Қандастар Ассамблея

Цирк, «Хан шатыр»

27.05.2013 3106
Цирк Астанада бейнебір ұшатын тәрелке пайда болды. Осында 2 000 орынды астаналық цирк орналасты. Жаңа ғимараттың жаңа ұжымы елордалықтарды тамаша өнерімен баурап алды. Акробаттар, аң үйретушілер, әуе гимнасшылары, әрине майрампаздар, бірінен бірі өтеді. Цирк өнерін тамашалаған кішілер де, үлкендер де мәз-майрам. Африкалық жолбарыстар, ойнақшыған пони аттар, күлкі тудырар маймылдар мен сүйсінтер күшіктер өнері де балақайларды шаттандырып, езу жиғызбайды. Цирк барлық заманауи талапқа сай келеді.  Арена диаметрі 13 метр, ал манеж алаңы керек кезінде мұз айдынына айналып шыға келеді.   «Хан шатыр» «Хан шатыр» орталығының 127 мың шаршы метр аумақты құрайтын жабық алаңы алты қабаттан тұрады. Құрылыс нысаны бүкіл әлемнің қызығушылығын өзіне аударды. Себебі, шатырды салу барысында көптеген технологиялар мен материалдар әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет пайдаланылған. Нысан құрылысын ағылшындық «Foster & Pathers» фирмасы жобаласа, негізгі құрлыс жұмыстарын жүргізген түріктің «Sembol Insaat» компаниясы. Хан шатыр қала ішіндегі қала іспетті. Мұндағы климат та өзгеше, температура ішкі автоматика арқылы реттеледі. Арнаулы жапқыштар мен желдеткіш қондырғылар Сарыарқаның құбылмалы ауа-райында кешен температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Монако, Гонконго, Париж, Берлин, Жапонияның Сигайя қалаларында кездесетін жасанды жағажай «Хан шатырдың» жоғарғы қабатында орналасқан. Мұнда түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл желектің түр түрін кездестіресіз. Шатыр күн сәулесін өзіне барынша сіңіретін қасиетке ие. Ғимарат ішінде тал-теректер сол сәуле арқылы жайқала өсіп тұр. Мұндағы пальмалар мен бұрын –соңды біз көрмеген ағаш түрлерін Испания, Италия елдерінен әкелген. Жасанды жағажайда Суға түсетін үш бассейн бар. Толқынды бассаейнге түскен жан кәдімгі теңіз толқынында жүзіп жүргендей әсер алады. Ал, балалар бассейніне су сырғанақтары орнатылған.суы жылы, аса терең де емес, бір жарым метрдей. Ал, ересектер бассейнінің суы тастай қабылдай алады. Күніне 100 адамнан кем келмейді. Суға түсуден бөлек, жағажай құмында футбол, волейбол ойнаға болады. Ол үшін арнайы алаң қарастырылған. Тамақтану орындары, киіну бөлмесі де бар. Теңіз суына түсіп, құмына қыздырынып жатуды армандап жүрген жандар үшін бұл ара таптырмайтын демалыс орны. Бұдан бөлек мөлдір шатыр күмбезі астына гольф ойнауға арналған алаңқай, шағын көлшік, тропикалық және ботаникалық бақтар, бүркенішті жағажай, концерт залдары, түнгі клуб, кинотеатрлар, сауда орталығымен қоса 5 жұлдызды қонақ үй жайғасқан. Бұларға 700 орынды ішкі автотұрақ қосыңыз. Бәрін тізе беруге тіл жетпес. Бұл жерде бір мезгілде 10 мыңнан астам адам бола алады. Кешен қазірдің өзінде өзінде әлемдегі аса ірі сауда орталықтарының бірі аталып отыр.     Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)


Цирк

Астанада бейнебір ұшатын тәрелке пайда болды. Осында 2 000 орынды астаналық цирк орналасты. Жаңа ғимараттың жаңа ұжымы елордалықтарды тамаша өнерімен баурап алды. Акробаттар, аң үйретушілер, әуе гимнасшылары, әрине майрампаздар, бірінен бірі өтеді. Цирк өнерін тамашалаған кішілер де, үлкендер де мәз-майрам. Африкалық жолбарыстар, ойнақшыған пони аттар, күлкі тудырар маймылдар мен сүйсінтер күшіктер өнері де балақайларды шаттандырып, езу жиғызбайды.

Цирк барлық заманауи талапқа сай келеді.  Арена диаметрі 13 метр, ал манеж алаңы керек кезінде мұз айдынына айналып шыға келеді.

 

«Хан шатыр»

«Хан шатыр» орталығының 127 мың шаршы метр аумақты құрайтын жабық алаңы алты қабаттан тұрады. Құрылыс нысаны бүкіл әлемнің қызығушылығын өзіне аударды. Себебі, шатырды салу барысында көптеген технологиялар мен материалдар әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет пайдаланылған.

Нысан құрылысын ағылшындық «Foster & Pathers» фирмасы жобаласа, негізгі құрлыс жұмыстарын жүргізген түріктің «Sembol Insaat» компаниясы.

Хан шатыр қала ішіндегі қала іспетті. Мұндағы климат та өзгеше, температура ішкі автоматика арқылы реттеледі. Арнаулы жапқыштар мен желдеткіш қондырғылар Сарыарқаның құбылмалы ауа-райында кешен температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Монако, Гонконго, Париж, Берлин, Жапонияның Сигайя қалаларында кездесетін жасанды жағажай «Хан шатырдың» жоғарғы қабатында орналасқан. Мұнда түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл желектің түр түрін кездестіресіз. Шатыр күн сәулесін өзіне барынша сіңіретін қасиетке ие. Ғимарат ішінде тал-теректер сол сәуле арқылы жайқала өсіп тұр. Мұндағы пальмалар мен бұрын –соңды біз көрмеген ағаш түрлерін Испания, Италия елдерінен әкелген. Жасанды жағажайда Суға түсетін үш бассейн бар. Толқынды бассаейнге түскен жан кәдімгі теңіз толқынында жүзіп жүргендей әсер алады. Ал, балалар бассейніне су сырғанақтары орнатылған.суы жылы, аса терең де емес, бір жарым метрдей. Ал, ересектер бассейнінің суы тастай қабылдай алады. Күніне 100 адамнан кем келмейді. Суға түсуден бөлек, жағажай құмында футбол, волейбол ойнаға болады. Ол үшін арнайы алаң қарастырылған. Тамақтану орындары, киіну бөлмесі де бар. Теңіз суына түсіп, құмына қыздырынып жатуды армандап жүрген жандар үшін бұл ара таптырмайтын демалыс орны. Бұдан бөлек мөлдір шатыр күмбезі астына гольф ойнауға арналған алаңқай, шағын көлшік, тропикалық және ботаникалық бақтар, бүркенішті жағажай, концерт залдары, түнгі клуб, кинотеатрлар, сауда орталығымен қоса 5 жұлдызды қонақ үй жайғасқан. Бұларға 700 орынды ішкі автотұрақ қосыңыз. Бәрін тізе беруге тіл жетпес. Бұл жерде бір мезгілде 10 мыңнан астам адам бола алады. Кешен қазірдің өзінде өзінде әлемдегі аса ірі сауда орталықтарының бірі аталып отыр.    

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Ұқсас материалдар