Қандастар Ассамблея

Қазақфильм «қалқанқұлақтарға» кастинг жариялады

17.05.2013 2156
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жұмыс атауы «Экстрим журналист» деп аталатын режиссер Әділхан Ержановтың жаңа фильміне кастинг жариялады, деп BNews.kz тілшісіне режиссердің өзі хабарлады.    Фильмді түсіру тобының сөздеріне қарағанда, қазір эпизодтық рөлдерге іріктеу жүргізіліп жатқан көрінеді. Сценарийге сәйкес режиссер түр-тұлғасы мен бет-пішіні ерекше (қалқанқұлақ, үлкен мұрынды, қалың иекті, ерні үлкен) жандарды іздестіруде екен. «Фильм сценарийі, көрсетілімі, актерлердің ойнауы жағынан қызық сәттерге толы. Біз бұл фильм тек Қазақстан көрермендерінің ғана емес, сондай-ақ одан тыс аудиторияның көңілінен шығады деген үміттеміз», - дейді актерлер бойынша асистент Марат Махан. Фильм екі тілде жүреді: қазақ және орыс тілдерінде.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жұмыс атауы «Экстрим журналист» деп аталатын режиссер Әділхан Ержановтың жаңа фильміне кастинг жариялады, деп BNews.kz тілшісіне режиссердің өзі хабарлады. 

 

Фильмді түсіру тобының сөздеріне қарағанда, қазір эпизодтық рөлдерге іріктеу жүргізіліп жатқан көрінеді. Сценарийге сәйкес режиссер түр-тұлғасы мен бет-пішіні ерекше (қалқанқұлақ, үлкен мұрынды, қалың иекті, ерні үлкен) жандарды іздестіруде екен.

«Фильм сценарийі, көрсетілімі, актерлердің ойнауы жағынан қызық сәттерге толы. Біз бұл фильм тек Қазақстан көрермендерінің ғана емес, сондай-ақ одан тыс аудиторияның көңілінен шығады деген үміттеміз», - дейді актерлер бойынша асистент Марат Махан.

Фильм екі тілде жүреді: қазақ және орыс тілдерінде.

Ұқсас материалдар