Қандастар Ассамблея

Елбасы отан қорғаушыларды төл мерекесімен құттықтады

27.05.2013 2553
АСТАНА. 7 мамыр.  – Мемлекет басшысы Қазақстан тарихында өткізілген тұңғыш жауынгерлік парадқа оң бағасын беріп, шараға қатысқан барлық әскерилерді және еліміздегі барлық сала мамандарын төл мерекесімен құттықтады. «Бүгінгі шеру еліміздің қарулы күштерінің әрдайым кез-келген жайтқа дайын екендігін көрсетті. Артиллеристер, ұшқыштар және өзге де әскери мамандар жаттығулардың жоғарғы деңгейін көрсетіп отыр. Бүгін баршаңыз тамаша өнер көрсеттіңіздер!» деді Нұрсұлтан Әбішұлы жауынгерлік парадтың жабылу салтанаты барысында. Сарбаздардың бүгінгі еңбегін бағалай келген Елбасы айтулы шараның жастарды патриоттыққа тәрбиелейтін басты құрал екендігін де мәлімдеді. «Бүгінгі шара бүкіл халқымыздың тыныштығы мен елдің тәуелсіздігі қарулы күштердің қолында екендігін тағы бір көрсетті. Мұндай шара жастарымызды патриоттыққа баулиды. Бүкіл ел, Қазақстан халқы бүгінгі шеруді көріп, қуанып отыр. барлық жаттығуды қатесіз орындап шықтыңыздар. Мен сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» деді Мемлекет басшысы тұңғыш жауынгерлік парадқа қатысқан сарбаздар мен әскери мамандарға. Айта кетейік, бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет елімізде жауынгерлік парад өткізілді. Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай өткізіліп отырған айтулы шараға 7 мың сарбаз бен 80 ұшақ және 400-ден астам әскери техника жұмылдырылды.   Baq.kz

АСТАНА. 7 мамыр.  – Мемлекет басшысы Қазақстан тарихында өткізілген тұңғыш жауынгерлік парадқа оң бағасын беріп, шараға қатысқан барлық әскерилерді және еліміздегі барлық сала мамандарын төл мерекесімен құттықтады.
«Бүгінгі шеру еліміздің қарулы күштерінің әрдайым кез-келген жайтқа дайын екендігін көрсетті. Артиллеристер, ұшқыштар және өзге де әскери мамандар жаттығулардың жоғарғы деңгейін көрсетіп отыр. Бүгін баршаңыз тамаша өнер көрсеттіңіздер!» деді Нұрсұлтан Әбішұлы жауынгерлік парадтың жабылу салтанаты барысында.
Сарбаздардың бүгінгі еңбегін бағалай келген Елбасы айтулы шараның жастарды патриоттыққа тәрбиелейтін басты құрал екендігін де мәлімдеді.
«Бүгінгі шара бүкіл халқымыздың тыныштығы мен елдің тәуелсіздігі қарулы күштердің қолында екендігін тағы бір көрсетті. Мұндай шара жастарымызды патриоттыққа баулиды. Бүкіл ел, Қазақстан халқы бүгінгі шеруді көріп, қуанып отыр. барлық жаттығуды қатесіз орындап шықтыңыздар. Мен сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» деді Мемлекет басшысы тұңғыш жауынгерлік парадқа қатысқан сарбаздар мен әскери мамандарға.
Айта кетейік, бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет елімізде жауынгерлік парад өткізілді. Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай өткізіліп отырған айтулы шараға 7 мың сарбаз бен 80 ұшақ және 400-ден астам әскери техника жұмылдырылды.

 

Baq.kz

Ұқсас материалдар