясында қызмет жасаймын. - Отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз? - Келіншегім Қарағандының тумасы. Екі ұл өсіріп отырмыз. - Балаларыңыз қай тілде сөйлейді? - Балаларым балабақшада дат тілінде сөйлесе, отбасында қазақша сөйлесеміз. - Қазақ еліне біржолата келу ойыыңыз бар ма? - Біз балаларымызды ертіп талай рет Қазақстанға бардық. Бірақ, қазірше көшіп бару ойымыз жоқ. Өзім 1991 жылдан бері атажұртқа кемінде 15 рет барған шығармын. Алайда, атажұртқа біржолата көшіп бару қиынырақ. Біз Данияда өстік, осы елдің өмір сүру салтына үйреніп қалдық. - Қазір Данияда қанша қазақ тұрады? - 55 отбасы тұрамыз. Бұндағы ағайындар негізінен 1983 жылы Ауғанстаннан келген. Қазірге барлығымыздың жағдайымыз жақсы. Тек қана шешілмеген бір мәселе бар. 10 жылдан бері Қазақстан тарапқа Даниядан елшілік немесе консул ашуды талап етіп келеміз. Уәде де берілген. Бірақ орындалмай келеді. - Сіз басқарып отырған Қазақ қоғамы ондағы аз қандасымыз үшін қандай жұмыстарды жасауда? - Біз бұл орталықты қазақ мәдениетін осындағы ағайындар арасында, әсіресе жастар арасында насихаттау, қазақ тілін дамыту және Дания-Қазақ қарым-қатынасасын нығайту мақсатында құрған болатынбыз. Бұл күнде сол мақсаттарымызды орындауға күш салып қана қоймай қазақстандық ұлттық мерекелерді де үзбей тойлап келеміз. - Әңгімеңізге рахмет!   Сұхбаттасқан Майгүл СҰЛТАН, BAQ.KZ  

Жақында Париж қаласында өткен Еуропа қазақтарының кіші құрылтайында Еуропаның әр елінде тұрып, қазақ қоғамдарын құрған қандастарымызды әңгімеге тарттық. Солардың бірі – Даниядағы аз ағайынның басын қосып, олардың ұлттық мәдениеті мен ана тілінің дамуына үлес қосып, Қазақ-Дания достығының қоюлай түсуіне өз үлестерін қосып отырған қазақ қоғамының төрағасы Нұр Арман Аюби мырзамен сөйлестік.

- Қай елде туылдыңыз?
- Мен Ауғанстанда туылдым.
- Балалық шағыңыз жайлы айтып берсеңіз?
- Туған елім Ауғанстан жайлы есімде көп ештеңе жоқ. Төрт жасымда отбасымызбен Данияға көшіп келдік. Содан бергі өмірім осы елде өтуде. Жоғары оқу орнын оқып, экономика магистрі атандым. Қазір сол мамандығым бойынша Данияның ең үлкен киім фабрикасы IC компаниясында қызмет жасаймын.
- Отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз?
- Келіншегім Қарағандының тумасы. Екі ұл өсіріп отырмыз.
- Балаларыңыз қай тілде сөйлейді?
- Балаларым балабақшада дат тілінде сөйлесе, отбасында қазақша сөйлесеміз.
- Қазақ еліне біржолата келу ойыыңыз бар ма?
- Біз балаларымызды ертіп талай рет Қазақстанға бардық. Бірақ, қазірше көшіп бару ойымыз жоқ. Өзім 1991 жылдан бері атажұртқа кемінде 15 рет барған шығармын. Алайда, атажұртқа біржолата көшіп бару қиынырақ. Біз Данияда өстік, осы елдің өмір сүру салтына үйреніп қалдық.
- Қазір Данияда қанша қазақ тұрады?
- 55 отбасы тұрамыз. Бұндағы ағайындар негізінен 1983 жылы Ауғанстаннан келген. Қазірге барлығымыздың жағдайымыз жақсы. Тек қана шешілмеген бір мәселе бар. 10 жылдан бері Қазақстан тарапқа Даниядан елшілік немесе консул ашуды талап етіп келеміз. Уәде де берілген. Бірақ орындалмай келеді.

- Сіз басқарып отырған Қазақ қоғамы ондағы аз қандасымыз үшін қандай жұмыстарды жасауда?
- Біз бұл орталықты қазақ мәдениетін осындағы ағайындар арасында, әсіресе жастар арасында насихаттау, қазақ тілін дамыту және Дания-Қазақ қарым-қатынасасын нығайту мақсатында құрған болатынбыз. Бұл күнде сол мақсаттарымызды орындауға күш салып қана қоймай қазақстандық ұлттық мерекелерді де үзбей тойлап келеміз.

- Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан Майгүл СҰЛТАН, BAQ.KZ

 

Ұқсас материалдар