Қандастар Ассамблея

Қонаев дәм татқан қазан

29.05.2013 2240
Қостанай шаһарының Красный Кузнец көшесі, 50-үйде тұратын 65 жастағы көпті көрген азамат Әбдірахман Бекмағанбет өзімен болған бір сырласуда Дінмұхамед Қонаев ағамыз кезінде дәм татқан қазанды көзінің қарашығындай сақтап отырғанын айтып қалды.   Бұл аңқылдақ мінезді Әбекеңнің Меңдіқара ауданындағы Красно­преснен елді мекенінде шаруа қожа­лығының жетекшісі болып жүрген кезі екен.  Қазақ болған соң, той-жиын, салт­анатты бас­қосу өтпей тұрмайды. Сон­дай кездері үлкен қазан кейде таптыра бермейді. Бір күні ол өз­деріне сондай кәдеге жарайтын зат­ты іздес­- тіре бастады. Бірде сол ауыл­дағы Батыр есімді  күйеу баласы­мен кездесіп, сөйлескенде осы маңда бау-бақша өсіретін Виталий Плешковтің үйінде дәу қазанның бар екенін айтып қалады.  Виталий аға мен зайыбы Алла Александровна ерлі-зайыптылар Әбекеңді жылы қарсы алып, «Сенің іздегенің бізден табылады. Бірақ ол жай қазан емес. Сонау бір жылдары белгілі ұлы тұлға Дінмұхамед Қонаевтың өзі дәм татқан қазан. Оған сенің ақшаң жетер ме екен?» дейді.  Әбекең: «Осы уақытқа дейін бар жиған-тер­генімді, бүкіл шаруашылығымды сатсам да өзі­ңіздің қолыңыздағы қазанды ырыммен сатып алуға дайынмын» деді шын пейілмен.  Орыс шалы Әбекеңді жанына ертіп алып, аулаға қарай бастайды. Әлгі іздеген қазан қора­ның бір шетінде ағаштан жасалған діңгектің үстіне қойылыпты. Беті темір қақпақпен жа­булы. Оның бір бүйіріндегі «1836 жыл» деген жазу мұның көзіне оттай басылды. Арада қан­шама жыл өтсе де темірді тот баспаған, іші-сырты тап-таза, тап-тұйнақтай. Қожайын­да­рының оған ерекше бір ұқыптылықпен, жа­на- шырлықпен қарағаны сезіледі.  Әбдірахман аға іздеген қазанын көзбен көріп, көңілі орнына түскен соң, Дінмұхамед Қонаевтың бұл ауылға қашан келгені және қандай жағдайда дәм татқаны жөнінде сұрағын да қойып үлгерді.  1968 жылдың қоңыр күзі еді. Бұл уақытта егін пісіп, ораққа түсе бастады. Ел басшысы об­лыстағы жауапты науқанның барысын көзімен көру үшін осында арнайы келген екен. Жергі­лікті атқамінерлер мәртебелі қонақты әлгі әң­гімеге арқау болған Краснопреснен елді ме­кеніндегі жасыл желекті бау-бақшаның ішінде түстік ас беру үшін дастарқан жаймақ болады. Алматыдан келіп отырған ұлы тұлғаны қарсы алып, құрмет көрсету мақсатында жергілікті азаматтардың бәрі де құрақ ұшып жүгіріп жүр.  Осы арада бір тоқтала кетер жай, Виталий ақсақал республиканың бірінші басшысын көп­тен бері бетпе-бет бір рет көруді армандайтын. Бірақ соның сәті түспейтін секілді көрінді. Алайда басшыларға оны айтуға бата алмады.  Шал көп аялдамастан өзінің сыйлас бір досының үйіне барып, шай үстінде сыр шерті­седі. Оның шаңырағы әлгі мәуесін төгіп тұрған бау-бақшаның жанында еді. Ол замандасының отбасында әңгімелері енді қыза берген сәтте, кенет сырттан: «Виталий Николаевич! Сізді партком хатшысы шұғыл шақырып жатыр! Тезірек есіктің алдына шығыңыз!» деген сөзді құлағы шалады. Шаруашылықтағы екінші басшысы шақырып жатқан соң, қалай шыдап отыр­сын. Дереу далаға атып шықты.  Хатшы: «Виталий Николаевич, мен де орын­­даушымын. Сізді мәртебелі Қонаевтың  өзі іздеп жатыр» деп сөзді қысқа қайырды.  Алматыдан келген мейманның жанында жүрген аудан басшысы мұны көрген соң: «Дін­мұхамед Ахметович! Сіз әлгінде іздеген кісіңіз де келіп қалды!» деп, мұны саусағымен нұс­қады.  Орыс мұжығы сол сәт өңім бе, түсім бе де­ген­дей, бір орнында абдырап тұрып қалды. Дәл алдындағы күнделікті газеттен оқып, суретін көріп жүрген Қонаевтың нақ өзі екендігіне көзі әбден жетті.  Бұл оған жақындаудың орнына бірінші хат­шының өзі қасына келіп, шынайы ықыласпен: «Мына үстелдегі қойылған жемістер осы бақта өсті дегенге, шынымды айтсам, сеніңкіремей тұрмын. Маған жасырмай бәрін де айт. Мынау көздің жауын алатын алма, алмұрт Алматыда өсетін жемістерден еш кем емес» деді.  Сол кезде қарсы алдында өзінің адал ең­бегімен күнін көріп жүрген маманның шын жү­ректен шыққан сөзіне сенген Дінмұхамед  аға диқанның қолын қысып: «Ризамын. Адал­дығыңыз үшін рақмет. Міне, осындай бейнет­қор кісілердің арқасында қазақтың құлазыған кең даласы жайнаған жасыл баққа айналды» деп мұның арқасынан қақты.  Әлгі шойын қазанға сол жолы бау-бақшаның ішінде ет асылып, одан мемлекет қайраткері дәм татты. Ол содан бері оны ешкімге бермей келген болатын. Әйтеуір Әбекеңе қалай көніп қалғанын өзі де сезбей қалды. Бұған келген­де жүрегі жібіп: «Саған берейін. Бірақ есіңде ұста, оны көзіңнің қарашығындай сақта. Қадірін біл!» деп қатты ескертті.  Содан бері өздері ғана емес, сол аймақтағы ағайындар да қара қазанның рахатын көрді. Жеміс-жидек қыс бойы дастарқан­да­рынан үзіл­ген жоқ. Соғымға келген қонақтар да дәмін татып, алғысын жаудырып жататын.  Осы әңгімені баяндап берген Әбдірахман аға Виталий Николаевичтан үлкен қазанды 2000 жылы көктем айында алған екен. Бекмағанбет­тер әулетіне Қонаев дәм татқан қазан құтты бол­ды. Тайқазанға 120 литр су кетеді. Осы уақыт­­қа дейін аталған шаңырақтағы тойлар­­-дың бәрінде де жұртшылыққа қызмет етті. Әбе­кеңнің жан жары қолы ашық, жүрегі жомарт Ұлдан жеңгеміз екеуі ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, үлкен қазандағы астан жұртқа ауыз тидірді.  Айтпақшы, осы қазанды бұларға сыйға тартқан Виталий Николаевич пен оның кемпірі Алла Александровнаның кейінгі тағдырына тоқталатын болсақ, олар сол баяғы бау-бақша­ның қасындағы үйлерінде жұрт қатарлы ғұмыр кешіп жатыр.  Жақында Әбдірахман ағамен тағы да жо­лықтым. Ол да кітап жазып, шығармашылықтың барлық тауқыметін бастан кешіріп жүрген асыл ағаларымыздың бірі құнды жәдігерді облыс орталығындағы мұражайлардың біріне тап­сырмақ ниеті бар екендігін айтты. Оразалы ЖАҚСАНОВ, "Айқын"

Қостанай шаһарының Красный Кузнец көшесі, 50-үйде тұратын 65 жастағы көпті көрген азамат Әбдірахман Бекмағанбет өзімен болған бір сырласуда Дінмұхамед Қонаев ағамыз кезінде дәм татқан қазанды көзінің қарашығындай сақтап отырғанын айтып қалды.  

