Әшімов Асанәлі

09.11.2012 2885
Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Әшімов Асанәлі (8.5.1937 ж.т., Жамбыл обл. Сарысу ауд. Жайылма а.) — актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Алматы консерваториясын бітірген (1961). Студент кезінде әр түрлі фильмдерде Кенжетай (“Ботагөз”, 1957), Жанай (“Асау Ертіс жағасында”, 1959), Бектасов (“Бір ауданда”, 1960), Болат (“Ұшы қиырсыз жол”, 1960) рөлдерін ойнады. Консерваторияның актерлік ф-тін бітірген соң, “Қазақфильм” киностудиясында Мұрат (“Менің ұлым”, 1962), Ескендір (“Торап”, 1963), Тұрар (“Тұлпардың ізі”, 1964) сияқты әр алуан бейнелер жасады. 1964 ж. Қазақ академиялық драма театрына шақырылады (1987 — 88 ж. осы театрдың көркемдік жағын басқарды). Театрда С. Қожамқұлов, С. Майқанова, Ш. Айманов, Х. Бөкеева, К. Қармысов сынды өнер тарландарының шеберлік мектебінен тәлім алды. Театрдағы тұңғыш рөлі М. Әуезов пен Л. Соболевтің “Абай” спектакліндегі — Айдар рөлі. Содан кейін Кебек, Шуақ (Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Қарақыпшақ Қобыландысында”), Қозы, Қодар (Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш—Баян сұлуында”) Сәнжан (Ә. Таразидің “Күлмейтін комедиясында”), өсіпбай (Ш. Айтматов пен Қ. Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуінде”), Еламан (Ә. Нұрпейісовтың “Қан мен терінде”, КСРО Мемл. сыйл., 1974), Жарасбай (Қ. Ысқақовтың “Таңғы жаңғырығында”), Асан  (Мұхамеджановтың “Жат елдесінде”), Дон Жуан (М. Фриштің “Дон Жуанның думанында”), Виктор (Л. Зориннің “Варшава сазында”) сияқты әр замандағы, әр түрлі қоғамдағы әр қилы мінезді бейнелерді сомдады. Бұлардың бәрі махаббат пен терең сезімнің жымдасуынан туған тосын образдар ретінде қазақ сахна өнерінің тарихында қалды. Ә. — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актер. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан Мемл. сыйл., 1972)., Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Транссібір экспресі”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Ә. режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 ж. Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш—Баян сұлу” (1995) фильмдер Ә-тің режиссерлік шығарм-ның да кең ауқымын көрсетеді. Ә. өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И.А. Вовнянко) түсірілді. Ә. — Жамбыл және Шымкент ун-ттерінің құрметті профессоры. 1979—82 ж. пед. қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті. “Парасат” орденімен марапатталған.                  С. Латиева Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 1-том    

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Әшімов Асанәлі (8.5.1937 ж.т., Жамбыл обл. Сарысу ауд. Жайылма а.) — актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Алматы консерваториясын бітірген (1961). Студент кезінде әр түрлі фильмдерде Кенжетай (“Ботагөз”, 1957), Жанай (“Асау Ертіс жағасында”, 1959), Бектасов (“Бір ауданда”, 1960), Болат (“Ұшы қиырсыз жол”, 1960) рөлдерін ойнады. Консерваторияның актерлік ф-тін бітірген соң, “Қазақфильм” киностудиясында Мұрат (“Менің ұлым”, 1962), Ескендір (“Торап”, 1963), Тұрар (“Тұлпардың ізі”, 1964) сияқты әр алуан бейнелер жасады. 1964 ж. Қазақ академиялық драма театрына шақырылады (1987 — 88 ж. осы театрдың көркемдік жағын басқарды). Театрда С. Қожамқұлов, С. Майқанова, Ш. Айманов, Х. Бөкеева, К. Қармысов сынды өнер тарландарының шеберлік мектебінен тәлім алды. Театрдағы тұңғыш рөлі М. Әуезов пен Л. Соболевтің “Абай” спектакліндегі — Айдар рөлі. Содан кейін Кебек, Шуақ (Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Қарақыпшақ Қобыландысында”), Қозы, Қодар (Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш—Баян сұлуында”) Сәнжан (Ә. Таразидің “Күлмейтін комедиясында”), өсіпбай (Ш. Айтматов пен Қ. Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуінде”), Еламан (Ә. Нұрпейісовтың “Қан мен терінде”, КСРО Мемл. сыйл., 1974), Жарасбай (Қ. Ысқақовтың “Таңғы жаңғырығында”), Асан  (Мұхамеджановтың “Жат елдесінде”), Дон Жуан (М. Фриштің “Дон Жуанның думанында”), Виктор (Л. Зориннің “Варшава сазында”) сияқты әр замандағы, әр түрлі қоғамдағы әр қилы мінезді бейнелерді сомдады. Бұлардың бәрі махаббат пен терең сезімнің жымдасуынан туған тосын образдар ретінде қазақ сахна өнерінің тарихында қалды. Ә. — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актер. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан Мемл. сыйл., 1972)., Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Транссібір экспресі”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Ә. режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 ж. Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш—Баян сұлу” (1995) фильмдер Ә-тің режиссерлік шығарм-ның да кең ауқымын көрсетеді. Ә. өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И.А. Вовнянко) түсірілді. Ә. — Жамбыл және Шымкент ун-ттерінің құрметті профессоры. 1979—82 ж. пед. қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті. “Парасат” орденімен марапатталған.                 

С. Латиева
Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 1-том