Қазақстан Республикасының Үкіметі

09.11.2012 2721
Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ – Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы. 1920 – 24 ж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комиссарлары Советі (Халкомсов), 1925 – 36 ж. Қазақ АКСР Халкомсов, 1936 – 46 ж. Қазақ КСР Халкомсов, 1946–95 ж. ҚазКСР Мин. Каб. деп аталды. Қ. Р. Ү. мемл. биліктің ерекше тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, к-ттерден тұратын орт. атқарушы органдар, обл., ауд. және қалалық әкімшіліктерден тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері ҚР Конституциясында бекітілген (64-бап). Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгіленген. Үкімет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды. Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер-Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды. Қазақстан Үкіметі – алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкіметі туралы конституц. заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орт. атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді. Үкіметке мынадай негізгі конституц. өкілеттіктер берілген: ол мемл. әлеум.-экон. саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратег. және тактик. шараларды талдап жасау; мемл. бағдарламаларды әзірлеу; әлеум.-экон. және ғыл.-тех. дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, іске асыру; Республика Президенті белгілеген тәртіппен респ. бюджетті және оған енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге қатысу, парламентке респ. бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету; ҚР-ның қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асыру; мемл. валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезінде заңдылықтың сақталуына мемл. бақылау жасау; құрылымдық және инвестиц. саясатты жүзеге асыру; баға құралуының мемл. саясатын әзірлеп, ұйымдастыру; мемл. реттейтін баға қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен қызмет көрсетулердің номенклатурасын белгілеу; мемл. меншікті басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзірлеп, жүзеге асыру, мемл. меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеум. қорғалуы, мемл. әлеум. қамсыздандыру және әлеум. сақтандыру жүйесі мен шарттарын айқындау; мемл. аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп, іске асыру; аймақтарды әлеум.-экон. дамытудың аймақаралық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу, мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі мемл. саясатты айқындап, іске асыру; табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзірлеп, жүзеге асыру; құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, ҚР-ның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемл. шекарасын күзету шараларын әзірлеп, іске асыру; келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдау; ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықар. және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету; сыртқы экон. саясатты іске асыру шараларын әзірлеу; сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану; халықар. қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Конституциямен, заңдармен және президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде конституцияда және үкімет туралы конституц. заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. ҚР-ның Премьер-Министрі үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық етеді, оның жұмысы үшін жауап береді, Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды, Олар өздеріне бағынышты мемл. органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшін Премьер-Министрдің алдында жауап береді. Парламенттің әрбір палатасы үкімет мүшелерінің қызметтері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнінде Президентке мәлімдей алады. Үкімет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары негізінде және солардың орындалуы үшін өз құзыреті шегінде бүкіл мемл. аумағында міндетті күші бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін шығарады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл қаулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс. Жаңадан құрылған Үкімет өз қызметінің бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкіметтің бағдарламасын қабылдамаса, Үкімет екі ай ішінде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сінің дауыс беруімен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіреді. Үкімет заңдық ұсыныстар енгізуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжілісіне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшін жауапты болатын министрліктер, мемл. к-ттер, агенттіктер, бірінші басшылар қатысады. Қ. Р. Ү. Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде қызмет етеді және жаңадан сайланып, қызметке кіріскен ҚР Президентіне үкімет мүшелері жазбаша қол қойған өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады. ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкіметі туралы констиуц. заңда республика Үкіметінің, оның мүшелерінің тиісті өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған. Егер Үкімет, оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі орындау мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентіне өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы ҚР Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені ҚР Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылды дегенді білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін және оны жүргізбей отырған үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуға тиіс. Министрліктің және өзге де орт. атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкімет мүшелері: тиісті мемл. органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрінің алдында өздеріне жүктелген бағынышты мемл. органдардың жұмысы үшін, сондай-ақ, тиісті мемл. органдардың қарауына жататын мемл. басқару аясындағы істің жайы үшін дербес жауап береді; ҚР заңдарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметінің мәселелері жөнінде парламент палаталарына есеп береді. Үкімет құрамына кіретін орт. (респ.) атқарушы органдарды қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше атқарымдарын іске асыратын мамандандырылған мемл. органдарға бөлуге болады. Қазіргі кезде мына салалар бойынша респ. орт. атқарушы органдары жұмыс істейді: экономика салалары бойынша: Экон. және бюджеттік жоспарлау мин., Қаржы мин., А. ш. мин., Көлік және коммуникациялар мин., Энергет. және минералдық қорлар мин., Индустрия және сауда мин., Қоршаған ортаны қорғау мин., Мемл. материалдық резервтер жөніндегі агенттік; Мемл. сатып алу жөніндегі агенттік, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік, Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік; әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша: Мәдениет мин., Ақпарат мин., Білім және ғылым мин., Еңбек және халықты әлеум. қорғау мин., Денсаулық сақтау мин., Туризм және спорт жөніндегі агенттік, Көші-қон және демография жөніндегі агенттік; әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер мин., Ішкі істер мин., Қорғаныс мин., Әділет мин., Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік, Қаржы полициясы агенттігі. Орт. атқарушы билік органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметін атқаруының тәртібі “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” конституц. Заңмен (18.12. 1995), ҚР Үкіметінің 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекітілген ҚР-ның мин. (Мемл. к-ті) туралы үлгі ережемен және әрбір мин., агенттік, к-т туралы ережелермен реттеледі. ҚР-нда ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орт. атқарушы органдар: ҚР-ның министрліктері; ҚР-ның агенттіктері; ҚР министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын к-ттер, департаменттер және басқармалар. ҚР-ның Министрлігі мемл. басқарудың тиісті саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетілген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орт. атқарушы орган болып табылады. Министрлікті Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрліктің басшысы болып табылатын министрді де Премьер-Министрдің ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрліктің жұмысына басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз қызметін жүзеге асыруы үшін жауап береді. Ол лауазымы бойынша Қ. Р. Ү-нің құрамына кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санын Үкімет бекітеді. Министрлікте министрдің орынбасарлары (вице-министрлері), сондай-ақ, министрліктің басқа да басшы қызметкерлері құрамында министр басшылық ететін алқа – кеңесші орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкімет, ал жеке адамдар құрамын министр бекітеді. Мин. өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен ҚР-ның барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады. Министрліктің қызметі тек мемл. бюджеттен қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және бір-біріне әкімш. бағынышты емес, бірақ олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің бірлескен іс-қимылдарын қажет ететін (мыс., респ. мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөніндегі мәселелерді шешу туралы) шарттар мен келісімдер жасаса алады. ҚР-ның агенттігі де орт. атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ол тиісті мемл. басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шекте салааралық үйлестіру мен өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Агенттіктердің және Үкімет құрамына кірмейтін басқа да орт. атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттіктің құрылымын оның басшысы – төраға бекітеді. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттік төрағасының жанынан кеңесші орган – алқа құрылады. Оның құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агенттік төрағасының бұйрықтары агенттіктің құқықтық актілері болып табылады. Министрліктер, агенттіктер мен өзге де орт. атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бағынышты мемл. мекемелердің штат санының лимиттерін Үкімет бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемл. қызмет жөніндегі агенттік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемл. комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік, Респ. бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп к-ті үкімет құрамына кірмейді, оларға ҚР Президентіне тікелей бағынатын және оған есеп беретін мемл. орган мәртебесі берілген. Орт. атқарушы органның құрылымдық к-ті тиісті орт. атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оны тиісті орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкімет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлімше орт. атқарушы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау міндеттерін жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады немесе мемл. басқарудың ішкі саласына басшылық жасайды. Орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкімет бөлімшенің басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретін және басқа мемл. органдармен өзара іс-қимылының тәртібін үкімет белгілейді. ҚазАКСР халық комиссарлары: В.А.Радус-Зенькович (1920 – 21); М.К.Мырзағалиев (1921 – 22); С.Сейфуллин (1922 – 25); Н.Нұрмақов (1925 – 29); О.Ж.Исаев (1929 – 38). ҚазКСР Мин. Кеңесінің төрағалары: Н.Д. Оңдасынов (1938 – 46, ҚазКСР Халық комиссары, 1946 – 51, КазКСР Мин. Кеңесінің төрағасы); Е.Б. Тайбеков – 1951 – 55); Д.А.Қонаев (1955 –60, 1962 – 64), Ж.А.Тәшенов (1960 – 61); С.Дәуленов (1961 – 62); М.Бейсебаев (1964 – 70); Б.Ә. Әшімов (1970 – 84); Н.Ә.Назарбаев (1984 – 89); Ұ.Қараманов (1989 – 92); ҚР Премьер-Министрлері: С.А. Терещенко (1992 – 94); Ә.М.Қажыгелдин (1994 – 97); Н.Ө. Балғымбаев (1997 – 99); Қ.К.Тоқаев (1999 – 2001); И.Н.Тасмағамбетов (2001 – 03); Д.Ахметов (2003 жылдың шілдесінен).

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ – Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы. 1920 – 24 ж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комиссарлары Советі (Халкомсов), 1925 – 36 ж. Қазақ АКСР Халкомсов, 1936 – 46 ж. Қазақ КСР Халкомсов, 1946–95 ж. ҚазКСР Мин. Каб. деп аталды. Қ. Р. Ү. мемл. биліктің ерекше тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, к-ттерден тұратын орт. атқарушы органдар, обл., ауд. және қалалық әкімшіліктерден тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері ҚР Конституциясында бекітілген (64-бап). Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгіленген. Үкімет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды. Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер-Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды. Қазақстан Үкіметі – алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкіметі туралы конституц. заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орт. атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.

Үкіметке мынадай негізгі конституц. өкілеттіктер берілген: ол мемл. әлеум.-экон. саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратег. және тактик. шараларды талдап жасау; мемл. бағдарламаларды әзірлеу; әлеум.-экон. және ғыл.-тех. дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, іске асыру; Республика Президенті белгілеген тәртіппен респ. бюджетті және оған енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге қатысу, парламентке респ. бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету; ҚР-ның қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асыру; мемл. валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезінде заңдылықтың сақталуына мемл. бақылау жасау; құрылымдық және инвестиц. саясатты жүзеге асыру; баға құралуының мемл. саясатын әзірлеп, ұйымдастыру; мемл. реттейтін баға қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен қызмет көрсетулердің номенклатурасын белгілеу; мемл. меншікті басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзірлеп, жүзеге асыру, мемл. меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеум. қорғалуы, мемл. әлеум. қамсыздандыру және әлеум. сақтандыру жүйесі мен шарттарын айқындау; мемл. аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп, іске асыру; аймақтарды әлеум.-экон. дамытудың аймақаралық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу, мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі мемл. саясатты айқындап, іске асыру; табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзірлеп, жүзеге асыру; құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, ҚР-ның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемл. шекарасын күзету шараларын әзірлеп, іске асыру; келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдау; ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықар. және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету; сыртқы экон. саясатты іске асыру шараларын әзірлеу; сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану; халықар. қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Конституциямен, заңдармен және президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде конституцияда және үкімет туралы конституц. заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты.

ҚР-ның Премьер-Министрі үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық етеді, оның жұмысы үшін жауап береді, Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды, Олар өздеріне бағынышты мемл. органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшін Премьер-Министрдің алдында жауап береді. Парламенттің әрбір палатасы үкімет мүшелерінің қызметтері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнінде Президентке мәлімдей алады. Үкімет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары негізінде және солардың орындалуы үшін өз құзыреті шегінде бүкіл мемл. аумағында міндетті күші бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін шығарады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл қаулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс.

Жаңадан құрылған Үкімет өз қызметінің бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкіметтің бағдарламасын қабылдамаса, Үкімет екі ай ішінде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сінің дауыс беруімен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіреді. Үкімет заңдық ұсыныстар енгізуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжілісіне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшін жауапты болатын министрліктер, мемл. к-ттер, агенттіктер, бірінші басшылар қатысады. Қ. Р. Ү. Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде қызмет етеді және жаңадан сайланып, қызметке кіріскен ҚР Президентіне үкімет мүшелері жазбаша қол қойған өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады.

ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкіметі туралы констиуц. заңда республика Үкіметінің, оның мүшелерінің тиісті өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған. Егер Үкімет, оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі орындау мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентіне өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы ҚР Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені ҚР Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылды дегенді білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін және оны жүргізбей отырған үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуға тиіс.

Министрліктің және өзге де орт. атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкімет мүшелері: тиісті мемл. органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрінің алдында өздеріне жүктелген бағынышты мемл. органдардың жұмысы үшін, сондай-ақ, тиісті мемл. органдардың қарауына жататын мемл. басқару аясындағы істің жайы үшін дербес жауап береді; ҚР заңдарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметінің мәселелері жөнінде парламент палаталарына есеп береді.

Үкімет құрамына кіретін орт. (респ.) атқарушы органдарды қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше атқарымдарын іске асыратын мамандандырылған мемл. органдарға бөлуге болады. Қазіргі кезде мына салалар бойынша респ. орт. атқарушы органдары жұмыс істейді: экономика салалары бойынша: Экон. және бюджеттік жоспарлау мин., Қаржы мин., А. ш. мин., Көлік және коммуникациялар мин., Энергет. және минералдық қорлар мин., Индустрия және сауда мин., Қоршаған ортаны қорғау мин., Мемл. материалдық резервтер жөніндегі агенттік; Мемл. сатып алу жөніндегі агенттік, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік, Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік; әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша: Мәдениет мин., Ақпарат мин., Білім және ғылым мин., Еңбек және халықты әлеум. қорғау мин., Денсаулық сақтау мин., Туризм және спорт жөніндегі агенттік, Көші-қон және демография жөніндегі агенттік; әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер мин., Ішкі істер мин., Қорғаныс мин., Әділет мин., Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік, Қаржы полициясы агенттігі.

