Қандастар Ассамблея

IBNS екінші жыл қатарынан Қазақстан теңгесін жылдың үздік банкноты деп таныды

14.05.2013 2165
Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) екінші жыл қатарынан Қазақстан теңгесін жылдың үздік банкноты деп таныды. Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) екінші жыл қатарынан Қазақстан теңгесін жылдың үздік банкноты деп таныды. Атап айтқанда, дизайны өзгерген 5 000 теңгелік Қазақстан  банкноты  «2012 жылдың үздік банкноты» аталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарланды. IBNS 2012 жылы бүкіл әлем бойынша шығарылған жүзге жуық жаңа банкноттың ішінен Қазақстан банкнотын жеңімпаз ретінде таңдай отырып, купюраның дизайны мен идеологиясын, сол секілді оның техникалық тұрғыдан орындалуы мен қорғалуын үздік деп таныды. Тоқтала кететін жайт, Халықаралық банкнот қоғамдастығы  дүние жүзінен банкнот жинаушылардың тәуелсіз бірлестігі болып табылады. Олар жыл сайын өздерінің theibns.org. сайтында интернет-дауыс беру арқылы жылдың үздік банкнотын айқындайды. Жеңімпаз қазақстандық 5 000 теңгелік банкнот 2011 жылғы 30 желтоқсанда шығарылған. Теңгенің дизайнын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің дизайнерлері жасады, ол Қазақстан Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасында басып шығарылды. Банкноттың дизайны 2006 жылғы банкноттардың дизайны сияқты басым қызыл түске ие, бірақ оған қарағанда барынша ашық және қанық. Бет жағындағы бейнелері негізінен тігінен, сырт жағында  көлденең орналасқан. Бет жағында «Қазақ Елі» монументінің суреті орналасқан, ол Астана қаласының он жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды және Қазақстан тәуелсіздігін бейнелейді. Банкноттың төменгі оң бөлігінде үйлесімді, бейбітшілік пен келісімді білдіретін ұшып жүрген кептерлер бейнеленген. Сырт жағында Қазақстан картасының пішіні, алдыңғы жағында Іле Алатауы аясындағы, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің шыңы, «Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты орналасқан. Тоқтала кететін жайт, Қазақстан банкноттары осыған дейін де белді халықаралық наградалармен марапатталған болатын. Мәселен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкноттарының жаңа сериясы Халықаралық валюта қауымдастығы (IACA) тағайындаған «Жылдың үздік жаңа сериясы үшін» жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, сол жылы Бангкокта «Optiks» элементі бар номиналы 10 000 теңгелік банкнот «Ең үздік жаңа банкнот» номинациясында бірінші орынға ие болды. Ал 2008 жылы Теңгенің 15 жылдығына арналған 2008 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкнотта «SPARK» қорғаныш элементі банкноттарды қорғауда ең үздік инновация деп танылды. 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік ескерткіш банкнот IBNS конкурсының қорытындылары бойынша «2011 жылдың үздік банкноты» деп танылған еді. ҚазАқпарат.

Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) екінші жыл қатарынан Қазақстан теңгесін жылдың үздік банкноты деп таныды.

Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) екінші жыл қатарынан Қазақстан теңгесін жылдың үздік банкноты деп таныды.

Атап айтқанда, дизайны өзгерген 5 000 теңгелік Қазақстан  банкноты  «2012 жылдың үздік банкноты» аталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарланды.

IBNS 2012 жылы бүкіл әлем бойынша шығарылған жүзге жуық жаңа банкноттың ішінен Қазақстан банкнотын жеңімпаз ретінде таңдай отырып, купюраның дизайны мен идеологиясын, сол секілді оның техникалық тұрғыдан орындалуы мен қорғалуын үздік деп таныды.

Тоқтала кететін жайт, Халықаралық банкнот қоғамдастығы  дүние жүзінен банкнот жинаушылардың тәуелсіз бірлестігі болып табылады. Олар жыл сайын өздерінің theibns.org. сайтында интернет-дауыс беру арқылы жылдың үздік банкнотын айқындайды.

Жеңімпаз қазақстандық 5 000 теңгелік банкнот 2011 жылғы 30 желтоқсанда шығарылған. Теңгенің дизайнын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің дизайнерлері жасады, ол Қазақстан Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасында басып шығарылды.

Банкноттың дизайны 2006 жылғы банкноттардың дизайны сияқты басым қызыл түске ие, бірақ оған қарағанда барынша ашық және қанық. Бет жағындағы бейнелері негізінен тігінен, сырт жағында  көлденең орналасқан. Бет жағында «Қазақ Елі» монументінің суреті орналасқан, ол Астана қаласының он жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды және Қазақстан тәуелсіздігін бейнелейді. Банкноттың төменгі оң бөлігінде үйлесімді, бейбітшілік пен келісімді білдіретін ұшып жүрген кептерлер бейнеленген. Сырт жағында Қазақстан картасының пішіні, алдыңғы жағында Іле Алатауы аясындағы, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің шыңы, «Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты орналасқан.

Тоқтала кететін жайт, Қазақстан банкноттары осыған дейін де белді халықаралық наградалармен марапатталған болатын. Мәселен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкноттарының жаңа сериясы Халықаралық валюта қауымдастығы (IACA) тағайындаған «Жылдың үздік жаңа сериясы үшін» жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, сол жылы Бангкокта «Optiks» элементі бар номиналы 10 000 теңгелік банкнот «Ең үздік жаңа банкнот» номинациясында бірінші орынға ие болды. Ал 2008 жылы Теңгенің 15 жылдығына арналған 2008 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкнотта «SPARK» қорғаныш элементі банкноттарды қорғауда ең үздік инновация деп танылды. 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік ескерткіш банкнот IBNS конкурсының қорытындылары бойынша «2011 жылдың үздік банкноты» деп танылған еді.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар