Қандастар Ассамблея

Криштиану Роналду исламға бет бұра бастады ма?

24.05.2013 2493
Әйгілі футболшы, Португалия құрамасы мен испандық «Реал Мадрид» командасының серкесі Криштиану Роналду ислам дінін қабылдауы мүмкін деген ақпарат соңғы кездері БАҚ-та жиі шығып жүр. Соның қатарында «Аламан» ұлттық спорт порталы да «Аладоп» сайтына сілтеме жасап «Криштиану мен Ислам» тақырыбында мақала жариялапты. «Криштиану Роналдудың есімі футбол тарихында мәңгі қалары анық. Ол өз дәуірінің керемет ойыншысы. Португалдық футболшыдай доппен өте жылдам жүгіре алатын адам бұл өмірде некен-cаяқ. Өздеріңіз білетіндей бір діннің адамы, күллі әлемге танылған соң тұлға, идол, жалпыхалықтық пірге айналуы мүмкін. Ал дәл сондай қасиеті, қабілеті бар адам өзге дінге өтсе онда сананы сілкіндіретіндей, өзінің бір ғана сол қадамымен миллиондардың өміріне әсер ете алатын жайы бар. Мысалы, Мұхамед Әли, Майк Тайсон секілді спортшылар ислам дініне өтіп, көпшіліктің назарын баурады. Әли менен Тайсон секілді қадамға енді жақын арада тағы бір жұлдыз қосылуы әбден ықтимал. Ол - Криштиану Роналду. Роналду жас кезінде, яғни футболды енді бастап келе жатқанында қызуқанды болды. «МЮ» сапына ауысысымен оның «симуляция» жасайтын қасиетіне көпшілік кері бағасын берді. Күйесін жақты. Еуроның финалында жылаған кезінде оны жалпы жұртшылық «жылауық» деп мазақтады. Осы оқиғаға байланысты тіпті анекдот та шықты. Бірақ, уақыт өте келе Криштианудың алаңдағы өнері, оның арқасында соғылған голдардың маңызы арта түсті. Оны бұрын сыйламаған жанкүйерлер ойларынан қайта бастады. Осы күні күллі әлемдегі жанкүйерлердің ішінде Мессиді өте қатты жақсы көретіндер ғана Криштиануды мойындамайды. Әйтпесе жер жаһанға аты шыққан ойыншының даңқы асқақтап тұр. Енді оның Мессимен арасындағы бәсекелестікте Роналду үшін артықшылық пайда болмақ. Ол не артықшылық, не деген басымдылық? Криштиану исламға бет бұрмақ. Мысалы «МЮ» жанкүйерлерінің ширек пайызы мұсылмандар. Бұл дегеніміз жарты миллиард адам! Ал жер бетінде қаншама мұсылман-жанкүйер бар. Олардың ішінде яғни мұсылман-жанкүйерлердің ішінде Мессиді құрметтейтіндер бар. Олардың ендігі ойы өзгермек пе? Әрине, себебі футбол  ұлтқа, дінге, ділге бөлінетінін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Роналдудың мұсылман болып кетуіне зор ықпал жасап жүрген Месут Өзілді кейінгі жұрт қалай құрметтейді?! Оның да атағы күн санап шарықтап барады. Зинедин Зидан ол тумасынан мұсылман еді. Франк Рибериде исламды қабылдады ғой, неге ол да әлемдік масштабтағы жұлдызға айналмады деп сұрарсыз. Тек өзге дінге өту жеткіліксіз. Өнеріңмен көпшіліктің жүрегін жаулау қажет. Футболшының түр-тұлғасының өзі, жүріс-тұрысы оның тегін адам еместігін дәлелдеп тұрады. Месут Өзіл Криштианудың «фатиха» сүресін жаттап, әрі сол сүрені жақсы көретіндігін айтыпты. Демек, Роналдудың көкірегінде сәуле пайда болған, жүрегіне иман қона бастағаны. Араб компаниясының жарнамасына түскеннен соң оған, қымбат әшекей тастармен көмкерілген португал тіліне аударылған Құран сыйға тартылыпты. Ол бұл сыйдың ендігі қадірін біледі. «Бұл сыйды мен үйімдегі ең құрметті жерге қоямын», - депті Криштиану. Месси жыл сайын «Алтын бутсаны» иеленіп жүр, Криштиануда екеу-ақ бұл марапат. Оны да әртүрлі суретке келемеж қылып келтіріп жүр фанаттар. Сол 2011 жылы алған «Алтын бутсаны» Роналду аукционда сатып, түскен қаржыны түгел Палестинадағы балаларға аударған. Бұл әрине, әулиелік деп айта алмаймыз, дегенмен сол жолда жүрген адамның ісі екендігі хақ», делінген материалда. «Соңғы кезде «Реалдың», Криштианудың ойынын көріп отырып ешқандай симуляция, ешқандай да бір төмен дәрежелі қылық көрсеткенін байқамадық. Ол шынымен де ендігі өзінің қандай адам екендігін танып келе жатқандай. Сабырға шақырып, өз-өзін күллі халық алдында таза ұстағанды жөн санайтындай. Түбі ол өзін исламға алып келетініне мен өз басым кәміл сенемін» деп түйіндейді мақала авторы.