Орт. атқарушы билік органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметін атқаруының тәртібі “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” конституц. Заңмен (18.12. 1995), ҚР Үкіметінің 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекітілген ҚР-ның мин. (Мемл. к-ті) туралы үлгі ережемен және әрбір мин., агенттік, к-т туралы ережелермен реттеледі. ҚР-нда ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орт. атқарушы органдар: ҚР-ның министрліктері; ҚР-ның агенттіктері; ҚР министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын к-ттер, департаменттер және басқармалар.

ҚР-ның Министрлігі мемл. басқарудың тиісті саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетілген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орт. атқарушы орган болып табылады. Министрлікті Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрліктің басшысы болып табылатын министрді де Премьер-Министрдің ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрліктің жұмысына басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз қызметін жүзеге асыруы үшін жауап береді. Ол лауазымы бойынша Қ. Р. Ү-нің құрамына кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санын Үкімет бекітеді. Министрлікте министрдің орынбасарлары (вице-министрлері), сондай-ақ, министрліктің басқа да басшы қызметкерлері құрамында министр басшылық ететін алқа – кеңесші орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкімет, ал жеке адамдар құрамын министр бекітеді. Мин. өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен ҚР-ның барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады. Министрліктің қызметі тек мемл. бюджеттен қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және бір-біріне әкімш. бағынышты емес, бірақ олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің бірлескен іс-қимылдарын қажет ететін (мыс., респ. мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөніндегі мәселелерді шешу туралы) шарттар мен келісімдер жасаса алады.

ҚР-ның агенттігі де орт. атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ол тиісті мемл. басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шекте салааралық үйлестіру мен өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Агенттіктердің және Үкімет құрамына кірмейтін басқа да орт. атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттіктің құрылымын оның басшысы – төраға бекітеді. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттік төрағасының жанынан кеңесші орган – алқа құрылады. Оның құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агенттік төрағасының бұйрықтары агенттіктің құқықтық актілері болып табылады. Министрліктер, агенттіктер мен өзге де орт. атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бағынышты мемл. мекемелердің штат санының лимиттерін Үкімет бекітеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемл. қызмет жөніндегі агенттік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемл. комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік, Респ. бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп к-ті үкімет құрамына кірмейді, оларға ҚР Президентіне тікелей бағынатын және оған есеп беретін мемл. орган мәртебесі берілген.

Орт. атқарушы органның құрылымдық к-ті тиісті орт. атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оны тиісті орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкімет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлімше орт. атқарушы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау міндеттерін жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады немесе мемл. басқарудың ішкі саласына басшылық жасайды. Орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкімет бөлімшенің басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретін және басқа мемл. органдармен өзара іс-қимылының тәртібін үкімет белгілейді.

ҚазАКСР халық комиссарлары: В.А.Радус-Зенькович (1920 – 21); М.К.Мырзағалиев (1921 – 22); С.Сейфуллин (1922 – 25); Н.Нұрмақов (1925 – 29); О.Ж.Исаев (1929 – 38). ҚазКСР Мин. Кеңесінің төрағалары: Н.Д. Оңдасынов (1938 – 46, ҚазКСР Халық комиссары, 1946 – 51, КазКСР Мин. Кеңесінің төрағасы); Е.Б. Тайбеков – 1951 – 55); Д.А.Қонаев (1955 –60, 1962 – 64), Ж.А.Тәшенов (1960 – 61); С.Дәуленов (1961 – 62); М.Бейсебаев (1964 – 70); Б.Ә. Әшімов (1970 – 84); Н.Ә.Назарбаев (1984 – 89); Ұ.Қараманов (1989 – 92); ҚР Премьер-Министрлері: С.А. Терещенко (1992 – 94); Ә.М.Қажыгелдин (1994 – 97); Н.Ө. Балғымбаев (1997 – 99); Қ.К.Тоқаев (1999 – 2001); И.Н.Тасмағамбетов (2001 – 03); Д.Ахметов (2003 жылдың шілдесінен).

Ұқсас материалдар