Қандастар Ассамблея

Жүсіп Баласағұн-1

15.05.2013 4713
Атаның орны балаға қалады. Адам өмірі туралы Ұл туса - әкеге тартар. Адам өмірі туралы Ата өлсе - бала аман. Адам өмірі туралы Ұлың менен қызың - жарқыраған екі көзің. Адам өмірі туралы Сұлу әйел алған - өмір бойы қарауыл боп өтеді, бай әйел алған - өмір бойы құл болып өтеді. Әйел, ана туралы Аз жақсылық жасағанға да - көп рахмет айту парыз. Жақсы мен жаман туралы Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді. Жақсы мен жаман туралы Құрсақта біткен мінез - қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді - өлгенше өзгерте алмайсың. Мінез-құлық туралы Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын. Достық туралы Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда. Достық туралы Дос достың кемшілігін кешіре білер Достық туралы Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара. Сауда-саттық туралы Сыйлағанды - сыйла, илегенді - иле. Әдептілік, сыйластық туралы Ағайынмен - сыйлас, үлкен мен кішіге - күле қара. Әдептілік, сыйластық туралы Халық бүлінсе - саясат түзейді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Халық тарықса - үкімет жұтайды. Қоғам, мемлекет, заман туралы Ханмен қоңсы отырма, таситын судың бойына қонба, қамалға таяп барма! Сақтық туралы Қылыш қан төксе - иесі ел билейді. Соғыс туралы Хан да - біреудің ұлы, құдайдың құлы. Бек, хан туралы Ханның әділетсіздігі - бар пеленің басы. Бек, хан туралы Ханның - ақысы болса, қараның - қақысы бар. Бек, хан туралы Бек қайда барса - құлы сонда. Бек, хан туралы Бек деген - от: жақын жүрме - күйесің. Бек, хан туралы Бек қызыққа құмар болса - қалған елдің күні қараң. Бек, хан туралы Сараң бек ел билей алмайды. Бек, хан туралы Қылыш - ел шауып, қазына құрайды.   Қару-жарақ туралы Күле сөйлесең - күллі тілегің орындалар. Жылау-күлу туралы Не ексең - соны орасың. Еңбек туралы Сайтан сүйгенді - құдай сүймейді. Дін, иман туралы Жамандық жасасаң - жауабы өкініш болар. Жақсы мен жаман туралы Жақсы іс көп жасайды. Жақсы мен жаман туралы Жақсыдан - шарапат. Жақсы мен жаман туралы Жаман мінез жау қылмағанды қылар. Жақсы мен жаман туралы Жақсының - тілегі таусылмайды, жаманның - мұңы бітпейді. Жақсы мен жаман туралы Жаманға жуыспа. Жақсы мен жаман туралы Жақсы - жақсы тілек тілейді, жаман - күнде қарғап-сілейді. Жақсы мен жаман туралы Жазасын тартпайтын жамандық жоқ. Жақсы мен жаман туралы Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады. Жақсы мен жаман туралы Әділ сөз ащы көрінер. Әділдік туралы Әділ заң - тірегің. Әділдік туралы Әділдік жолын өзің аш. Әділдік туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Атаның орны балаға қалады.

Адам өмірі туралы

Ұл туса - әкеге тартар.

Адам өмірі туралы

Ата өлсе - бала аман.

Адам өмірі туралы

Ұлың менен қызың - жарқыраған екі көзің.

Адам өмірі туралы

Сұлу әйел алған - өмір бойы қарауыл боп өтеді, бай әйел алған - өмір бойы құл болып өтеді.

Әйел, ана туралы

Аз жақсылық жасағанға да - көп рахмет айту парыз.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.

Жақсы мен жаман туралы

Құрсақта біткен мінез - қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді - өлгенше өзгерте алмайсың.

Мінез-құлық туралы

Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын.

Достық туралы

Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда.

Достық туралы

Дос достың кемшілігін кешіре білер

Достық туралы

Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара.

Сауда-саттық туралы

Сыйлағанды - сыйла, илегенді - иле.

Әдептілік, сыйластық туралы

Ағайынмен - сыйлас, үлкен мен кішіге - күле қара.

Әдептілік, сыйластық туралы

Халық бүлінсе - саясат түзейді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Халық тарықса - үкімет жұтайды.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Ханмен қоңсы отырма, таситын судың бойына қонба, қамалға таяп барма!

Сақтық туралы

Қылыш қан төксе - иесі ел билейді.

Соғыс туралы

Хан да - біреудің ұлы, құдайдың құлы.

Бек, хан туралы

Ханның әділетсіздігі - бар пеленің басы.

Бек, хан туралы

Ханның - ақысы болса, қараның - қақысы бар.

Бек, хан туралы

Бек қайда барса - құлы сонда.

Бек, хан туралы

Бек деген - от: жақын жүрме - күйесің.

Бек, хан туралы

Бек қызыққа құмар болса - қалған елдің күні қараң.

Бек, хан туралы

Сараң бек ел билей алмайды.

Бек, хан туралы

Қылыш - ел шауып, қазына құрайды.  

Қару-жарақ туралы

Күле сөйлесең - күллі тілегің орындалар.

Жылау-күлу туралы

Не ексең - соны орасың.

Еңбек туралы

Сайтан сүйгенді - құдай сүймейді.

Дін, иман туралы

Жамандық жасасаң - жауабы өкініш болар.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсы іс көп жасайды.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсыдан - шарапат.

Жақсы мен жаман туралы

Жаман мінез жау қылмағанды қылар.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсының - тілегі таусылмайды, жаманның - мұңы бітпейді.

Жақсы мен жаман туралы

Жаманға жуыспа.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсы - жақсы тілек тілейді, жаман - күнде қарғап-сілейді.

Жақсы мен жаман туралы

Жазасын тартпайтын жамандық жоқ.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады.

Жақсы мен жаман туралы

Әділ сөз ащы көрінер.

Әділдік туралы

Әділ заң - тірегің.

Әділдік туралы

Әділдік жолын өзің аш.

Әділдік туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы