Қазақстан Республикасы: Денсаулық сақтау ісі

09.11.2012 3950
Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 Денсаулық сақтау ісі. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар ҚР Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемл. бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемл. саясат мына принциптерге негізделген: мемл. денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеум., дәрі-дәрмектік көмектің мемл. кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылған азаматтардың әлеум. қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеум. әділеттігі және теңдігі. Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігер саны 50,6 мың немесе әрбір 10 мың тұрғынға 33,9 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104,4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады. Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактик. қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелер саны 1999 ж. 3057, әйелдер консультациялары, балалар емханалары мен жеке амбулатория саны 1738 болды. Тұрғындарға стоматол. көмек көрсететін мекемелер саны көбейе түсті. 1990 ж. республикада 88 жеке стоматол. емхана жұмыс істесе, қазір олар 3 есе көбейіп, қазіргі уақыттағы саны 243-ке жетті. Сондай-ақ, халыққа стоматол. қызметті 1042 стоматол. кабинеттер де көрсетеді. 20 ғ-дың 90-жылдары жекеменшік медицина кең етек жая бастады. Ірі кәсіпорындар мен мекемелерде, ауылдық елді мекендерде санитарлық, дәрігерлік, фельдш.-акушерлік пунктер жұмыс істейді. Республикада (негізінен, облыс орталықтары мен Астана, Алматы қ-нда) әр түрлі ауру-сырқаттарды емдейтін ірі мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қ-ларында, еліміздің экол. қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететін ірі, қазіргі заманғы жаңа құралдармен жабдықталған мед. орталықтар іске қосылды. 1990 ж. Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істеді. Оларда 64 мың орын болды; қ. Денсаулық сақтау. М. Камалиев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

Денсаулық сақтау ісі. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар ҚР Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемл. бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемл. саясат мына принциптерге негізделген: мемл. денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеум., дәрі-дәрмектік көмектің мемл. кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылған азаматтардың әлеум. қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеум. әділеттігі және теңдігі.

Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігер саны 50,6 мың немесе әрбір 10 мың тұрғынға 33,9 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104,4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады.

Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактик. қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелер саны 1999 ж. 3057, әйелдер консультациялары, балалар емханалары мен жеке амбулатория саны 1738 болды. Тұрғындарға стоматол. көмек көрсететін мекемелер саны көбейе түсті. 1990 ж. республикада 88 жеке стоматол. емхана жұмыс істесе, қазір олар 3 есе көбейіп, қазіргі уақыттағы саны 243-ке жетті. Сондай-ақ, халыққа стоматол. қызметті 1042 стоматол. кабинеттер де көрсетеді.

20 ғ-дың 90-жылдары жекеменшік медицина кең етек жая бастады. Ірі кәсіпорындар мен мекемелерде, ауылдық елді мекендерде санитарлық, дәрігерлік, фельдш.-акушерлік пунктер жұмыс істейді. Республикада (негізінен, облыс орталықтары мен Астана, Алматы қ-нда) әр түрлі ауру-сырқаттарды емдейтін ірі мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қ-ларында, еліміздің экол. қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететін ірі, қазіргі заманғы жаңа құралдармен жабдықталған мед. орталықтар іске қосылды. 1990 ж. Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істеді. Оларда 64 мың орын болды; қ. Денсаулық сақтау.

М. Камалиев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Ұқсас материалдар