Бабырнама

09.11.2012 13009
Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 “Бабырнама” — тарихи шығарма, Орталық Азия халықтарына ортақ құнды мұра. Авторы — Моғол империясының (1526 — 58) негізін қалаған Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Түркі (шағатай) тілінде 1526 – 30 ж. жазылған. Кітап — Темір әулеті құрған мемлекеттердің құрылымын, әдет-ғұрпын, салт-санасын және топонимикасын зерттейтін тарихшы, этнограф, географтар үшін және орта ғасырда түркі тілінде жазылған әдеби, ғыл. шығармаларды зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен тіл мамандарына қажетті құнды еңбек. “Б.” мәліметтердің молдығы, тілінің байлығы жағынан ерекше туынды. Шығарма Темір әулетінің билік құрған ұрпақтарына тарихи мінездеме бере отырып, 15—16 ғ-лардағы Ферғана, Хиндустан аймағындағы (бүгінгі Орталық Азия мемлекеттері, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан) елдердің, халықтардың тарихы, Темір  әулеті мен Мұхаммед Шайбани арасындағы, Моғолстандағы тақ таласы, билік және жер үшін жүргізілген соғыстар жайлы егжей-тегжейлі сөз етеді. Бабыр бұл өлкелердің, әсіресе, Ферғана мен Кабул, Солт. Үндістанның шаруашылығына, байлығына, халықтардың әдет-ғұрпына ерекше тоқталады. Үлкенді-кішілі қалалардың (Ақсикент, Кабул, Шаш, Бұхара, т.б.) салынуы, архитектурасы, қирауы, Сырдария, Жетісу бойындағы елді мекендер туралы жазады. Орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янги (Таразкент) қалаларына тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани әулеті билеушілерінің кесірінен қирағаны айтылады. Бұл қалалар маңында бау-бақшалар, түрлі жабайы жемістер, Орта Азия мен Үндістан тауында жан-жануарлардың ондаған түрлері болғандығы баяндалады. Бабыр өз естелігінде белгілі оқиғаға, адам мінезіне және махаббатқа арналған өлеңдерін келтіріп, кейде дүниетанымдық көзқарастарын да білдіреді. Мұнда “Тарих-и Рашидидің” авторы Мұхаммед Хайдар  Дулати туралы да дерек бар. Бабыр дүние салысымен шығарма парсы тіліне (ауд. Абд ул-Рахым), одан ағылшын тіліне тәржімаланған. Шығарманың қолжазбасын Н. И. Ильминский орыс тіліне аударып, 1857 ж. Қазан қ-нда, ал А.С. Беверидже 1905 ж. Лондонда бастырып шығарды. “Б.” ағылшын (1826, 1921), француз (1871), орыс (1943, 1958, “Бабирнаме”, Ташкент), өзбек (1960, “Бобирнома”, Тошкент), қазақ тілдерінде (1990, 1993, Алматы) жарық көрді. 1980 ж. француз тіліндегі жаңа аудармасына және оның басылуына ынталы елдердің (КСРО, Ауғанстан, Үндістан) ғалымдарының қатысуымен ЮНЕСКО тарапынан арнаулы комиссия құрылды. “Б”-ның осы аудармасы француз (1985, 2-рет), түрік (1987), жапон (1995, 1996) тілдерінде басылды. “Б”-ның 460 жылдығы халықар. деңгейде тойланып, “Бабырнама және Шығыс Ренессансы ” деген тақырыпта ғыл.-теориялық конференция өтті (1990, 22 — 26 қазан, Ташкент).      Б. Қожабекұлы      

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

“Бабырнама” — тарихи шығарма, Орталық Азия халықтарына ортақ құнды мұра. Авторы — Моғол империясының (1526 — 58) негізін қалаған Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Түркі (шағатай) тілінде 1526 – 30 ж. жазылған. Кітап — Темір әулеті құрған мемлекеттердің құрылымын, әдет-ғұрпын, салт-санасын және топонимикасын зерттейтін тарихшы, этнограф, географтар үшін және орта ғасырда түркі тілінде жазылған әдеби, ғыл. шығармаларды зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен тіл мамандарына қажетті құнды еңбек. “Б.” мәліметтердің молдығы, тілінің байлығы жағынан ерекше туынды. Шығарма Темір әулетінің билік құрған ұрпақтарына тарихи мінездеме бере отырып, 15—16 ғ-лардағы Ферғана, Хиндустан аймағындағы (бүгінгі Орталық Азия мемлекеттері, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан) елдердің, халықтардың тарихы, Темір  әулеті мен Мұхаммед Шайбани арасындағы, Моғолстандағы тақ таласы, билік және жер үшін жүргізілген соғыстар жайлы егжей-тегжейлі сөз етеді. Бабыр бұл өлкелердің, әсіресе, Ферғана мен Кабул, Солт. Үндістанның шаруашылығына, байлығына, халықтардың әдет-ғұрпына ерекше тоқталады. Үлкенді-кішілі қалалардың (Ақсикент, Кабул, Шаш, Бұхара, т.б.) салынуы, архитектурасы, қирауы, Сырдария, Жетісу бойындағы елді мекендер туралы жазады. Орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янги (Таразкент) қалаларына тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани әулеті билеушілерінің кесірінен қирағаны айтылады. Бұл қалалар маңында бау-бақшалар, түрлі жабайы жемістер, Орта Азия мен Үндістан тауында жан-жануарлардың ондаған түрлері болғандығы баяндалады. Бабыр өз естелігінде белгілі оқиғаға, адам мінезіне және махаббатқа арналған өлеңдерін келтіріп, кейде дүниетанымдық көзқарастарын да білдіреді. Мұнда “Тарих-и Рашидидің” авторы Мұхаммед Хайдар  Дулати туралы да дерек бар. Бабыр дүние салысымен шығарма парсы тіліне (ауд. Абд ул-Рахым), одан ағылшын тіліне тәржімаланған. Шығарманың қолжазбасын Н. И. Ильминский орыс тіліне аударып, 1857 ж. Қазан қ-нда, ал А.С. Беверидже 1905 ж. Лондонда бастырып шығарды. “Б.” ағылшын (1826, 1921), француз (1871), орыс (1943, 1958, “Бабирнаме”, Ташкент), өзбек (1960, “Бобирнома”, Тошкент), қазақ тілдерінде (1990, 1993, Алматы) жарық көрді. 1980 ж. француз тіліндегі жаңа аудармасына және оның басылуына ынталы елдердің (КСРО, Ауғанстан, Үндістан) ғалымдарының қатысуымен ЮНЕСКО тарапынан арнаулы комиссия құрылды. “Б”-ның осы аудармасы француз (1985, 2-рет), түрік (1987), жапон (1995, 1996) тілдерінде басылды. “Б”-ның 460 жылдығы халықар. деңгейде тойланып, “Бабырнама және Шығыс Ренессансы ” деген тақырыпта ғыл.-теориялық конференция өтті (1990, 22 — 26 қазан, Ташкент).      Б. Қожабекұлы

 

 

 

Ұқсас материалдар