Қандастар Ассамблея

Ақмола: ғасырлар тоғысында

27.05.2013 2674
Ақмола көтерілісі 1916 жылы жазда қазақ халқы патша өкіметіне қарсы көтеріліске шықты. Көтерілістің шығуына патшаның қазақтарды қара жұмысқа алу туралы Жарлығы себеп болды. Қазақтар өкіметке адам, күш-көлік және ат беруден бас тартты. Қозғалыс Ақмола аймағындағы Қорғалжын, Ереймен және Моншақты көлдері мен өңірлерінде неғұрлым кең өріс алды. Көтеріліске шыққандардың саны уезд аумағында 30 мың адамға дейін жетті. Ақмола уезі ұлт-азаттық қозғалысы ошақтарының бірі болады. 1916 жылы 11 шілдеде көтерісшілер Ақмола уезінде приставты және әскери шендерді өлтірді. Көтерілісті басу үшін Омбы қаласынан Ақмолаға казактардың жазалаушы отряды жіберілді. Нашар қаруланған және бытыраңқы көтерісшілердің жеңіліске ұшырайтыны сөзсіз еді. 1916 жылы 25 қазанда Кендірлі орманында тұрған көтерілісшілер тобын казак отряды талқандады. Көтерілісшілердің талқандаған бөліктері Амангелді Имановтың жасағына барып қосылды, кейбіреулері дала төсінде жасырынуға мәжбүр болды. Ақмоланың түрмелері көтерілісшілерге лық толы болды. Тек 1917 жылы қамалғандар бостандыққа шықты.   Ақмола төңкеріс қарсаңында 1916-1919 жылдары Ақмола аумағында аймақтың басқа бөліктеріндегі сияқты маңызды оқиғалар болып өтті. Ескі Думская көшесінде (Комсомольская, бүгінде Желтоқсан) қалалық басқарма ғимараты болды. Ол қаланың саяси, қоғамдық және шаруашылық өмірінде маңызды роль атқарды. Қалалық басқарма осы жерден бүкіл Ақмоланың ісін басқарып отыратын. 1917 жылы, Ақпан төңкерісі болып, монархия құлағаннан кейін билік Уақытша Үкіметтің қолына өтті. Қарапайым халық өз өмірлерінің жақсаратынынан үмітті болды. Уақытша Үкімет өкілдерінің жаңа билігі ондай жақсылық әкелмеді. Сондықтан Уақытша Үкімет органдарымен қатар жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттардың кеңесі құрыла бастады. Олар большевиктер партиясының басшылығымен жасақталды. Кеңестер өз билігін нығайтты. Қалада екі билік – бір жағынан, Кеңестік билік орнады. Қазақ жұмысшылары да тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ұйымдаса бастады, қазақ комитеттерін құрды. 1917 жылы Қазан төңкерісі Ақмоланың саяси өмірін жаңа арнаға бұрды. Қалалық билік қантөгіссіз Ревкомға өтті. Т.И. Бочков бастаған большевиктік талапты топ 1917 жылдың жиырма жетінші желтоқсанында, Ақмола қалалық Депутаттар Одағын құрды. Ал 1918 жылдың екінші наурызында болған жұмысшылар, шаруалар, солдат және мұсылман депутаттардың бірінші съезінде, Ақмола уездік Депутаттар Одағы сайланды. Уездік Кеңес Үкіметін құру жөнінде шешім қабылданды. Съезд аяқталғаннан кейін оның қатысушылар қалалық басқармаға барып, салтанатты түрде екі басты қыран тұрған бағананы аралап тастады. Социалистік өзгерістер көпке созылған жоқ. 1918 жылдың 21 мамырында таң ата Кеңес жаулары Ақмола Совдепінің 57 мүшесін тұтқынға алды. Олар күшейтілген күзетпен Петропавлға, кейін Анненковтың «азап вагонымен» Омбыға жөнелтіп, 1919 жылғы наурызда Омбы концентрациялық лагеріне қамалды. Олардың бір бөлігі «азап вагонында» қайтыс болды. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Ақмола көтерілісі

1916 жылы жазда қазақ халқы патша өкіметіне қарсы көтеріліске шықты. Көтерілістің шығуына патшаның қазақтарды қара жұмысқа алу туралы Жарлығы себеп болды. Қазақтар өкіметке адам, күш-көлік және ат беруден бас тартты. Қозғалыс Ақмола аймағындағы Қорғалжын, Ереймен және Моншақты көлдері мен өңірлерінде неғұрлым кең өріс алды. Көтеріліске шыққандардың саны уезд аумағында 30 мың адамға дейін жетті. Ақмола уезі ұлт-азаттық қозғалысы ошақтарының бірі болады. 1916 жылы 11 шілдеде көтерісшілер Ақмола уезінде приставты және әскери шендерді өлтірді. Көтерілісті басу үшін Омбы қаласынан Ақмолаға казактардың жазалаушы отряды жіберілді. Нашар қаруланған және бытыраңқы көтерісшілердің жеңіліске ұшырайтыны сөзсіз еді. 1916 жылы 25 қазанда Кендірлі орманында тұрған көтерілісшілер тобын казак отряды талқандады. Көтерілісшілердің талқандаған бөліктері Амангелді Имановтың жасағына барып қосылды, кейбіреулері дала төсінде жасырынуға мәжбүр болды. Ақмоланың түрмелері көтерілісшілерге лық толы болды. Тек 1917 жылы қамалғандар бостандыққа шықты.

 

Ақмола төңкеріс қарсаңында

1916-1919 жылдары Ақмола аумағында аймақтың басқа бөліктеріндегі сияқты маңызды оқиғалар болып өтті.

Ескі Думская көшесінде (Комсомольская, бүгінде Желтоқсан) қалалық басқарма ғимараты болды. Ол қаланың саяси, қоғамдық және шаруашылық өмірінде маңызды роль атқарды. Қалалық басқарма осы жерден бүкіл Ақмоланың ісін басқарып отыратын.

1917 жылы, Ақпан төңкерісі болып, монархия құлағаннан кейін билік Уақытша Үкіметтің қолына өтті. Қарапайым халық өз өмірлерінің жақсаратынынан үмітті болды. Уақытша Үкімет өкілдерінің жаңа билігі ондай жақсылық әкелмеді. Сондықтан Уақытша Үкімет органдарымен қатар жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттардың кеңесі құрыла бастады. Олар большевиктер партиясының басшылығымен жасақталды. Кеңестер өз билігін нығайтты. Қалада екі билік – бір жағынан, Кеңестік билік орнады. Қазақ жұмысшылары да тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ұйымдаса бастады, қазақ комитеттерін құрды.

1917 жылы Қазан төңкерісі Ақмоланың саяси өмірін жаңа арнаға бұрды. Қалалық билік қантөгіссіз Ревкомға өтті. Т.И. Бочков бастаған большевиктік талапты топ 1917 жылдың жиырма жетінші желтоқсанында, Ақмола қалалық Депутаттар Одағын құрды. Ал 1918 жылдың екінші наурызында болған жұмысшылар, шаруалар, солдат және мұсылман депутаттардың бірінші съезінде, Ақмола уездік Депутаттар Одағы сайланды. Уездік Кеңес Үкіметін құру жөнінде шешім қабылданды. Съезд аяқталғаннан кейін оның қатысушылар қалалық басқармаға барып, салтанатты түрде екі басты қыран тұрған бағананы аралап тастады.

Социалистік өзгерістер көпке созылған жоқ. 1918 жылдың 21 мамырында таң ата Кеңес жаулары Ақмола Совдепінің 57 мүшесін тұтқынға алды. Олар күшейтілген күзетпен Петропавлға, кейін Анненковтың «азап вагонымен» Омбыға жөнелтіп, 1919 жылғы наурызда Омбы концентрациялық лагеріне қамалды. Олардың бір бөлігі «азап вагонында» қайтыс болды.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Ұқсас материалдар