Қандастар Ассамблея

Бұқар Қалқаманұлы

14.05.2013 4268
Қалқаманұлы Бұқар (1668-1781) - ұлы жырау, ойшыл. Баянауыл төңірегінен. Әкесі белгілі батыр болған. Тәуке, Абылайлар тұсында аса ықпалды би, қара қылды қақ жарған әділ кеңесші атанады. Ақылды да, жалынды жырларымен хан билігіне араласып, ел мүддесін қорғаған. Қазақ сөз өнерінің тарихында өзгеше із қалдырған тұлға. Философиялық- дидактикалық толғаулары кең тараған. Қабірі — Далба тауының етегінде.   Әсіре пысық залымның тіліне еруге жазбасын. Сақтық туралы Ардақталған аяулың күндердің күнінде басқаға олжа болмағай. Сақтық туралы Төрең тақтан таймасын. Сақтық туралы Тоқсандағы қарт бабаң топқа жаяу бармағай. Адам өмірі туралы Анаң аңырап қалмағай. Адам өмірі туралы Құрсағы құшақ байлардан дәулет. Байлық-кедейлік туралы Қу таяқты кедейге дәулет бітпес демеңіз. Байлық -кедейлік туралы Жалғыз көпке теңеліп, кегін бір алмас демеңіз. Жалғыздық туралы Қара қылды қақ жарған әділді айт! Әділдік туралы Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас. Дін, иман туралы Пейілі кең - кемімес, пейілі тар - кеңімес. Жомарттық туралы Берік байлаған шешілмейді. Ұқыптылық туралы Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда. Әйел, ана туралы Қариясы кімнің бар болса - Жазулы тұрған хат болар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Аздың ісі бітпейді. Жалғыздық туралы Ежелгі дұшпан - ел болмас, етектен кескен - жең болмас. Пайдасыздық, керексіздік туралы Қараша торғай қаз болмас. Пайдасыздық, керексіздік туралы Іштен қыңыр туғаңды тезге салсаң түзелмес. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Өзіңнен тумай - ұл болмас, сатып алмай - құл болмас. Адам өмірі туралы Құм жиналып - тас болмас , құл жиналып - бас болмас. Пайдасыздық, керексіздік туралы Екі жақсы дос болмас - сірне үстінде хаты бар, Ежелгі дұшпан ел болмас - көңілінде кір, даты бар. Достық туралы Сәлем - сөздің анасы. Әдептілік туралы Айтқаныңа көнбесе, айдауыңа жүрмесе: көңілінде болғаны. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Абысынның аразы - ағайын сәнін кетірер, Ағайынның аразы - елдің сәнін кетірер. Күншілдік туралы Жар басына қонбаңыз - дауыл соқса үй кетер, Жатқа тізгін бермеңіз - жаламенен бас кетер. Сақтық туралы Ит жүгіртіп, құс салсаң - киген тоның түлкі етер, Жаманменен дос болсаң - көрінгенге күлкі етер. Жақсы мен жаман туралы Дін мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда? Дін, иман туралы Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?! Төрт түлік мал туралы Әкелі бала - жаужүрек, әкесіз бала - сужүрек. Адам өмірі туралы Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді. Адам өмірі туралы Әкесіз бала жиын болса бара алмас, барса да орын ала алмас. Адам өмірі туралы Арту-арту бел келсе - атан тарғар бүгіліп, Алыстан қара көрінсе - арғымақ шабар тігіліп. Алыстан жанжал сөз келсе - азулы сөйлер жүгініп. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Қалқаманұлы Бұқар (1668-1781) - ұлы жырау, ойшыл. Баянауыл төңірегінен. Әкесі белгілі батыр болған. Тәуке, Абылайлар тұсында аса ықпалды би, қара қылды қақ жарған әділ кеңесші атанады. Ақылды да, жалынды жырларымен хан билігіне араласып, ел мүддесін қорғаған. Қазақ сөз өнерінің тарихында өзгеше із қалдырған тұлға. Философиялық- дидактикалық толғаулары кең тараған. Қабірі — Далба тауының етегінде.

 

Әсіре пысық залымның тіліне еруге жазбасын.

Сақтық туралы

Ардақталған аяулың күндердің күнінде басқаға олжа болмағай.

Сақтық туралы

Төрең тақтан таймасын.

Сақтық туралы

Тоқсандағы қарт бабаң топқа жаяу бармағай.

Адам өмірі туралы

Анаң аңырап қалмағай.

Адам өмірі туралы

Құрсағы құшақ байлардан дәулет.

Байлық-кедейлік туралы

Қу таяқты кедейге дәулет бітпес демеңіз.

Байлық -кедейлік туралы

Жалғыз көпке теңеліп, кегін бір алмас демеңіз.

Жалғыздық туралы

Қара қылды қақ жарған әділді айт!

Әділдік туралы

Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас.

Дін, иман туралы

Пейілі кең - кемімес, пейілі тар - кеңімес.

Жомарттық туралы

Берік байлаған шешілмейді.

Ұқыптылық туралы

Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда.

Әйел, ана туралы

Қариясы кімнің бар болса -

Жазулы тұрған хат болар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Аздың ісі бітпейді.

Жалғыздық туралы

Ежелгі дұшпан - ел болмас, етектен кескен - жең болмас.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Қараша торғай қаз болмас.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Іштен қыңыр туғаңды тезге салсаң түзелмес.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Өзіңнен тумай - ұл болмас, сатып алмай - құл болмас.

Адам өмірі туралы

Құм жиналып - тас болмас , құл жиналып - бас болмас.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Екі жақсы дос болмас - сірне үстінде хаты бар,

Ежелгі дұшпан ел болмас - көңілінде кір, даты бар.

Достық туралы

Сәлем - сөздің анасы.

Әдептілік туралы

Айтқаныңа көнбесе, айдауыңа жүрмесе: көңілінде болғаны.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Абысынның аразы - ағайын сәнін кетірер,

Ағайынның аразы - елдің сәнін кетірер.

Күншілдік туралы

Жар басына қонбаңыз - дауыл соқса үй кетер,

Жатқа тізгін бермеңіз - жаламенен бас кетер.

Сақтық туралы

Ит жүгіртіп, құс салсаң - киген тоның түлкі етер,

Жаманменен дос болсаң - көрінгенге күлкі етер.

Жақсы мен жаман туралы

Дін мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?

Дін, иман туралы

Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?!

Төрт түлік мал туралы

Әкелі бала - жаужүрек, әкесіз бала - сужүрек.

Адам өмірі туралы

Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді.

Адам өмірі туралы

Әкесіз бала жиын болса бара алмас, барса да орын ала алмас.

Адам өмірі туралы

Арту-арту бел келсе - атан тарғар бүгіліп,

Алыстан қара көрінсе - арғымақ шабар тігіліп.

Алыстан жанжал сөз келсе - азулы сөйлер жүгініп.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Ұқсас материалдар