Барсакелмес қорығы

09.11.2012 44045
Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Барсакелмес қорығы — Арал теңізінің солт. батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес түбегінде) 1939 ж. ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аум. 20 мың га. Қорықтың мақсаты жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақ бөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Қорық жерінің негізі — құммен қоршалған саз топырақты сортаң шөл. 1965 жылға дейін мұндағы тұзды көлдерде аққу, бірқазан, су құзғын ұялайтын. Теңіз суының тартылуына орай қазір қорықта көл де, бұл құстар да жоқ. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне өз әсерін тигізіп отыр. Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі (тасбақа, қалқантұмсықты жылан, қарашұбар жылан, жұмырбас кесіртке, жүрдек кесіртке, ысылдағыш жармасқы, т.б.), жыл құсының 211 түрі (дуадақ, қылқұйрық, шіл, жылқышы, шүрілдек торғай, көк торғай, т.б.) болды, 1970—90 ж. олардың саны күрт азайып, тіпті кейбір түрлері жойылып кетті. Бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорықта негізінен ақбөкен, қарақұйрық және құлан қорғалады. Тік жартастарда дала қыраны, бөктергі және ителгі ұялайды. Қорықта 1950 ж. құланды жерсіндіру басталды. 1953—65 ж. Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында 19 құлан әкелінді. 1976 ж. Б. қ-нда құланның саны 157 болса, соңғы кездегі Арал т-ндегі экол. жағдайдың аса нашарлауынан, олардың саны күрт төмендеді. Сақтап қалу үшін құландар Қазақстанның басқа қорықтары мен қорықшаларына көшірілді. Көп жылдар бойы Б. қ-нда тұяқты жануарлардың биологиясы зерттелді. Бүгінде құрылғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы осындай жаратқанның өзі жарқыратып жасап берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен. Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Ащы судың аранында қалған олар осы арқылы үлкен жерге шығып, өз нәпақаларын теріп жей алатын жағдайға жетті. Қорықтың директоры Мағжан Тұрсынбаевтың айтуынша, осы кезге дейін біраз киік пен қарақұйрық ішетін таза судың жоқтығынан қапысыз қырылып қалған екен. Екі араға өткел түскесін барып, бұл жерден 1500 киік пен 350 қарақұйрық сыртқа аман шығып үлгіріпті. Оқшау аралдағы ауыз судың тапшылығы, міне, аң-құстарды осындай халге дейін душар етті. Қазіргі таңда Барсакелместі мемлекеттік табиғи қорық ретінде сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда. Атап айтқанда, еліміз Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы “Арал аймағына қолдау көрсету және дамыту шаралары туралы” №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда. Мұнда құжаттың “Барсакелмес қорығындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерттеу және талдау” деген 7-бабы негізге алынып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда. Енді Барсакелмес қорығының бүгінгі бет-бейнесіне келсек, соңғы екі жылдан бері оның көлемі бұрынғысынан 10 есеге артты. Сөйтіп, осы кезге дейін 16 795 гектар жерді алып келген аумақ 160 795 гектарға ұлғайды. Бұл Үкіметтің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 қаулысының негізінде мүмкін болды. Оған еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы ықпал етті. Ал қорық жеріне ғылыми-техникалық сараптама жасауға Аралдың құтқару қорының президенті Алмабек Нұрышев қаржылай көмек көрсетті. Осылай қорық жері Қасқақұлан аралына дейін жалғасты. Жайылымның кеңейе түсуі өз кезегінде Барсакелмес аралында тұралап қалған жануарлардың көбею үдерісін жеделдетті. Қорықта 2005 жылғы қазан айында жүргізілген санақ аң-құстар дүниесінің динамикалық табиғи өсуін қанағаттанарлық деп тапты. Мекеменің штаттық кестесі ұлғайып, жаңадан көп құрал-жабдық, техника алынды. — Жабайы аң-құстарды сақтау үшін олардың еркін өсуіне қолайлы кеңістік қажет, – дейді қорық директоры Мағжан Тұрсынбаев бізбен әңгімесінде. – Дамыған өркениетті елдерде ерекше қорғалатын аймаққа мемлекеттің жалпы жер көлемінің 12-14 пайызы кіреді. Әзірге Қазақстанның 2,7 млн. шаршы шақырым жерінің ерекше қорғалатын аумағын 7,7 пайыздық көлем ғана құрайды. Ал бұл көрсеткіш жабайы аңдардың тыныш тіршілік ету мүмкіндігіне аздық етеді. Осының өзі олардың азаюына әсер ететін негізгі себептердің бірі. Бүгінгі статистика жылдан жылға жер бетінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің азайып бара жатқанын байқатады. Бұл, әрине, көңіл алаңдататын жәйт. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет. Қорық екі кластерден тұрады. Мұның біріншісіне бұрынғы Барсакелмес аралының 50 884,0 гектарлық алабы жатса, екіншісін байырғы Ұзынқайыр және Қасқақұлан аралдарынан қалған 10 9942,0 гектарлық танап қамтиды. Бұлардың барлығы 160 826,0 га жерге жетеді. Бұл аймақтар оңтүстік Арал теңізінің кепкен табанымен, яғни, экологиялық апат ошағымен қатар жатқандықтан, қорықтағы тіршілік атаулы ұдайы тұзды тозаңның астында қалуда. Ақ түтек шаңды мол ылғалды су мен танаптағы өсімдіктер ғана тоқтата алады. Осы орайда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының басты міндеті мұндағы сабақты иненің әзер ілініп тұрған жібін үзіп алмау болып отыр. Сол тіршілік көздерін сақтап, молайтумен бірге, оған тұрақты мониторингтік бақылау жасау, жыл сайын жануарлар мен өсімдіктер әлемін санақтан өткізу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғат пен адам арасындағы үндестік түсіністікке дәнекер болу, күнделікті табиғат жылнамасын жазу, ғылыми семинарлар мен сабақтар ұйымдастыру осы жұмыстарды жалғастырады. Бұлардың “Барсакелмес қорығының флорасы және табиғат қорғау іс шаралары” тақырыбымен осындағы қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. З.Әлімбетова, “Барсакелмес қорығының герпетофаунасы және континенталдық байланыста өзгеруі” тақырыбымен маман Г.Сатекеев айналысуда. Сол сияқты “Арал теңізінің тартылу жағдайында Барсакелмес қорығы құландарының экологиясы” тақырыбына А.Жылқайдаров бөлінсе, “Қазіргі таңдағы экологиялық жағдайдағы Барсакелмес қорығының оринтофаунасы” мәселесімен Б.Қуандықов шұғылданып жүр. Бұл төрт тақырып бойынша белгілі ғалымдардан ғылыми жетекшілер белгіленген А. Бекенов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том Уикипедия ашық энциклопедиясы      

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Барсакелмес қорығы — Арал теңізінің солт. батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес түбегінде) 1939 ж. ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аум. 20 мың га. Қорықтың мақсаты жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақ бөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Қорық жерінің негізі — құммен қоршалған саз топырақты сортаң шөл. 1965 жылға дейін мұндағы тұзды көлдерде аққу, бірқазан, су құзғын ұялайтын. Теңіз суының тартылуына орай қазір қорықта көл де, бұл құстар да жоқ. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне өз әсерін тигізіп отыр. Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі (тасбақа, қалқантұмсықты жылан, қарашұбар жылан, жұмырбас кесіртке, жүрдек кесіртке, ысылдағыш жармасқы, т.б.), жыл құсының 211 түрі (дуадақ, қылқұйрық, шіл, жылқышы, шүрілдек торғай, көк торғай, т.б.) болды, 1970—90 ж. олардың саны күрт азайып, тіпті кейбір түрлері жойылып кетті. Бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорықта негізінен ақбөкен, қарақұйрық және құлан қорғалады. Тік жартастарда дала қыраны, бөктергі және ителгі ұялайды. Қорықта 1950 ж. құланды жерсіндіру басталды. 1953—65 ж. Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында 19 құлан әкелінді. 1976 ж. Б. қ-нда құланның саны 157 болса, соңғы кездегі Арал т-ндегі экол. жағдайдың аса нашарлауынан, олардың саны күрт төмендеді. Сақтап қалу үшін құландар Қазақстанның басқа қорықтары мен қорықшаларына көшірілді. Көп жылдар бойы Б. қ-нда тұяқты жануарлардың биологиясы зерттелді.

Бүгінде құрылғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы осындай жаратқанның өзі жарқыратып жасап берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен.

Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Ащы судың аранында қалған олар осы арқылы үлкен жерге шығып, өз нәпақаларын теріп жей алатын жағдайға жетті. Қорықтың директоры Мағжан Тұрсынбаевтың айтуынша, осы кезге дейін біраз киік пен қарақұйрық ішетін таза судың жоқтығынан қапысыз қырылып қалған екен. Екі араға өткел түскесін барып, бұл жерден 1500 киік пен 350 қарақұйрық сыртқа аман шығып үлгіріпті. Оқшау аралдағы ауыз судың тапшылығы, міне, аң-құстарды осындай халге дейін душар етті.

Қазіргі таңда Барсакелместі мемлекеттік табиғи қорық ретінде сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда. Атап айтқанда, еліміз Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы “Арал аймағына қолдау көрсету және дамыту шаралары туралы” №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда. Мұнда құжаттың “Барсакелмес қорығындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерттеу және талдау” деген 7-бабы негізге алынып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Енді Барсакелмес қорығының бүгінгі бет-бейнесіне келсек, соңғы екі жылдан бері оның көлемі бұрынғысынан 10 есеге артты. Сөйтіп, осы кезге дейін 16 795 гектар жерді алып келген аумақ 160 795 гектарға ұлғайды. Бұл Үкіметтің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 қаулысының негізінде мүмкін болды. Оған еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы ықпал етті. Ал қорық жеріне ғылыми-техникалық сараптама жасауға Аралдың құтқару қорының президенті Алмабек Нұрышев қаржылай көмек көрсетті. Осылай қорық жері Қасқақұлан аралына дейін жалғасты. Жайылымның кеңейе түсуі өз кезегінде Барсакелмес аралында тұралап қалған жануарлардың көбею үдерісін жеделдетті. Қорықта 2005 жылғы қазан айында жүргізілген санақ аң-құстар дүниесінің динамикалық табиғи өсуін қанағаттанарлық деп тапты. Мекеменің штаттық кестесі ұлғайып, жаңадан көп құрал-жабдық, техника алынды.

— Жабайы аң-құстарды сақтау үшін олардың еркін өсуіне қолайлы кеңістік қажет, – дейді қорық директоры Мағжан Тұрсынбаев бізбен әңгімесінде. – Дамыған өркениетті елдерде ерекше қорғалатын аймаққа мемлекеттің жалпы жер көлемінің 12-14 пайызы кіреді. Әзірге Қазақстанның 2,7 млн. шаршы шақырым жерінің ерекше қорғалатын аумағын 7,7 пайыздық көлем ғана құрайды. Ал бұл көрсеткіш жабайы аңдардың тыныш тіршілік ету мүмкіндігіне аздық етеді. Осының өзі олардың азаюына әсер ететін негізгі себептердің бірі. Бүгінгі статистика жылдан жылға жер бетінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің азайып бара жатқанын байқатады. Бұл, әрине, көңіл алаңдататын жәйт.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет.

Қорық екі кластерден тұрады. Мұның біріншісіне бұрынғы Барсакелмес аралының 50 884,0 гектарлық алабы жатса, екіншісін байырғы Ұзынқайыр және Қасқақұлан аралдарынан қалған 10 9942,0 гектарлық танап қамтиды. Бұлардың барлығы 160 826,0 га жерге жетеді. Бұл аймақтар оңтүстік Арал теңізінің кепкен табанымен, яғни, экологиялық апат ошағымен қатар жатқандықтан, қорықтағы тіршілік атаулы ұдайы тұзды тозаңның астында қалуда. Ақ түтек шаңды мол ылғалды су мен танаптағы өсімдіктер ғана тоқтата алады.

Осы орайда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының басты міндеті мұндағы сабақты иненің әзер ілініп тұрған жібін үзіп алмау болып отыр. Сол тіршілік көздерін сақтап, молайтумен бірге, оған тұрақты мониторингтік бақылау жасау, жыл сайын жануарлар мен өсімдіктер әлемін санақтан өткізу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғат пен адам арасындағы үндестік түсіністікке дәнекер болу, күнделікті табиғат жылнамасын жазу, ғылыми семинарлар мен сабақтар ұйымдастыру осы жұмыстарды жалғастырады. Бұлардың “Барсакелмес қорығының флорасы және табиғат қорғау іс шаралары” тақырыбымен осындағы қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. З.Әлімбетова, “Барсакелмес қорығының герпетофаунасы және континенталдық байланыста өзгеруі” тақырыбымен маман Г.Сатекеев айналысуда. Сол сияқты “Арал теңізінің тартылу жағдайында Барсакелмес қорығы құландарының экологиясы” тақырыбына А.Жылқайдаров бөлінсе, “Қазіргі таңдағы экологиялық жағдайдағы Барсакелмес қорығының оринтофаунасы” мәселесімен Б.Қуандықов шұғылданып жүр. Бұл төрт тақырып бойынша белгілі ғалымдардан ғылыми жетекшілер белгіленген

А. Бекенов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Уикипедия ашық энциклопедиясы