Әйгілі футболшы, Португалия құрамасы мен испандық «Реал Мадрид» командасының серкесі Криштиану Роналду ислам дінін қабылдауы мүмкін деген ақпарат соңғы кездері БАҚ-та жиі шығып жүр. Соның қатарында «Аламан» ұлттық спорт порталы да «Аладоп» сайтына сілтеме жасап «Криштиану мен Ислам» тақырыбында мақала жариялапты.

«Криштиану Роналдудың есімі футбол тарихында мәңгі қалары анық. Ол өз дәуірінің керемет ойыншысы. Португалдық футболшыдай доппен өте жылдам жүгіре алатын адам бұл өмірде некен-cаяқ. Өздеріңіз білетіндей бір діннің адамы, күллі әлемге танылған соң тұлға, идол, жалпыхалықтық пірге айналуы мүмкін. Ал дәл сондай қасиеті, қабілеті бар адам өзге дінге өтсе онда сананы сілкіндіретіндей, өзінің бір ғана сол қадамымен миллиондардың өміріне әсер ете алатын жайы бар. Мысалы, Мұхамед Әли, Майк Тайсон секілді спортшылар ислам дініне өтіп, көпшіліктің назарын баурады. Әли менен Тайсон секілді қадамға енді жақын арада тағы бір жұлдыз қосылуы әбден ықтимал. Ол - Криштиану Роналду.

Роналду жас кезінде, яғни футболды енді бастап келе жатқанында қызуқанды болды. «МЮ» сапына ауысысымен оның «симуляция» жасайтын қасиетіне көпшілік кері бағасын берді. Күйесін жақты. Еуроның финалында жылаған кезінде оны жалпы жұртшылық «жылауық» деп мазақтады. Осы оқиғаға байланысты тіпті анекдот та шықты. Бірақ, уақыт өте келе Криштианудың алаңдағы өнері, оның арқасында соғылған голдардың маңызы арта түсті. Оны бұрын сыйламаған жанкүйерлер ойларынан қайта бастады. Осы күні күллі әлемдегі жанкүйерлердің ішінде Мессиді өте қатты жақсы көретіндер ғана Криштиануды мойындамайды. Әйтпесе жер жаһанға аты шыққан ойыншының даңқы асқақтап тұр. Енді оның Мессимен арасындағы бәсекелестікте Роналду үшін артықшылық пайда болмақ. Ол не артықшылық, не деген басымдылық? Криштиану исламға бет бұрмақ.

Мысалы «МЮ» жанкүйерлерінің ширек пайызы мұсылмандар. Бұл дегеніміз жарты миллиард адам! Ал жер бетінде қаншама мұсылман-жанкүйер бар. Олардың ішінде яғни мұсылман-жанкүйерлердің ішінде Мессиді құрметтейтіндер бар. Олардың ендігі ойы өзгермек пе? Әрине, себебі футбол  ұлтқа, дінге, ділге бөлінетінін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Роналдудың мұсылман болып кетуіне зор ықпал жасап жүрген Месут Өзілді кейінгі жұрт қалай құрметтейді?! Оның да атағы күн санап шарықтап барады. Зинедин Зидан ол тумасынан мұсылман еді. Франк Рибериде исламды қабылдады ғой, неге ол да әлемдік масштабтағы жұлдызға айналмады деп сұрарсыз. Тек өзге дінге өту жеткіліксіз. Өнеріңмен көпшіліктің жүрегін жаулау қажет. Футболшының түр-тұлғасының өзі, жүріс-тұрысы оның тегін адам еместігін дәлелдеп тұрады.

Месут Өзіл Криштианудың «фатиха» сүресін жаттап, әрі сол сүрені жақсы көретіндігін айтыпты. Демек, Роналдудың көкірегінде сәуле пайда болған, жүрегіне иман қона бастағаны. Араб компаниясының жарнамасына түскеннен соң оған, қымбат әшекей тастармен көмкерілген португал тіліне аударылған Құран сыйға тартылыпты. Ол бұл сыйдың ендігі қадірін біледі. «Бұл сыйды мен үйімдегі ең құрметті жерге қоямын», - депті Криштиану.

Месси жыл сайын «Алтын бутсаны» иеленіп жүр, Криштиануда екеу-ақ бұл марапат. Оны да әртүрлі суретке келемеж қылып келтіріп жүр фанаттар. Сол 2011 жылы алған «Алтын бутсаны» Роналду аукционда сатып, түскен қаржыны түгел Палестинадағы балаларға аударған. Бұл әрине, әулиелік деп айта алмаймыз, дегенмен сол жолда жүрген адамның ісі екендігі хақ», делінген материалда.

«Соңғы кезде «Реалдың», Криштианудың ойынын көріп отырып ешқандай симуляция, ешқандай да бір төмен дәрежелі қылық көрсеткенін байқамадық. Ол шынымен де ендігі өзінің қандай адам екендігін танып келе жатқандай. Сабырға шақырып, өз-өзін күллі халық алдында таза ұстағанды жөн санайтындай. Түбі ол өзін исламға алып келетініне мен өз басым кәміл сенемін» деп түйіндейді мақала авторы.

Ұқсас материалдар