Қандастар Ассамблея

Жүсіп Баласағұн

15.05.2013 3707
Күншіл адам - мұңшыл. Күншілдік, қызғаныш туралы Қызғаныш қайда болса - ұрыс-керіс те сонда. Күншілдік, қызғаныш туралы Опасызға бір түйір нан тістетпе, Күншілге де сеніп ісің істетпе. Күншілдік, қызғаныш туралы Мас адамда ақыл болмайды. Шарап туралы Шараптан - мың пәле түсер ізіңе, Зинақорлық - түкіртеді жүзіңе. Шарап туралы Шарап ішпе - жүр пәледен қашықта, Байқа, атанба зинақор да, пасық та. Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер, Олар тонын кедейліктің кигізер. Шарап туралы Ішпе шарап, әйел қуып арыма - дақ түсірер бұлар беттің арына. Шарап туралы Шарап деген - білім мен ақылға жау, шараптың шатағы сол - ұрыс пен дау. Шарап туралы Ішке шарап барса -сөзді шашынан сүйреп шығарады. Шарап туралы Ұрының қасында ұры жүреді. Ұрлық туралы Көк езу - жаман пиғыл, нәмәрт кісі, адамның қадірлісі - жомарт кісі. Жақсы мен жаман туралы Жамандық - алтын басыңды аяққа сүйрейді. Жақсы мен жаман туралы Көп күлген бір жылар. Жылау-күлу туралы Болса да қол қысқа - шағынба болмысқа. Байлық-кедейлік туралы Дүниеде тек бір құдай ғана мұңсыз. Дін, иман туралы Кісі көңілі - түпсіз тұңғиық. Көңілшек кісілер тез табысады. Көңіл-күй туралы Ақ көңілділік - адам ойының тазалығының белгісі. Көңіл-күй туралы Тілектің шегі болмайды. Көңіл-күй туралы Қайғы басса - ағаш атқа жайдақ мінерсің. Көңіл-күй туралы Тарыққан - қуанар, қамыққан - уанар. Көңіл-күй туралы Сағыныш түбі - сүйініш. Көңіл-күй туралы Қайғыру бар, сәтті бар - ащымен бірге тәтті бар. Көңіл-күй туралы Қоштасу - жүрекке салмақ. Көңіл-күй туралы Рахат іздесең - бейнетінен қорықпа, қуаныш іздесең - қайғысынан қашпа. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тегің мен түбіңді ұмытпағайсың. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қатты тәртіп көрсе бала бүгінде - өнерімен қуантады түбінде. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Кейін өзің қалмау үшін табаға - жөнге салып, ие болғын балаға. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Кісі алдындағы асқа қол сөзбас болар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Үлкен келгенде - кіші аяғын аямас болар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ыстық асты үрмеп ішпе. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Өз ісінді өзің атқар - өзгеге салмақ салмағын. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жай халықсыз болмайды іс те, ештеме - жайлап сөйлес, жөнсіз билеп-төстеме. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Бір істі екі кісіге тапсырмас болар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Не істесең де - ықтиярыңмен істе. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Махаббатты көзден танып, көзбен көреді. Махаббат туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Күншіл адам - мұңшыл.

Күншілдік, қызғаныш туралы

Қызғаныш қайда болса - ұрыс-керіс те сонда.

Күншілдік, қызғаныш туралы

Опасызға бір түйір нан тістетпе,

Күншілге де сеніп ісің істетпе.

Күншілдік, қызғаныш туралы

Мас адамда ақыл болмайды.

Шарап туралы

Шараптан - мың пәле түсер ізіңе,

Зинақорлық - түкіртеді жүзіңе.

Шарап туралы

Шарап ішпе - жүр пәледен қашықта,

Байқа, атанба зинақор да, пасық та.

Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер,

Олар тонын кедейліктің кигізер.

Шарап туралы

Ішпе шарап, әйел қуып арыма - дақ түсірер бұлар беттің арына.

Шарап туралы

Шарап деген - білім мен ақылға жау, шараптың шатағы сол - ұрыс пен дау.

Шарап туралы

Ішке шарап барса -сөзді шашынан сүйреп шығарады.

Шарап туралы

Ұрының қасында ұры жүреді.

Ұрлық туралы

Көк езу - жаман пиғыл, нәмәрт кісі, адамның қадірлісі - жомарт кісі.

Жақсы мен жаман туралы

Жамандық - алтын басыңды аяққа сүйрейді.

Жақсы мен жаман туралы

Көп күлген бір жылар.

Жылау-күлу туралы

Болса да қол қысқа - шағынба болмысқа.

Байлық-кедейлік туралы

Дүниеде тек бір құдай ғана мұңсыз.

Дін, иман туралы

Кісі көңілі - түпсіз тұңғиық.

Көңілшек кісілер тез табысады.

Көңіл-күй туралы

Ақ көңілділік - адам ойының тазалығының белгісі.

Көңіл-күй туралы

Тілектің шегі болмайды.

Көңіл-күй туралы

Қайғы басса - ағаш атқа жайдақ мінерсің.

Көңіл-күй туралы

Тарыққан - қуанар, қамыққан - уанар.

Көңіл-күй туралы

Сағыныш түбі - сүйініш.

Көңіл-күй туралы

Қайғыру бар, сәтті бар - ащымен бірге тәтті бар.

Көңіл-күй туралы

Қоштасу - жүрекке салмақ.

Көңіл-күй туралы

Рахат іздесең - бейнетінен қорықпа, қуаныш іздесең - қайғысынан қашпа.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тегің мен түбіңді ұмытпағайсың.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қатты тәртіп көрсе бала бүгінде - өнерімен қуантады түбінде.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Кейін өзің қалмау үшін табаға - жөнге салып, ие болғын балаға.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Кісі алдындағы асқа қол сөзбас болар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Үлкен келгенде - кіші аяғын аямас болар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ыстық асты үрмеп ішпе.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Өз ісінді өзің атқар - өзгеге салмақ салмағын.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жай халықсыз болмайды іс те, ештеме - жайлап сөйлес, жөнсіз билеп-төстеме.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Бір істі екі кісіге тапсырмас болар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Не істесең де - ықтиярыңмен істе.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Махаббатты көзден танып, көзбен көреді.

Махаббат туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы