Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

09.11.2012 5607
  Соңғы редакциялау: 22 қазан, 2012   Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі – мемлекеттік орган. Оған білім, ғылым, техника саласында басшылық жасау және заңдарда көзделген шектерде сала аралық үйлестіру міндеттері жүктелген. 1999 ж. ҚР денсаулық сақтау, білім және спорт мин-н қайта ұйымдастыру негізінде құрылған. Құрамы: Жалпы орта білім, Кәсіптік бастауыш және орта білім, Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, Ғылым, Мемл. инспекциялау және мониторинг, Бюджет, жоспарлау және қаржы, Әкімш. департаменттері; Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы, Жоғары аттестациялау к-ті. Министрліктің қарамағында 100-ге жуық кәсіпорындар мен білім және ғылым ұйымдары бар. Негізгі қызметі: азаматтардың мемл. оқу орындарында кепілді білім алуын қамтамасыз ету; ғыл.-зерт. ұйымдарын жетілдіру, білім мен ғылым саласындағы ақпараттандыру; қорларды шоғырландыру, тікелей инвестицияларды тартуға қатысу; заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; білім, ғылым мен тех. саласындағы жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруға қатысу. Ол өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, заңда белгіленген тәртіппен білімді, ғылым мен техниканы дамыту тұжырымдамаларын, стратегияларын, мемл. және мақсатты бағдарламалар мен жоспарлар әзірлейді; білім берудің мемл. стандарттарын дайындап, бекітеді; орта және жоғары кәсіптік, мамандардың біліктілігін жетілдіру ин-ттары, ғыл. ұйымдарды аттестациялайды, беймемл. ғыл. ұйымдарды тіркеуден өткізеді; міндетті мемл. ғыл.-тех. сараптамадан өткізеді; инновациялық саясат жүргізеді, білім берудің ақпараттандырылуын, мектептердің компьютерлендірілуін, жаңа буындағы оқулықтардың әзірленуін және шығарылуын қамтамасыз етеді;  іргелі зерттеулер бағдарламаларын, қолданбалы ғыл.-тех. бағдарламаларды мемл. ғыл. сараптаудан өткізеді, олардың іске асырылуын бақылайды; науқас балаларды, сондай-ақ эколог. жағынан қолайсыз аймақтардағы балаларды, көп балалы отбасылардың балаларын, балалар үйлеріндегі жетім балаларды тәрбиелеу, сауықтыру, білім беру бағдарламаларын іске асырады; ғыл.-тех. бағдарламаларды орындаушы ұйымдардың респ. бюджет есебінен жүргізетін ғыл., конструкторлық және технол. жұмыстарын үйлестіреді; өз қызметі аясында халықар. ынтымақтастықты жүзеге асырады; халықар. шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысады; өз құзыретіне жатқызылған қызмет түрлерін лицензиялайды; ғыл.-тех. ақпараттың мемл. жүйесін жетілдіреді, мемл. бюджет есебінен жүргізілетін ғыл.-зерт. жұмыстарының, іргелі бағдарламалардың, қолданбалы зерттеулердің, қорғалған диссертациялардың мемл. тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етеді; ғыл., пед. кадрларды даярлау, қайта даярлау, аттестациялау ісін ұйымдастырады. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

 

Соңғы редакциялау:

22 қазан, 2012

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі – мемлекеттік орган. Оған білім, ғылым, техника саласында басшылық жасау және заңдарда көзделген шектерде сала аралық үйлестіру міндеттері жүктелген. 1999 ж. ҚР денсаулық сақтау, білім және спорт мин-н қайта ұйымдастыру негізінде құрылған. Құрамы: Жалпы орта білім, Кәсіптік бастауыш және орта білім, Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, Ғылым, Мемл. инспекциялау және мониторинг, Бюджет, жоспарлау және қаржы, Әкімш. департаменттері; Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы, Жоғары аттестациялау к-ті. Министрліктің қарамағында 100-ге жуық кәсіпорындар мен білім және ғылым ұйымдары бар. Негізгі қызметі: азаматтардың мемл. оқу орындарында кепілді білім алуын қамтамасыз ету; ғыл.-зерт. ұйымдарын жетілдіру, білім мен ғылым саласындағы ақпараттандыру; қорларды шоғырландыру, тікелей инвестицияларды тартуға қатысу; заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; білім, ғылым мен тех. саласындағы жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруға қатысу. Ол өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, заңда белгіленген тәртіппен білімді, ғылым мен техниканы дамыту тұжырымдамаларын, стратегияларын, мемл. және мақсатты бағдарламалар мен жоспарлар әзірлейді; білім берудің мемл. стандарттарын дайындап, бекітеді; орта және жоғары кәсіптік, мамандардың біліктілігін жетілдіру ин-ттары, ғыл. ұйымдарды аттестациялайды, беймемл. ғыл. ұйымдарды тіркеуден өткізеді; міндетті мемл. ғыл.-тех. сараптамадан өткізеді; инновациялық саясат жүргізеді, білім берудің ақпараттандырылуын, мектептердің компьютерлендірілуін, жаңа буындағы оқулықтардың әзірленуін және шығарылуын қамтамасыз етеді;  іргелі зерттеулер бағдарламаларын, қолданбалы ғыл.-тех. бағдарламаларды мемл. ғыл. сараптаудан өткізеді, олардың іске асырылуын бақылайды; науқас балаларды, сондай-ақ эколог. жағынан қолайсыз аймақтардағы балаларды, көп балалы отбасылардың балаларын, балалар үйлеріндегі жетім балаларды тәрбиелеу, сауықтыру, білім беру бағдарламаларын іске асырады; ғыл.-тех. бағдарламаларды орындаушы ұйымдардың респ. бюджет есебінен жүргізетін ғыл., конструкторлық және технол. жұмыстарын үйлестіреді; өз қызметі аясында халықар. ынтымақтастықты жүзеге асырады; халықар. шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысады; өз құзыретіне жатқызылған қызмет түрлерін лицензиялайды; ғыл.-тех. ақпараттың мемл. жүйесін жетілдіреді, мемл. бюджет есебінен жүргізілетін ғыл.-зерт. жұмыстарының, іргелі бағдарламалардың, қолданбалы зерттеулердің, қорғалған диссертациялардың мемл. тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етеді; ғыл., пед. кадрларды даярлау, қайта даярлау, аттестациялау ісін ұйымдастырады.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Ұқсас материалдар