Қарашай-малқар диаспорасы

01.03.2014 5243
Қарашай-малқар (орыс тілінде – карачай-балкар) тілі түркі тілдерінің қыпшақ-оғыз тобына жатады.

Қарашай-малқар (орыс тілінде – карачай-балкар) тілі түркі тілдерінің қыпшақ-оғыз тобына жатады.

 
Олардың діни сенімі – ислам.
 
Қарашай-малқар халықтары ежелгі алан, бұлғар, қыпшақ тайпалары негізінде пайда болған.
 
1943–44 жылдары қарашайлар мен малқарлар Орта Азия мен Қазақстанға күштеп жер аударылды.
 
Қазақстанда «Минги Тау» атты қарашай-малқар мәдени орталығы 1996 жылы құрылды. Орталық өз ұлт өкілдерінің жинақталған аудандарымен байланыс жасайды.  Мектептегі қарашай және малқар оқушыларына, жастарға ұлттық тәрбие беру беру жұмыстарымен айналысады. Ұлт жастарын спорттық-бұқаралық шараларға тартуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
 
 «Минги Тау» балалар би ансамблі республикалық Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясының мәдениет және өнер фестивалінде, сондай-ақ республикалық «Айналайын» балалар конкурстарында жүлделі орындар иеленіп келеді.
 
Орталық өкілдері 1997 жылы Түркияның Стамбул қаласында өткен түркітілді халықтар құрылтайына қатысты.
 
Малқар мен қарашай – кавказдық ағайынды халықтар. 
 
Малқарлар Кабардино-Балкарияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағын мекендейді
 
Қарашайлар Қарашай-Шеркес Республикасын мекендейді. Өздерін «қарашайлы» деп атайды. Қазақтар «қарашай» деп атайды.