Қандастар Ассамблея

Әскери-спорттық ойындар жалауын көтерді

13.05.2013 3362
Биыл Қазақстан Қарулы Күштері 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік мереке ретінде тұңғыш рет атап өтпек. Мерекеге орай 7 мамыр күні «Отар» 40-шы әскери базасында Қарулы Күштер тарихында тұңғыш рет Жауынгерлік парад өткізілмек. Аталған мереке аясында Қорғаныс ведомствосында бірқатар игі істер атқарылып жатқандығы жұртшылыққа аян. Сондай шараның бірі Астана қаласындағы «Жас ұлан» метебінде бүгін тұсауын кесті.  «Жас ұлан» республикалық мектебі мен республикалық әскери мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері арасында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығының жүлдесі үшін әскери-спорттық ойындар алғаш рет жалауын көтерді.   Салтанатты сап түзеген түлектерді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығы генерал-полковник С. Жасұзақов турнирдің басталуымен құттықтады. Мектеп оқушылары алдында сөз сөйлеген «Қарулы Күштер ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі запастағы генерал-майор М.Нағұманов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Е.Оразов түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты рәсімнен кейін армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінің, Т.Бигелдінов атындағы әскери мектеп-интернаттың (Қарағанды қаласы), Б.Момышұлы атындағы әскери мектеп-интернаттың (Алматы қаласы), С.Рахимов атындағы әскери мектеп-интернаттың (Шымкент қаласы) 15-17 жастағы 300-ден астам оқушылары салтанатты сап түзеп өтті. «Жас ұлан» республикалық мектебі мен республикалық әскери мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері арасында өтетін жарыстың ауқымы кең. Оқушылар жүгіруден, кіші калибрлі винтовкадан нысана көздеуден, автоматты бөлшектеп жинаудан, граната лақтырудан, кір тасын көтеруден және тағы басқа әскери спорт түрлерінен күш сынасады. Жарыстың мақсаты тәрбиеленушілердің бойында әскери-техникалық білім, білік пен дағдыны қалыптастыру, батылдыққа, ұйымдастырушылыққа тәрбиелеу, тәртіп пен жолдастық сезімді қалыптастыру болып табылады. Болашақ жауынгерлер төрт күн бойы өзара сайысқа түседі. Өздеріне Отан қорғаушылар мамандығын таңдай отырып, әрқайсысы жауынгерлік бауырластық заңы – тек ойын емес екенін, ал осы уақытқа дейінгі және қазіргі кездегі ең мықты ер азаматтарымыздың ар-намыс кодексі екенін есте сақтауы тиіс. Түлектердің бүгінгі турнирде жеңіске жетіп, спорттық шеберліктерін шыңдауына тілектеспіз. Бүгін басталған сайыстар 26 сәуір күні аяқталып, жеңімпаз команда Кубокпен және грамоталармен марапатталатын болады. ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Биыл Қазақстан Қарулы Күштері 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік мереке ретінде тұңғыш рет атап өтпек. Мерекеге орай 7 мамыр күні «Отар» 40-шы әскери базасында Қарулы Күштер тарихында тұңғыш рет Жауынгерлік парад өткізілмек. Аталған мереке аясында Қорғаныс ведомствосында бірқатар игі істер атқарылып жатқандығы жұртшылыққа аян. Сондай шараның бірі Астана қаласындағы «Жас ұлан» метебінде бүгін тұсауын кесті. 

«Жас ұлан» республикалық мектебі мен республикалық әскери мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері арасында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығының жүлдесі үшін әскери-спорттық ойындар алғаш рет жалауын көтерді.  

Салтанатты сап түзеген түлектерді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығы генерал-полковник С. Жасұзақов турнирдің басталуымен құттықтады.

Мектеп оқушылары алдында сөз сөйлеген «Қарулы Күштер ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі запастағы генерал-майор М.Нағұманов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Е.Оразов түлектерге жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты рәсімнен кейін армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінің, Т.Бигелдінов атындағы әскери мектеп-интернаттың (Қарағанды қаласы), Б.Момышұлы атындағы әскери мектеп-интернаттың (Алматы қаласы), С.Рахимов атындағы әскери мектеп-интернаттың (Шымкент қаласы) 15-17 жастағы 300-ден астам оқушылары салтанатты сап түзеп өтті.

«Жас ұлан» республикалық мектебі мен республикалық әскери мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері арасында өтетін жарыстың ауқымы кең. Оқушылар жүгіруден, кіші калибрлі винтовкадан нысана көздеуден, автоматты бөлшектеп жинаудан, граната лақтырудан, кір тасын көтеруден және тағы басқа әскери спорт түрлерінен күш сынасады.

Жарыстың мақсаты тәрбиеленушілердің бойында әскери-техникалық білім, білік пен дағдыны қалыптастыру, батылдыққа, ұйымдастырушылыққа тәрбиелеу, тәртіп пен жолдастық сезімді қалыптастыру болып табылады.

Болашақ жауынгерлер төрт күн бойы өзара сайысқа түседі. Өздеріне Отан қорғаушылар мамандығын таңдай отырып, әрқайсысы жауынгерлік бауырластық заңы – тек ойын емес екенін, ал осы уақытқа дейінгі және қазіргі кездегі ең мықты ер азаматтарымыздың ар-намыс кодексі екенін есте сақтауы тиіс. Түлектердің бүгінгі турнирде жеңіске жетіп, спорттық шеберліктерін шыңдауына тілектеспіз.

Бүгін басталған сайыстар 26 сәуір күні аяқталып, жеңімпаз команда Кубокпен және грамоталармен марапатталатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар