Қандастар Ассамблея

«Хазірет Сұлтан» мешіті, Ислам мәдени орталығы

27.05.2013 6496
«Хазірет Сұлтан» мешіті Мешіт Қазақ ұлттық өнер университеті, Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәу­ел­сіздік сарайы мен «Қазақ елі» монументі орнатылған алаң, сон­дай-ақ жаңадан салынып жатқан Археология және этнография мұ­ра­жайы орын тепкен елорданың қала құрылысы ансамблінің сол­түс­тік-шығыс бөлігіне орна­лас­қан. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өр­нектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық исламдық стильде орындалған. Ғимараттың жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метр. Мешітте ғибадатхана залдары, дәрет алуға және неке қиюға арналған бөлимелер, Құран оқуға және оқу-ағартушлық топтың сабақ оқуына арналған залдар бар. «Хазірет Сұлтан» мешітінің үлкен залына бес мыңға дейін адам еркін сияды. Бас күмбезінің биіктігі – 51 м., диаметрі – 28,1 м. Мешіттің төрт мұнарасының биіктігі – 77 м. Жаңа мешіт заманауи әлемдік архитктуралық тәжірибесінің барлық талаптарына жауап береді.   Ислам мәдени орталығы 199 жылдың сәуір айында Тәуелсіз мемлекетімізге тұңғыш рет ресми сапармен қатар мемлекетінің Әміршісі Хамада Бин Халифа келген болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жоғарғы деңгейде өткен кездесу барысында Астанада Ислам мәдени орталығын салу жөнінде келісім жасалды. Қатар мемлекетінің басшысы Бас мешіттің құрылысы үшін Қазақстанға қайтарымсыз 6840000 АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуге уәде берді. Астана қаласының әкімдігі Есілдің сол жақ жағалауынан мешіт құрылысына 6,225 га жер бөлді. 2002 жылдың тамыз айында бас мердігер – «Пасинер Эндустрель Тэсислер Санаий ВеТиджарет АШ» түрік компаниясының Қазақстандағы филиалы мешіт құрылысын бастады. «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағындағы инвесторлар мен құрылысшылардың қарқынды жұмыстарының нәтижесінде 2 жыл 7 ай мерзім ішінде Бас қаланың Бас мешіті пайдалануға берілді. 2005 жылғы наурыз мерекесі күні ғимаратты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Елбасы 1994 жылы Сауд Арабиясына барған ресми сапарында Король Фаһд бин Әбдел Әзиз ерекше құрметінің белгісі ретінде сыйға тартқан қасиетті Қағбаның жабуы – Қисуаның бір бөлігін және Меккеде басылған Құран Кәрімді мешітке тапсырды.   «Нұр-Астана» мешітінің жобасын ливандық сәулетші Чарльз Хазифа жасады. Мұнда бір мезгілде 5000 адам намазға тұра алады. Алып ғибадатхананың архитектуралық ерекшеліктері ден мақтаныш сезімін тудырады. Бас күмбезінің биіктігі – 43 метр, аспанға тік шаншылған төрт мұнарасының әрқайсысының биіктігі – 63 метр. Бұдан басқа 25 кіші күмбездері және бар. Ал мешіт орналасқан жер көлемі 6,3 гектарды құрайды. Ғибадатхананың жалпы алаңы 3930 шаршы метр. Бөлек жабдықталған ерлер мен әйелдердің намаз оқитын залдарының аумағы 2 мың шаршы метрдей. Мешіттің маңында аумағы 1800 метр екі фонтан, автокөлік үшін екі автотұрақ, демалыс алаңдары бар. Жаздыкүні гүлге оранған алаңдар көз жауын алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен ғибадатханаға «Нұр-Астана орталық мешіті» деген ат берілді. Астана әуежайынан қалаға, шаһардан әуежайға қатынайтын жұрт міндетті түрде Бас мешіттің батыс жағындағы даңғыл арқылы өтеді. Астананың көрікті аймағына қоныс тепкен рухани ғимарат – келген мейман, сапарға шыққан жолаушы жүрегіне ізгіліктің нұрын ұялатып, имандылық рухын асқақтата түседі.   Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)


«Хазірет Сұлтан» мешіті

Мешіт Қазақ ұлттық өнер университеті, Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәу­ел­сіздік сарайы мен «Қазақ елі» монументі орнатылған алаң, сон­дай-ақ жаңадан салынып жатқан Археология және этнография мұ­ра­жайы орын тепкен елорданың қала құрылысы ансамблінің сол­түс­тік-шығыс бөлігіне орна­лас­қан. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өр­нектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық исламдық стильде орындалған. Ғимараттың жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метр. Мешітте ғибадатхана залдары, дәрет алуға және неке қиюға арналған бөлимелер, Құран оқуға және оқу-ағартушлық топтың сабақ оқуына арналған залдар бар. «Хазірет Сұлтан» мешітінің үлкен залына бес мыңға дейін адам еркін сияды. Бас күмбезінің биіктігі – 51 м., диаметрі – 28,1 м. Мешіттің төрт мұнарасының биіктігі – 77 м. Жаңа мешіт заманауи әлемдік архитктуралық тәжірибесінің барлық талаптарына жауап береді.

 

Ислам мәдени орталығы

199 жылдың сәуір айында Тәуелсіз мемлекетімізге тұңғыш рет ресми сапармен қатар мемлекетінің Әміршісі Хамада Бин Халифа келген болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жоғарғы деңгейде өткен кездесу барысында Астанада Ислам мәдени орталығын салу жөнінде келісім жасалды. Қатар мемлекетінің басшысы Бас мешіттің құрылысы үшін Қазақстанға қайтарымсыз 6840000 АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуге уәде берді.

Астана қаласының әкімдігі Есілдің сол жақ жағалауынан мешіт құрылысына 6,225 га жер бөлді. 2002 жылдың тамыз айында бас мердігер – «Пасинер Эндустрель Тэсислер Санаий ВеТиджарет АШ» түрік компаниясының Қазақстандағы филиалы мешіт құрылысын бастады. «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағындағы инвесторлар мен құрылысшылардың қарқынды жұмыстарының нәтижесінде 2 жыл 7 ай мерзім ішінде Бас қаланың Бас мешіті пайдалануға берілді.

2005 жылғы наурыз мерекесі күні ғимаратты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

Елбасы 1994 жылы Сауд Арабиясына барған ресми сапарында Король Фаһд бин Әбдел Әзиз ерекше құрметінің белгісі ретінде сыйға тартқан қасиетті Қағбаның жабуы – Қисуаның бір бөлігін және Меккеде басылған Құран Кәрімді мешітке тапсырды.  

«Нұр-Астана» мешітінің жобасын ливандық сәулетші Чарльз Хазифа жасады. Мұнда бір мезгілде 5000 адам намазға тұра алады. Алып ғибадатхананың архитектуралық ерекшеліктері ден мақтаныш сезімін тудырады. Бас күмбезінің биіктігі – 43 метр, аспанға тік шаншылған төрт мұнарасының әрқайсысының биіктігі – 63 метр. Бұдан басқа 25 кіші күмбездері және бар. Ал мешіт орналасқан жер көлемі 6,3 гектарды құрайды. Ғибадатхананың жалпы алаңы 3930 шаршы метр. Бөлек жабдықталған ерлер мен әйелдердің намаз оқитын залдарының аумағы 2 мың шаршы метрдей.

Мешіттің маңында аумағы 1800 метр екі фонтан, автокөлік үшін екі автотұрақ, демалыс алаңдары бар. Жаздыкүні гүлге оранған алаңдар көз жауын алады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен ғибадатханаға «Нұр-Астана орталық мешіті» деген ат берілді. Астана әуежайынан қалаға, шаһардан әуежайға қатынайтын жұрт міндетті түрде Бас мешіттің батыс жағындағы даңғыл арқылы өтеді. Астананың көрікті аймағына қоныс тепкен рухани ғимарат – келген мейман, сапарға шыққан жолаушы жүрегіне ізгіліктің нұрын ұялатып, имандылық рухын асқақтата түседі.  

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Ұқсас материалдар