Шәкәрім Құдайбердіұлы

28.05.2013 4818
Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) — ақын, философ, аудармашы. Туған жері - Семейдегі Шыңғыстау өңірі. Шығыс пен Батыс әдебиетін, философиясын жақсы білген. А. Толстоймен хат жазысып тұрған. Өлеңдерінің танымдық, тағлымдық сипаты зор. Терең ойшылдық түйіндер жасайтын тұстарында дала даналығының биік өресі мен өзгеше сипаттары айқын көрінеді.   Тәтті сөзі - балдай, насихаты - шамдай. Асыл сөз туралы Дәлелсіз сөз - соққан жел, ұшқан тозаң. Асыл сөз туралы Байлық пен мансап-мақтан - арман емес. Байлық-кедейлік туралы Арамнан жиған бос мақтан - дәулет емес. Байлық-кедейлік туралы Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру - кедейдіеріншектікке, еңбексіз мал табуға дағдыландырып жіберетін жол. Байлық-кедейлік туралы Ақы алып ғылым үйретпек - шариғатқа жат. Ғылым-білім, өнер туралы Дүниені түзетуші де һәм бұзушы да - бір ғылым. Ғылым-білім, өнер туралы Ғылымға қанағатсыз болу керек. Ғылым-білім, өнер туралы Мені ерте оятқан - Шығыс жыры. Ғылым-білім, өнер туралы Танбаймын - шәкіртімін Толстойдың. Ғылым-білім, өнер туралы Жасымнан жетік білдім түрік тілін, Сол тілге аударылған барлық білім. Ғылым-білім, өнер туралы Ғылым - кенің, ауырсаң - емің. Ғылым-білім, өнер туралы Жұқпайды екен айтқан сөз. Ғылымы жоқ наданға. Ғылым-білім, өнер туралы Саңырау мен наданға, Естіле ме құр айқай. Емделмеген адамға, Ем бола ма құр ойбай. Ел құлағын, көзін аш, Оқу оқыт, ғылым жай. Ғылым-білім, өнер туралы Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң - шын бақыт осы. Ғылым-білім, өнер туралы Қазақтың жайнар даласы, Жетілер оқып баласы. Шошытатын мені сол - Олардың күндес, таласы. Ғылым-білім, өнер туралы Наданның көзі - соқыр, көңілі - қар                                          Ғылым-білім, өнер туралы Барлық ғылым қиялдан, ойлаудан туған                                                      Ғылым-білім, өнер туралы Оқу-білім үйренген адам өнерлі келетіні рас. Бірақ оны қандай іске, қай мақсатқа жұмсамақ? Үйренген ғылымымен түрлі қару жасап, улы газдар тауып, басқа адамдарға аң есебінде оқ атып, әлсізді құл етіп, жердің бетін адам қанына бөктірушілер де бар ғой! Ең өнерлі, білімдіге саналатынАмерика, Англия елдеріне қараңыз. Ғылым-білім, өнер туралы Білім беру саласында «ар білімі» деген білім оқытылуға тиіс депойлаймын.        Ғылым-білім, өнер туралы Көңіліне бір қылығың сыймаса, кейде жүз жылдық досың бір күндежауыңа айналады.   Достық туралы Шын дос - жақсылықты ұмытпаған дос. Достық туралы Доссыз өмір - шоғы жоқ қара көмір. Достық туралы Анық бақ: кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек. Еңбек туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) — ақын, философ, аудармашы. Туған жері - Семейдегі Шыңғыстау өңірі. Шығыс пен Батыс әдебиетін, философиясын жақсы білген. А. Толстоймен хат жазысып тұрған. Өлеңдерінің танымдық, тағлымдық сипаты зор. Терең ойшылдық түйіндер жасайтын тұстарында дала даналығының биік өресі мен өзгеше сипаттары айқын көрінеді.

 

Тәтті сөзі - балдай, насихаты - шамдай.

Асыл сөз туралы

Дәлелсіз сөз - соққан жел, ұшқан тозаң.

Асыл сөз туралы

Байлық пен мансап-мақтан - арман емес.

Байлық-кедейлік туралы

Арамнан жиған бос мақтан - дәулет емес.

Байлық-кедейлік туралы

Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру - кедейдіеріншектікке, еңбексіз мал табуға дағдыландырып жіберетін жол.

Байлық-кедейлік туралы

Ақы алып ғылым үйретпек - шариғатқа жат.

Ғылым-білім, өнер туралы

Дүниені түзетуші де һәм бұзушы да - бір ғылым.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ғылымға қанағатсыз болу керек.

Ғылым-білім, өнер туралы

Мені ерте оятқан - Шығыс жыры.

Ғылым-білім, өнер туралы

Танбаймын - шәкіртімін Толстойдың.

Ғылым-білім, өнер туралы

Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

Сол тілге аударылған барлық білім.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ғылым - кенің, ауырсаң - емің.

Ғылым-білім, өнер туралы

Жұқпайды екен айтқан сөз.

Ғылымы жоқ наданға.

Ғылым-білім, өнер туралы

Саңырау мен наданға,

Естіле ме құр айқай.

Емделмеген адамға,

Ем бола ма құр ойбай.

Ел құлағын, көзін аш,

Оқу оқыт, ғылым жай.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң - шын бақыт осы.

Ғылым-білім, өнер туралы

Қазақтың жайнар даласы,

Жетілер оқып баласы.

Шошытатын мені сол -

Олардың күндес, таласы.

Ғылым-білім, өнер туралы

Наданның көзі - соқыр, көңілі - қар                                         

Ғылым-білім, өнер туралы

Барлық ғылым қиялдан, ойлаудан туған                                                     

Ғылым-білім, өнер туралы

Оқу-білім үйренген адам өнерлі келетіні рас. Бірақ оны қандай іске, қай мақсатқа жұмсамақ? Үйренген ғылымымен түрлі қару жасап, улы газдар тауып, басқа адамдарға аң есебінде оқ атып, әлсізді құл етіп, жердің бетін адам қанына бөктірушілер де бар ғой! Ең өнерлі, білімдіге саналатынАмерика, Англия елдеріне қараңыз.

Ғылым-білім, өнер туралы

Білім беру саласында «ар білімі» деген білім оқытылуға тиіс депойлаймын.       

Ғылым-білім, өнер туралы

Көңіліне бір қылығың сыймаса, кейде жүз жылдық досың бір күндежауыңа айналады.  

Достық туралы

Шын дос - жақсылықты ұмытпаған дос.

Достық туралы

Доссыз өмір - шоғы жоқ қара көмір.

Достық туралы

Анық бақ: кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек.

Еңбек туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы