Қандастар Ассамблея

Майқы би, Махамбет Өтемісұлы

17.05.2013 7238
Майқы би Майқы (ХІІ-ХІІІғ.ғ.) - аты аңызға айналған данагой би, түркі халықтарына тегіс төрелік айтқан тарихи тұлға. Өмірбаяны мен шығармашылығы әлі терең зерттеле қоймаған. М. туралы « Түгел сөздің түбі — бір, түп атасы - Майқы би» деген нақыл бар.   Хан әділ болса - халық ынтымақты болады. Әділдік туралы Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса - төбедегі келеді. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Бірлік түбі - береке. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Би екеу болса - дау төртеу болады. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Естіге айтқан ақыл сөз - шыңға тіккен тумен тең, Ессізге айтқан ақыл сөз - құмға сіңген сумен тең. Асыл сөз туралы Жаман әйел ер қадірін білмес. Әйел, ана туралы Хан - халықтың қазығы. Бек, хан туралы Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң. Бек, хан туралы Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ. Бек, хан туралы Дау - арашасыз болмас, хан - қарашасыз болмас. Бек, хан туралы Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін. Сараңдық туралы Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді. Ақыл-ой туралы Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады. Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жетесіз жігіт - ел қадірін білмес, некесіз әйел - ер қадірін білмес. Әйел, ана туралы Махамбет Өтемісұлы Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) — ұлы ақын, батыр. Ұлт-азаттық қозғалысының жалынды жаршысы. Исатай Таймановтың сенімді серігі. Орал облысының Бөкей Ордасы ауданындағы Бекетай құмында дүниегекелді. Әкесі ауқатты, Жәңгірханға жақын, ықпалды адамдардың бірі болған. М. қазақша да, орысшада хатқа жетік, білімді адам болған. Өмірі күреспен өткен. Патша әскерлері қолында тұтқында болды. Өлеңдеріөр рухты кесек мінезді, терең мағыналы болып келеді. Елдікке, ерлікке шақырады. Қазақ өлеңін түр жағынан да байытқан. Зираты Гурьев облысының Индер ауданындағы Қараой деген жерде.   Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды. Ар-намыс, ұят туралы Туған ұлдан не пайда - қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса.                                                                                                       Пайдасыздық, керексіздік туралы Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға. Хас үлектен туған кәтепті, Қара нар керек біздің бұл іске. Батырлық, ерлік туралы Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін қусайшы! Батырлық, ерлік туралы Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп,Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем бердім - сол ерліктен не көрдім?! Өкініш, реніш туралы Ермін деген жігітті кеңшілікте сынама. Батырлық, ерлік туралы Халық үшін қан төгем деп, Қараны ханға теңеп берем деп. Ол мақсатқа жете алмай, Дегенімді ете алмай, Қор болдық-ау, шырақ-ай! Өкініш, реніш тура    Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.


Майқы би

Майқы (ХІІ-ХІІІғ.ғ.) - аты аңызға айналған данагой би, түркі халықтарына тегіс төрелік айтқан тарихи тұлға. Өмірбаяны мен шығармашылығы әлі терең зерттеле қоймаған. М. туралы « Түгел сөздің түбі — бір, түп атасы - Майқы би» деген нақыл бар.

 

Хан әділ болса - халық ынтымақты болады.

Әділдік туралы

Алтау ала болса - ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса - төбедегі келеді.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Бірлік түбі - береке.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Би екеу болса - дау төртеу болады.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Естіге айтқан ақыл сөз - шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз - құмға сіңген сумен тең.

Асыл сөз туралы

Жаман әйел ер қадірін білмес.

Әйел, ана туралы

Хан - халықтың қазығы.

Бек, хан туралы

Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң.

Бек, хан туралы

Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ.

Бек, хан туралы

Дау - арашасыз болмас, хан - қарашасыз болмас.

Бек, хан туралы

Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін.

Сараңдық туралы

Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді.

Ақыл-ой туралы

Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.

Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жетесіз жігіт - ел қадірін білмес, некесіз әйел - ер қадірін білмес.

Әйел, ана туралы

Махамбет Өтемісұлы

Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) — ұлы ақын, батыр. Ұлт-азаттық қозғалысының жалынды жаршысы. Исатай Таймановтың сенімді серігі. Орал облысының Бөкей Ордасы ауданындағы Бекетай құмында дүниегекелді. Әкесі ауқатты, Жәңгірханға жақын, ықпалды адамдардың бірі болған. М. қазақша да, орысшада хатқа жетік, білімді адам болған. Өмірі күреспен өткен. Патша әскерлері қолында тұтқында болды. Өлеңдеріөр рухты кесек мінезді, терең мағыналы болып келеді. Елдікке, ерлікке шақырады. Қазақ өлеңін түр жағынан да байытқан. Зираты Гурьев облысының Индер ауданындағы Қараой деген жерде.

 

Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды.

Ар-намыс, ұят туралы

Туған ұлдан не пайда - қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса.                                                                                                    

 

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығарға.

Хас үлектен туған кәтепті,

Қара нар керек біздің бұл іске.

Батырлық, ерлік туралы

Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін қусайшы!

Батырлық, ерлік туралы

Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп,Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем бердім - сол ерліктен не көрдім?!

Өкініш, реніш туралы

Ермін деген жігітті кеңшілікте сынама.

Батырлық, ерлік туралы

Халық үшін қан төгем деп,

Қараны ханға теңеп берем деп.

Ол мақсатқа жете алмай,

Дегенімді ете алмай,

Қор болдық-ау, шырақ-ай!

Өкініш, реніш тура

 

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.

Ұқсас материалдар