Тәуелсіздік туралы

06.01.2016 45490
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

Н.Назарбаев

Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік,

келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз.

Нұрсұлтан Назарбаев   

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Назарбаев   

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы  қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.

Нұрсұлтан Назарбаев   

Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы  осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт  өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.

Нұрсұлтан Назарбаев  

Тәуелсіздік- тарихтың мәңгіге берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал.

Нұрсұлтан Назарбаев   

«Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар.

Шерхан  Мұртаза

Еркіндік - жалаңаш.

Олжас Сүлейменов

Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,

Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.

Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Міржақып Дулатов

Атты мен жаяудың сәлемі жараспас.

Жиренше шешен

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

 

Ұқсас материалдар