Бұл аңқылдақ мінезді Әбекеңнің Меңдіқара ауданындағы Красно­преснен елді мекенінде шаруа қожа­лығының жетекшісі болып жүрген кезі екен. 

Қазақ болған соң, той-жиын, салт­анатты бас­қосу өтпей тұрмайды. Сон­дай кездері үлкен қазан кейде таптыра бермейді. Бір күні ол өз­деріне сондай кәдеге жарайтын зат­ты іздес­-
тіре бастады. Бірде сол ауыл­дағы Батыр есімді 
күйеу баласы­мен кездесіп, сөйлескенде осы маңда бау-бақша өсіретін Виталий Плешковтің үйінде дәу қазанның бар екенін айтып қалады. 
Виталий аға мен зайыбы Алла Александровна ерлі-зайыптылар Әбекеңді жылы қарсы алып, «Сенің іздегенің бізден табылады. Бірақ ол жай қазан емес. Сонау бір жылдары белгілі ұлы тұлға Дінмұхамед Қонаевтың өзі дәм татқан қазан. Оған сенің ақшаң жетер ме екен?» дейді. 
Әбекең: «Осы уақытқа дейін бар жиған-тер­генімді, бүкіл шаруашылығымды сатсам да өзі­ңіздің қолыңыздағы қазанды ырыммен сатып алуға дайынмын» деді шын пейілмен. 
Орыс шалы Әбекеңді жанына ертіп алып, аулаға қарай бастайды. Әлгі іздеген қазан қора­ның бір шетінде ағаштан жасалған діңгектің үстіне қойылыпты. Беті темір қақпақпен жа­булы. Оның бір бүйіріндегі «1836 жыл» деген жазу мұның көзіне оттай басылды. Арада қан­шама жыл өтсе де темірді тот баспаған, іші-сырты тап-таза, тап-тұйнақтай. Қожайын­да­рының оған ерекше бір ұқыптылықпен, жа­на-
шырлықпен қарағаны сезіледі. 
Әбдірахман аға іздеген қазанын көзбен көріп, көңілі орнына түскен соң, Дінмұхамед Қонаевтың бұл ауылға қашан келгені және қандай жағдайда дәм татқаны жөнінде сұрағын да қойып үлгерді. 
1968 жылдың қоңыр күзі еді. Бұл уақытта егін пісіп, ораққа түсе бастады. Ел басшысы об­лыстағы жауапты науқанның барысын көзімен көру үшін осында арнайы келген екен. Жергі­лікті атқамінерлер мәртебелі қонақты әлгі әң­гімеге арқау болған Краснопреснен елді ме­кеніндегі жасыл желекті бау-бақшаның ішінде түстік ас беру үшін дастарқан жаймақ болады. Алматыдан келіп отырған ұлы тұлғаны қарсы алып, құрмет көрсету мақсатында жергілікті азаматтардың бәрі де құрақ ұшып жүгіріп жүр. 
Осы арада бір тоқтала кетер жай, Виталий ақсақал республиканың бірінші басшысын көп­тен бері бетпе-бет бір рет көруді армандайтын. Бірақ соның сәті түспейтін секілді көрінді. Алайда басшыларға оны айтуға бата алмады. 
Шал көп аялдамастан өзінің сыйлас бір досының үйіне барып, шай үстінде сыр шерті­седі. Оның шаңырағы әлгі мәуесін төгіп тұрған бау-бақшаның жанында еді. Ол замандасының отбасында әңгімелері енді қыза берген сәтте, кенет сырттан: «Виталий Николаевич! Сізді партком хатшысы шұғыл шақырып жатыр! Тезірек есіктің алдына шығыңыз!» деген сөзді құлағы шалады. Шаруашылықтағы екінші басшысы шақырып жатқан соң, қалай шыдап отыр­сын. Дереу далаға атып шықты. 
Хатшы: «Виталий Николаевич, мен де орын­­даушымын. Сізді мәртебелі Қонаевтың 
өзі іздеп жатыр» деп сөзді қысқа қайырды. 
Алматыдан келген мейманның жанында жүрген аудан басшысы мұны көрген соң: «Дін­мұхамед Ахметович! Сіз әлгінде іздеген кісіңіз де келіп қалды!» деп, мұны саусағымен нұс­қады. 
Орыс мұжығы сол сәт өңім бе, түсім бе де­ген­дей, бір орнында абдырап тұрып қалды. Дәл алдындағы күнделікті газеттен оқып, суретін көріп жүрген Қонаевтың нақ өзі екендігіне көзі әбден жетті. 
Бұл оған жақындаудың орнына бірінші хат­шының өзі қасына келіп, шынайы ықыласпен: «Мына үстелдегі қойылған жемістер осы бақта өсті дегенге, шынымды айтсам, сеніңкіремей тұрмын. Маған жасырмай бәрін де айт. Мынау көздің жауын алатын алма, алмұрт Алматыда өсетін жемістерден еш кем емес» деді. 
Сол кезде қарсы алдында өзінің адал ең­бегімен күнін көріп жүрген маманның шын жү­ректен шыққан сөзіне сенген Дінмұхамед 
аға диқанның қолын қысып: «Ризамын. Адал­дығыңыз үшін рақмет. Міне, осындай бейнет­қор кісілердің арқасында қазақтың құлазыған кең даласы жайнаған жасыл баққа айналды» деп мұның арқасынан қақты. 
Әлгі шойын қазанға сол жолы бау-бақшаның ішінде ет асылып, одан мемлекет қайраткері дәм татты. Ол содан бері оны ешкімге бермей келген болатын. Әйтеуір Әбекеңе қалай көніп қалғанын өзі де сезбей қалды. Бұған келген­де жүрегі жібіп: «Саған берейін. Бірақ есіңде ұста, оны көзіңнің қарашығындай сақта. Қадірін біл!» деп қатты ескертті. 
Содан бері өздері ғана емес, сол аймақтағы ағайындар да қара қазанның рахатын көрді. Жеміс-жидек қыс бойы дастарқан­да­рынан үзіл­ген жоқ. Соғымға келген қонақтар да дәмін татып, алғысын жаудырып жататын. 
Осы әңгімені баяндап берген Әбдірахман аға Виталий Николаевичтан үлкен қазанды 2000 жылы көктем айында алған екен. Бекмағанбет­тер әулетіне Қонаев дәм татқан қазан құтты бол­ды. Тайқазанға 120 литр су кетеді. Осы уақыт­­қа дейін аталған шаңырақтағы тойлар­­-дың бәрінде де жұртшылыққа қызмет етті. Әбе­кеңнің жан жары қолы ашық, жүрегі жомарт Ұлдан жеңгеміз екеуі ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, үлкен қазандағы астан жұртқа ауыз тидірді. 
Айтпақшы, осы қазанды бұларға сыйға тартқан Виталий Николаевич пен оның кемпірі Алла Александровнаның кейінгі тағдырына тоқталатын болсақ, олар сол баяғы бау-бақша­ның қасындағы үйлерінде жұрт қатарлы ғұмыр кешіп жатыр. 
Жақында Әбдірахман ағамен тағы да жо­лықтым. Ол да кітап жазып, шығармашылықтың барлық тауқыметін бастан кешіріп жүрген асыл ағаларымыздың бірі құнды жәдігерді облыс орталығындағы мұражайлардың біріне тап­сырмақ ниеті бар екендігін айтты.

Оразалы ЖАҚСАНОВ, "Айқын"


Ұқсас материалдар