Қандастар Ассамблея

«Қазақстан» орталық концерт залы, «Думан» - дархан даладағы мұхит тамшысы

27.05.2013 3700
 «Қазақстан» орталық концерт залы «Қазақстан» орталық концерт залы – заманауи технологияларға негізделген және түрлі көлемдегі іс-шараларды: мерекелік және ресми жиналыстар, отандық және шетелдік жұлдыздардың концерттері, конференциялар, тұсаукесерлер, жиналыстар мен көрмелерді өткізуге лайық қаламыздың Бас кешені. Астананың әкімшілік орталығында орналасқан ғимаратқа бірегей архитектуралық құрылысы жағынан да, көлемі жағынан да тең келетін нысан қаламызда, жалры елімізде кемде-кем. «Қазақстан» Орталық концерт залы – астаналықтар мен қала қонақтарына мәдени жағынан баюы мен бос уақытын тиімді өткізуіне сеп болатын демалу орны.   «Думан» - дархан даладағы мұхит тамшысы Астана елордалар ауысуының батыл қадамы ғана емес, тың сәулетшілік идеялар мен нақты шаралардың қаласы. Шаһар бүгінде небір өткір ойлар мен таңқаларлық нәтижелердің шаңырағына айналған. Мұның жарқын дәлелдердің бірі ретінде «Думан» ойын-сауық кешенін айтуға болады. Ол шын мәнінде Ұлы даладағы мұхит тамшысы, жаһандық айдынның Астанаға жеткен толқыны. Кешеннің басты мақтанышы – тропикалық бақтары бар Мұхитарал. Ондағы аквариумның жалпы аумағы – 13 252 шаршы метр. Нысан ТМД көлемінде ең бірінші болып ашылған. Мұнда Оңтүстік Америка және оңтүстік-шығыс Азиядағы тұщы сулардың, жағалау мандарының тұңғиықтар мен маржан рифтердің жәндіктері тіршілік етуде.  Мұхаитарал түбі жылжымалы жолмен және қалыңдығы жеті сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізбен жабдықталған. Көлемі үлкен екі көрме залына аумағы әртүрлі 11 аквариум қойылған. Осы су асты әлемінде 100 түрлі 2500-дей балықтар бар. Олар – аққулар мен теңіз алабұғалары, үлкен патшабалықтары, жарқанатбалықтар, үйірімен жүретін балықтар, теңіз жұлдыздары, ершік шаяндар.  Теңіз мекендеушілері 3 миллион литр суда тіршілік етеді. Ашылған жылдары Мұхитаралдағы осыншама су қорын теңіз суының құрамына жеткізу үшін 120 тонна теңіз тұзы қолданылған. Аквариум – океанариумның күнделікті тіршілігін арнайы қондырғы реттеп отырады. Мұхитаралды аралау шектелмеген, сондықтан қонақтардың балықтар мекендейтін Аквариумдардағы мекендеушілердің күнделікті тіршілігін ұзақ уақыт тамашалауға мүмкіндіктері мол. «Думан» ойын-сауық орталығы ғимаратына орналасқан 3D кинотеатр, дәмханалар тізбегі мен сауда залдары, «Джунгли аниматроникстер театры» Астананың тағы бір ғажайып мақтанышына айналып үлгерді. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)


 «Қазақстан» орталық концерт залы

«Қазақстан» орталық концерт залы – заманауи технологияларға негізделген және түрлі көлемдегі іс-шараларды: мерекелік және ресми жиналыстар, отандық және шетелдік жұлдыздардың концерттері, конференциялар, тұсаукесерлер, жиналыстар мен көрмелерді өткізуге лайық қаламыздың Бас кешені.

Астананың әкімшілік орталығында орналасқан ғимаратқа бірегей архитектуралық құрылысы жағынан да, көлемі жағынан да тең келетін нысан қаламызда, жалры елімізде кемде-кем.

«Қазақстан» Орталық концерт залы – астаналықтар мен қала қонақтарына мәдени жағынан баюы мен бос уақытын тиімді өткізуіне сеп болатын демалу орны.

 

«Думан» - дархан даладағы мұхит тамшысы

Астана елордалар ауысуының батыл қадамы ғана емес, тың сәулетшілік идеялар мен нақты шаралардың қаласы. Шаһар бүгінде небір өткір ойлар мен таңқаларлық нәтижелердің шаңырағына айналған. Мұның жарқын дәлелдердің бірі ретінде «Думан» ойын-сауық кешенін айтуға болады. Ол шын мәнінде Ұлы даладағы мұхит тамшысы, жаһандық айдынның Астанаға жеткен толқыны.

Кешеннің басты мақтанышы – тропикалық бақтары бар Мұхитарал. Ондағы аквариумның жалпы аумағы – 13 252 шаршы метр. Нысан ТМД көлемінде ең бірінші болып ашылған. Мұнда Оңтүстік Америка және оңтүстік-шығыс Азиядағы тұщы сулардың, жағалау мандарының тұңғиықтар мен маржан рифтердің жәндіктері тіршілік етуде.  Мұхаитарал түбі жылжымалы жолмен және қалыңдығы жеті сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізбен жабдықталған. Көлемі үлкен екі көрме залына аумағы әртүрлі 11 аквариум қойылған. Осы су асты әлемінде 100 түрлі 2500-дей балықтар бар. Олар – аққулар мен теңіз алабұғалары, үлкен патшабалықтары, жарқанатбалықтар, үйірімен жүретін балықтар, теңіз жұлдыздары, ершік шаяндар.  Теңіз мекендеушілері 3 миллион литр суда тіршілік етеді. Ашылған жылдары Мұхитаралдағы осыншама су қорын теңіз суының құрамына жеткізу үшін 120 тонна теңіз тұзы қолданылған. Аквариум – океанариумның күнделікті тіршілігін арнайы қондырғы реттеп отырады. Мұхитаралды аралау шектелмеген, сондықтан қонақтардың балықтар мекендейтін Аквариумдардағы мекендеушілердің күнделікті тіршілігін ұзақ уақыт тамашалауға мүмкіндіктері мол.

«Думан» ойын-сауық орталығы ғимаратына орналасқан 3D кинотеатр, дәмханалар тізбегі мен сауда залдары, «Джунгли аниматроникстер театры» Астананың тағы бір ғажайып мақтанышына айналып үлгерді.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Ұқсас материалдар