Қандастар Ассамблея

Отан қорғаушылар күніне орай El.kz жариялаған конкурстың жеңімпаздары марапатталды

16.05.2013 4797
Отан қорғаушылар күніне орай El.kz жариялаған конкурстың жеңімпаздары марапатталды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай El.kz әлеуметтік желісі ұйымдастырған конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды. «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған «үздік шығарма» конкурсы бойынша: І орын – Минуаров Исатай (Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті); ІІ орын – Басықара Бексұлтан (Астана қаласы); ІІІ орын – Бақытжанова Ботакөз (Ақтөбе қаласы);   «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған «үздік эссе» конкурсы бойынша: І орын – Әшірбай Салтанат (Астана қаласы); ІІ орын – Айдабосын Есболат («Қазақстан» ұлттық арнасы «Апта.кз» бағдарламасының жүргізушісі); ІІІ орын – Қаржан Жанкелді («Халық сөзі» газетінің журналисі);   «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған «үздік сурет» конкурсы бойынша: І орын – Мақсатов Жасұлан (Астана қаласы); ІІ орын – Гилманов Еркебұлан (Атырау қаласы); ІІІ орын – Альбекова Лейла (Павлодар облысы); Биыл El.kz әлеуметтік желісі өскелең ұрпақ арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесін насихаттау, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сондай-ақ оларды Қазақстан Қарулы Күштеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында арнайы байқау жариялаған болатын. Конкурс үш аталым бойынша – үздік шығарма, үздік эссе және үздік сурет бойынша ұйымдастырылды.  23 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткен байқауға барлығы проза және поэзия жанрларында 15 шығарма, 11 эссе және 9 сурет келіп түскен.  Бүгін Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығарылып, үздік туындылар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер iPad пен MP3-плеерлеріне ие болды. «Мен үздік шығарма байқауына қатыстым. «Тұмар» деп аталатын шығармам үздік деп танылып, бірінші орынға ие болып отырмын. Өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғысымды айтқым келеді. Осындай байқаулар қажет деп есептеймін», - дейді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті Исатай Минуаров.  Ол шығармасын Ұлы Отан соғысының ардагері мен оның немересінің арасындағы диалогқа құрыпты.  «Мінезі қиқарлау немересі атасынан соғыс уақытындағы болған оқиғаларды, есімін неліктен Ғани деп қойғанын, тағы да түрлі сұрақтар қойды. Менің таңдаған тақырыбым Отан қорғаушылар күніне арналып өткізілген байқауға толық сәйкес келеді деп ойлаймын. Сол жанрда, сол стильде жазылған. Өте қызық шықты. Менің атам да Ұлы отан соғысының ардагері. Одан майдан туралы мазасын алып сұрамағаныма сәл өкінішім бар. Сондықтан осындай шығарма жазуды ұйғардым», - деді бірінші орын иегері.  Ал Астана қаласындағы №53 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Мадина Сапарова «Үздік эссе» байқауына қатысқан.  «Мен Отан қорғаушылар күніне арнап эссе жаздым. Онда мерекенің тарихын, маңызын баяндаймын. Осындай байқауларды өткізген жөн. Жастардың бойында отансүйгіштік сезімін тәрбилеуге ықпал етеді деген ойдамын», - деген пікірін білдірді ол.  El.kz порталы алдағы уақытта тағы бірнеше байқау өткізуді жоспарлап отыр.    

Отан қорғаушылар күніне орай El.kz жариялаған конкурстың жеңімпаздары марапатталды

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай El.kz әлеуметтік желісі ұйымдастырған конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды.

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған «үздік шығарма» конкурсы бойынша:

І орын – Минуаров Исатай (Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті);

ІІ орын – Басықара Бексұлтан (Астана қаласы);

ІІІ орын – Бақытжанова Ботакөз (Ақтөбе қаласы);

 

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған «үздік эссе» конкурсы бойынша:

І орын – Әшірбай Салтанат (Астана қаласы);

ІІ орын – Айдабосын Есболат («Қазақстан» ұлттық арнасы «Апта.кз» бағдарламасының жүргізушісі);

ІІІ орын – Қаржан Жанкелді («Халық сөзі» газетінің журналисі);

 

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған «үздік сурет» конкурсы бойынша:

І орын – Мақсатов Жасұлан (Астана қаласы);

ІІ орын – Гилманов Еркебұлан (Атырау қаласы);

ІІІ орын – Альбекова Лейла (Павлодар облысы);

Биыл El.kz әлеуметтік желісі өскелең ұрпақ арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесін насихаттау, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сондай-ақ оларды Қазақстан Қарулы Күштеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында арнайы байқау жариялаған болатын. Конкурс үш аталым бойынша – үздік шығарма, үздік эссе және үздік сурет бойынша ұйымдастырылды. 

23 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткен байқауға барлығы проза және поэзия жанрларында 15 шығарма, 11 эссе және 9 сурет келіп түскен. 
Бүгін Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығарылып, үздік туындылар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер iPad пен MP3-плеерлеріне ие болды.
«Мен үздік шығарма байқауына қатыстым. «Тұмар» деп аталатын шығармам үздік деп танылып, бірінші орынға ие болып отырмын. Өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғысымды айтқым келеді. Осындай байқаулар қажет деп есептеймін», - дейді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті Исатай Минуаров. 
Ол шығармасын Ұлы Отан соғысының ардагері мен оның немересінің арасындағы диалогқа құрыпты. 
«Мінезі қиқарлау немересі атасынан соғыс уақытындағы болған оқиғаларды, есімін неліктен Ғани деп қойғанын, тағы да түрлі сұрақтар қойды. Менің таңдаған тақырыбым Отан қорғаушылар күніне арналып өткізілген байқауға толық сәйкес келеді деп ойлаймын. Сол жанрда, сол стильде жазылған. Өте қызық шықты. Менің атам да Ұлы отан соғысының ардагері. Одан майдан туралы мазасын алып сұрамағаныма сәл өкінішім бар. Сондықтан осындай шығарма жазуды ұйғардым», - деді бірінші орын иегері. 
Ал Астана қаласындағы №53 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Мадина Сапарова «Үздік эссе» байқауына қатысқан. 
«Мен Отан қорғаушылар күніне арнап эссе жаздым. Онда мерекенің тарихын, маңызын баяндаймын. Осындай байқауларды өткізген жөн. Жастардың бойында отансүйгіштік сезімін тәрбилеуге ықпал етеді деген ойдамын», - деген пікірін білдірді ол. 
El.kz порталы алдағы уақытта тағы бірнеше байқау өткізуді жоспарлап отыр.
 

 

Ұқсас материалдар