Қандастар Ассамблея

Махмұд Қашқари

17.05.2013 8091
Қашқари Махмұд (Махмұд ибн әл-Хусейн ибн Мұхамбет әл-Қашқари, 1029-?) - ұлы ойшыл, энциклопедист-ғалым. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады.   Ат қасқасы ай болмас.   Төрт түлік мал туралы Су татырмасқа - сүт бер. Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы Ер жігітті қорлама. Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы Үлкенмен керіспес болар. Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы Бар - бақыр, жоқ - алтын.  Байлық-кедейлік туралы Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер. Байлық-кедейлік туралы Көсеу ұзын болса - қол күймес. Сақтық туралы Ит - қаппас деме, ат - теппес деме. Сақтық туралы Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі. Аң-құс туралы Арқадағы жауыр ұлға қалар. Мұрагерлік туралы Аш - не жемес, тоқ - не демес. Жоқтық туралы Әдептің басы - тіл. Тіл туралы Ұятсызбен ұстаспа. Ар-намыс, ұят туралы Бақыттың белгісі - білім. Ғылым-білім, өнер туралы Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек. Бек, хан туралы Ақылды сөз - алтын табаққа жеткізер. Асыл сөз туралы Атаның ұлы - атасына тартып туар. Адам өмірі туралы Екпейінше - өнбес, талпынбайынша - жетпес. Еңбек туралы Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес. Қоғам, мемлекет, заман туралы Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді. Әйел, ана туралы Күндестердің күлі де - күндес. Күншілдік, қызғаныш туралы Жалғыз қаздың үні шықпас. Жалғыздық туралы   Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. Сабырлық туралы Арыстан күркіресе - аттың аяғы тұсалар. Үрей туралы Далада бөрі ұлыса - үйдегі штің бүйірі солқылдар. Үрей туралы Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар. Жақсы мен жаман туралы Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды. Байлық-кедейлік туралы Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. Сабырлық туралы Сараң санға қосылмас. Сараңдық туралы Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады. Сараңдық туралы Алушы - арыстан, сатушы - тышқан. Саудагер туралы Тәкаппар тақсірет тартырады. Мінез-құлық туралы Ашу қысса - ақылың ғайып болады. Мінез-құлық туралы От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас. Мінез-құлық туралы Қылымсығанда - қызыл киеді, Жарамсақтанғанда - жасыл киеді. Мінез-құлық туралы Еркекқұмар әйел ерге жарымас. Әйел, ана туралы Пышақ қанша өткір болғанымен өз сабын өзі жона алмайды. Дәрмесіздік туралы  «Ағайын» десе - шақ қарадық, «Қайын» десе - жалт қарадық. Ағайын, жұрт туралы Ұран көтерілсе - ру жиылар, Жау келсе - жамағат жиылар. Ағайын, жұрт туралы Дос адам маңайынды жұмақ етер. Достық туралы    Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.

Қашқари Махмұд (Махмұд ибн әл-Хусейн ибн Мұхамбет әл-Қашқари, 1029-?) - ұлы ойшыл, энциклопедист-ғалым. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады.

 

Ат қасқасы ай болмас.  

Төрт түлік мал туралы

Су татырмасқа - сүт бер.

Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы

Ер жігітті қорлама.

Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы

Үлкенмен керіспес болар.

Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы

Бар - бақыр, жоқ - алтын. 

Байлық-кедейлік туралы

Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер.

Байлық-кедейлік туралы

Көсеу ұзын болса - қол күймес.

Сақтық туралы

Ит - қаппас деме, ат - теппес деме.

Сақтық туралы

Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі.

Аң-құс туралы

Арқадағы жауыр ұлға қалар.

Мұрагерлік туралы

Аш - не жемес, тоқ - не демес.

Жоқтық туралы

Әдептің басы - тіл.

Тіл туралы

Ұятсызбен ұстаспа.

Ар-намыс, ұят туралы

Бақыттың белгісі - білім.

Ғылым-білім, өнер туралы

Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек.

Бек, хан туралы

Ақылды сөз - алтын табаққа жеткізер.

Асыл сөз туралы

Атаның ұлы - атасына тартып туар.

Адам өмірі туралы

Екпейінше - өнбес, талпынбайынша - жетпес.

Еңбек туралы

Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді.

Әйел, ана туралы

Күндестердің күлі де - күндес.

Күншілдік, қызғаныш туралы

Жалғыз қаздың үні шықпас.

Жалғыздық туралы

 

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл.

Сабырлық туралы

Арыстан күркіресе - аттың аяғы тұсалар.

Үрей туралы

Далада бөрі ұлыса - үйдегі штің бүйірі солқылдар.

Үрей туралы

Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар.

Жақсы мен жаман туралы

Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды.

Байлық-кедейлік туралы

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл.

Сабырлық туралы

Сараң санға қосылмас.

Сараңдық туралы

Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады.

Сараңдық туралы

Алушы - арыстан, сатушы - тышқан.

Саудагер туралы

Тәкаппар тақсірет тартырады.

Мінез-құлық туралы

Ашу қысса - ақылың ғайып болады.

Мінез-құлық туралы

От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас.

Мінез-құлық туралы

Қылымсығанда - қызыл киеді,

Жарамсақтанғанда - жасыл киеді.

Мінез-құлық туралы

Еркекқұмар әйел ерге жарымас.

Әйел, ана туралы

Пышақ қанша өткір болғанымен өз сабын өзі жона алмайды.

Дәрмесіздік туралы

 «Ағайын» десе - шақ қарадық,

«Қайын» десе - жалт қарадық.

Ағайын, жұрт туралы

Ұран көтерілсе - ру жиылар,

Жау келсе - жамағат жиылар.

Ағайын, жұрт туралы

Дос адам маңайынды жұмақ етер.

Достық туралы

 

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.