Иран президенті Ахмадинжадты қамшымен сабауы мүмкін

13.05.2013 2055
Иран президенті Ахмадинижадқа 74 рет дүре соғылуы мүмкін немесе ол алдағы алты айын темір тордың арғы жағында өткізуі де ғажап емес. Сайлауалды науқанда президент тағына үміткер ретінде тіркелуде талапты орындамағаны үшін қазіргі мемлекет басшысына осындай жаза қолданылмақ дейді The Telegraph.  Басылым хабарлағандай, Ахмадинижад президенттікке үміткер ретінде тіркелмек болған өз кеңесшісі Эсфандияр Рахим Машаимен тіркелуге бірге келген. Бұл Иран заңдарына қарама-қайшы келеді.Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тағына үміткер ретінде 686 адам тіркеліп отыр. Ал, бүгінгі президент бұл лауазымды екі мерзім қатарынан атқарды. Сондықтан да Ахмадинижад алдағы сайлау науқанына қатыса алмайды.  Baq.kz

Иран президенті Ахмадинижадқа 74 рет дүре соғылуы мүмкін немесе ол алдағы алты айын темір тордың арғы жағында өткізуі де ғажап емес. Сайлауалды науқанда президент тағына үміткер ретінде тіркелуде талапты орындамағаны үшін қазіргі мемлекет басшысына осындай жаза қолданылмақ дейді The Telegraph. 

Басылым хабарлағандай, Ахмадинижад президенттікке үміткер ретінде тіркелмек болған өз кеңесшісі Эсфандияр Рахим Машаимен тіркелуге бірге келген. Бұл Иран заңдарына қарама-қайшы келеді.Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тағына үміткер ретінде 686 адам тіркеліп отыр. Ал, бүгінгі президент бұл лауазымды екі мерзім қатарынан атқарды. Сондықтан да Ахмадинижад алдағы сайлау науқанына қатыса алмайды. 

Baq.kz

Ұқсас материалдар