Қандастар Ассамблея

Олжас Сүлейменов-1

20.05.2013 2387
  Шоқан көсем бола алатын еді: ол революциядан алыста тұрғанымен, монархиядан қол үзуге таяп қалған болатын. Ақын-жазушы туралы Шоқан - өткенде өмір сүрген бүгіннің адамы. Оның өз «бүгіні» - өз арманының балқымайтын құрамдас бөлшектерінен, үмітсіздіктен, өмірге шексіз құштарлық пен пессимизмнен тұрағын. Оның ең тамаша реалистік фантазиялары - қалыптасқан жағдай шындығының дөкір етігінің табанының астында қалып, тұншығып өлді. Ол отыз жыл (1835-1865) өмір сүрді. Оның өмірі - қазақ халқының тарихындағы тұтас бір дәуір. Оның бүкіл ғүмыры - символ. Шоқан тағдыры - мұхитгың дәмін танытар тамшы іспеттес. Ақын-жазушы туралы Ақын - өзінің туған топырағының елшісі. Әлем ақынға қарап, оның туған халқы туралы ой түйеді. Ақын өз халқына адамзат мәдениетінің, бүкіл дүние жүзі мәдениетінің нұрын шашады. Ақын-жазушы туралы Оқулықтарда орныққан өткеніміз жайлы үзіп-жарды деректер реніш пен соғыс буына суғарылған. Нағыз тарих - халықтардың ежелден бергі бейбітшілік, қызметтестік пен өзара байланыстылық шежіресі. Шіркін, сол шежірені қалпына келтірсе ғой! Сонда көп ұлтты халқымыздың келешегін де айқынырақ көріп-білуге болар еді. Тарих туралы Құсбегілік - аңшылықтың ең көне түрі. Құсбегілік туралы Әдеби шығарманың мазмұны қоғамдық санадан нәр альш, тіл арқылы жүзеге асады. Тіл туралы Түркілік қоғамда әйелдердің кең құқықтар берілген, олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тәрбиелеген. Әйел, ана туралы Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орай тәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады. Шындық, ақиқат туралы Тарих -ұзақ уақыт бойы саясаттың құлы, шовинизм мен ұлтшылдықтың қайнар көзі болып келеді. Тарих туралы Ол үшін ғылым-ұлы мақсат емес күнкөріс қамы еді. Ол - мұз айдынындай жалтыраған үстел үстінде шыр айналған  қайнаған жұмыртқадай епті кісі еді. Ғылым-білім, өнер туралы Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік. Ғылым-білім, өнер туралы Сөз дегеніміз - дәйек. Асыл сөз туралы Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін. Ғылым-білім, өнер туралы Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек. Ғылым-білім, өнер туралы Мұсылман діні сахараға тек соңғы ғасырларда ғана шындап ене бастады. Қазақ тілінде «ә» қарпі пайда болды. Дін, иман туралы Тілдер туыстығы - мәдени туыстық. Тіл туралы Бейіт - діни сенім көрінісі. Өлікті жерлеу ғұрпы және оның таңба формуласы бір халықтан екінші халыққа дінмен бірге, яғни әлеуметтік сана арқылы ғана ауысып отырады. Дін, иман туралы Көне заман адамдарының жан дүниесі - табиғат поэзиясымен туыстас. Табиғат туралы  Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

Шоқан көсем бола алатын еді: ол революциядан алыста тұрғанымен, монархиядан қол үзуге таяп қалған болатын.

Ақын-жазушы туралы

Шоқан - өткенде өмір сүрген бүгіннің адамы. Оның өз «бүгіні» - өз арманының балқымайтын құрамдас бөлшектерінен, үмітсіздіктен, өмірге шексіз құштарлық пен пессимизмнен тұрағын. Оның ең тамаша реалистік фантазиялары - қалыптасқан жағдай шындығының дөкір етігінің табанының астында қалып, тұншығып өлді. Ол отыз жыл (1835-1865) өмір сүрді. Оның өмірі - қазақ халқының тарихындағы тұтас бір дәуір. Оның бүкіл ғүмыры - символ. Шоқан тағдыры - мұхитгың дәмін танытар тамшы іспеттес.

Ақын-жазушы туралы

Ақын - өзінің туған топырағының елшісі. Әлем ақынға қарап, оның туған халқы туралы ой түйеді. Ақын өз халқына адамзат мәдениетінің, бүкіл дүние жүзі мәдениетінің нұрын шашады.

Ақын-жазушы туралы

Оқулықтарда орныққан өткеніміз жайлы үзіп-жарды деректер реніш пен соғыс буына суғарылған. Нағыз тарих - халықтардың ежелден бергі бейбітшілік, қызметтестік пен өзара байланыстылық шежіресі. Шіркін, сол шежірені қалпына келтірсе ғой! Сонда көп ұлтты халқымыздың келешегін де айқынырақ көріп-білуге болар еді.

Тарих туралы

Құсбегілік - аңшылықтың ең көне түрі.

Құсбегілік туралы

Әдеби шығарманың мазмұны қоғамдық санадан нәр альш, тіл арқылы жүзеге асады.

Тіл туралы

Түркілік қоғамда әйелдердің кең құқықтар берілген, олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тәрбиелеген.

Әйел, ана туралы

Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орай тәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады.

Шындық, ақиқат туралы

Тарих -ұзақ уақыт бойы саясаттың құлы, шовинизм мен ұлтшылдықтың қайнар көзі болып келеді.

Тарих туралы

Ол үшін ғылым-ұлы мақсат емес күнкөріс қамы еді. Ол - мұз айдынындай жалтыраған үстел үстінде шыр айналған  қайнаған жұмыртқадай епті кісі еді.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.

Ғылым-білім, өнер туралы

Сөз дегеніміз - дәйек.

Асыл сөз туралы

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Ғылым-білім, өнер туралы

Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.

Ғылым-білім, өнер туралы

Мұсылман діні сахараға тек соңғы ғасырларда ғана шындап ене бастады. Қазақ тілінде «ә» қарпі пайда болды.

Дін, иман туралы

Тілдер туыстығы - мәдени туыстық.

Тіл туралы

Бейіт - діни сенім көрінісі. Өлікті жерлеу ғұрпы және оның таңба формуласы бір халықтан екінші халыққа дінмен бірге, яғни әлеуметтік сана арқылы ғана ауысып отырады.

Дін, иман туралы

Көне заман адамдарының жан дүниесі - табиғат поэзиясымен туыстас.

Табиғат туралы 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы