Тәуелсіздік монументі

09.11.2012 7784
Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Тәуелсіздік монументі – сәулет және мүсін өнері ескерткіші. 1996 ж. Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архит. Ш.Уәлиханов (топ жетекшісі), мүсіншілері Н.Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы С.П. Каламкаров. Т. м. сол жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Түркия президенті С.Демирель қатысты. Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан Т. м-нің негізгі орт. композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биікт. 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орт. діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құ-йылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биікт. 6 м, ал салм. 4 т) аса айбарлы кейіппен, Т. м-нің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады. Т. м-нің екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын архит.-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді: Томирис заманынан бастап әл-Фараби, қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыстар, ұлт-азаттық қозғалыстары, 2-дүниежүз. соғыс, Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан. Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де Т. м-нің архит. және мүсіндік шешімін дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символик. мазмұн-сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі. Ол 20 ғ-дың соңына қарай ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік ой шығарм. тоғыстығынан туған озық архит. жәдігерлерінің біріне айналды.   Ғ. Құрал Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Тәуелсіздік монументі – сәулет және мүсін өнері ескерткіші. 1996 ж. Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архит. Ш.Уәлиханов (топ жетекшісі), мүсіншілері Н.Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы С.П. Каламкаров. Т. м. сол жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Түркия президенті С.Демирель қатысты. Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан Т. м-нің негізгі орт. композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биікт. 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орт. діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құ-йылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биікт. 6 м, ал салм. 4 т) аса айбарлы кейіппен, Т. м-нің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады. Т. м-нің екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын архит.-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді: Томирис заманынан бастап әл-Фараби, қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыстар, ұлт-азаттық қозғалыстары, 2-дүниежүз. соғыс, Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан. Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де Т. м-нің архит. және мүсіндік шешімін дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символик. мазмұн-сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі. Ол 20 ғ-дың соңына қарай ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік ой шығарм. тоғыстығынан туған озық архит. жәдігерлерінің біріне айналды.

 

Ғ. Құрал

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том

Ұқсас материалдар