Қандастар Ассамблея

Британияда мұсылмандар синагога шіркеуін жабылып қалудан құтқарды

10.05.2013 1932
Британдық Брэдфорд қаласында мұсылмандар жергілікті иудейлердің жабылу қаупі төнген көне синагога шіркеуіне араша түсті. Бұл жайында Dhnet.be хабар таратты. 1880 жылы тұрғызылған иудейлердің ғибадат үйі қираудың алдында тұр. Оны қалпына келтіру үшін қарасы аз жергілікті жамағаттың шамасы келер емес.   muslim.kz сайтының жазуынша, оларға қолұшын созған бірнеше мұсылмандар ұйымы синагоганы жөндеуден өткізу үшін жылу жинайды.  Мұсылмандар жамағаты алғашқы күні 2,5 мың еуро мөлшерінде қаражат жинаған. Брэдфорд қаласындағы мешіттер кеңесінің хатшысы Зүлфия Кәриманың сөзіне қарағанда, жергілікті мұсылмандар жамағаты белсенділік танытып, өзге дін өкілдерімен қатынас орнатуда үлгі көрсетіп отыр.  Иудейлер қауымы мұсылмандардың бұл қадамына риза болып, алғыстарын білдірді. ҚазАқпарат.

Британдық Брэдфорд қаласында мұсылмандар жергілікті иудейлердің жабылу қаупі төнген көне синагога шіркеуіне араша түсті. Бұл жайында Dhnet.be хабар таратты.

1880 жылы тұрғызылған иудейлердің ғибадат үйі қираудың алдында тұр. Оны қалпына келтіру үшін қарасы аз жергілікті жамағаттың шамасы келер емес.  

muslim.kz сайтының жазуынша, оларға қолұшын созған бірнеше мұсылмандар ұйымы синагоганы жөндеуден өткізу үшін жылу жинайды. 
Мұсылмандар жамағаты алғашқы күні 2,5 мың еуро мөлшерінде қаражат жинаған.

Брэдфорд қаласындағы мешіттер кеңесінің хатшысы Зүлфия Кәриманың сөзіне қарағанда, жергілікті мұсылмандар жамағаты белсенділік танытып, өзге дін өкілдерімен қатынас орнатуда үлгі көрсетіп отыр. 

Иудейлер қауымы мұсылмандардың бұл қадамына риза болып, алғыстарын білдірді.

ҚазАқпарат.