Семей музыкалық драма театры

09.11.2012 3684
Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл Семей музыкалық драма театры, Абай атында — кәсіби сахналық ұжым. “Ес-аймақ” қоғамы ұйымдасқан жартылай профессионалды драма труппасы негізінде 1920 ж. құрылған. Труппаның ұйымдастырушылары М.Әуезов, Қ.Сәтбаев және реж. Ғ.Төребаев бастаған қала зиялылары өкілдері мен студент-жастар болды. 1934 жылдың 10 мамырында осы труппа базасында Семей қазақ музыкалы драма театры болып, ол өз шымылдығын І.Жансүгіровтің “Кек” драмасымен ашты. Театрдың құрылуы мен қалыптасуы жолында көрнекті өнер шеберлері Ж.Шанин, О.Беков, Қ.Жандарбеков, комп. Л.А. Хамиди ерекше еңбек сіңіріп, шығарм. жағынан көмек көрсетті. Алғашқы жылдары театр құрамында әнші Ә.Қашаубаев пен Ж.Елебеков, ақын И.Байзақов қызмет етті. Н.Атаханов, Г.Әбдірахманова, Р.Есімжанова, С.Қыдыралин, Ш.Мусин, т.б. кәсіби театрдың іргетасын қалаушылар тобын құрады. 1940 жылға дейін ұлттық драматург. шығармалармен қатар аударма және шетел классикасы бойынша көптеген спектакльдер қойылды. Олардың қатарында Әуезовтің “Еңлік — Кебек”, “Айман — Шолпан”, “Қарагөз”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Ел ағасы”, “Абай”, С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар”, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” және “Қыз Жібегі” бар. Соғыс жылдары Әуезовтің “Сын сағатта”, Ә.Әбішевтің “Қырағылық”, К.М. Симоновтың “Орыс адамдары”, т.б. спектакльдерді сахнаға шығарды. 1945 ж. театрға Абай Құнанбаевтың есімі берілді. 1960 жылдардың ортасынан бастап қазіргі заман тақырыбындағы Қ.Мұхамеджановтың “Yйленгің келе ме?” (“Бөлтірік бөрік астында”), Ә.Тәжібаевтың “Көңілдестер”, Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтың “Беу, қыздар-ай”, С.Жүнісовтің “Ажар мен ажалы” секілді пьесалары театр репертуарынан кең орын алды. 1978 ж. драма театры музыкалы драма болып қайта құрылып өзінің жаңа шығарм. кезеңін бастады. Осы бағытта Ш.Хұсайыновтың “Алдар Көсе”, Әуезовтің “Айман — Шолпан”, Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуі”, т.б. музыкалы драмалар мен комедиялар көрермендер назарына ұсынылды. Театр ұжымы қазіргі өмір шындығы және тарихи тақырыптағы шығармаларға да айрықша мән береді. Осы орайда соңғы жылдары Қ.Мұқаметхановтың “Комиссар Ғаббасов”, Т.Ахтановтың “Ант”, А.П. Штейннің “Толас”, С.Мұқановтың “Мөлдір махаббат”, Мұқамеджановтың “Өзіме де сол керек”, Р.Сейсенбаевтың “Дағдарыс”, “Жаңа жыл түні” мен “Өзіңді тап” (соңғысы Е.Обаевпен бірге), С.Сматаевтың “Тағдырлар”, Н.Оразалиннің “Тас киіктер”, О.Бөкеевтің “Қайдасың, құлыным менің”, Жүнісовтің “Қысылғаннан қыз болдық”, “Маскарад”, Д.Исабековтің “Әпке” және жергілікті авторлар Ғ.Сапаев, М.Сәрсекеев, Қ.Мәшһүр-Жүсіпов, М.Ибраев, К.Туғанбаев пьесалары да қойылды. Театр 1984 ж. өзінің 50 жылдығын тойлады. Сол жылы Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. М. Масалимов, Т. Ибрагимов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

Семей музыкалық драма театры, Абай атында — кәсіби сахналық ұжым. “Ес-аймақ” қоғамы ұйымдасқан жартылай профессионалды драма труппасы негізінде 1920 ж. құрылған. Труппаның ұйымдастырушылары М.Әуезов, Қ.Сәтбаев және реж. Ғ.Төребаев бастаған қала зиялылары өкілдері мен студент-жастар болды. 1934 жылдың 10 мамырында осы труппа базасында Семей қазақ музыкалы драма театры болып, ол өз шымылдығын І.Жансүгіровтің “Кек” драмасымен ашты. Театрдың құрылуы мен қалыптасуы жолында көрнекті өнер шеберлері Ж.Шанин, О.Беков, Қ.Жандарбеков, комп. Л.А. Хамиди ерекше еңбек сіңіріп, шығарм. жағынан көмек көрсетті. Алғашқы жылдары театр құрамында әнші Ә.Қашаубаев пен Ж.Елебеков, ақын И.Байзақов қызмет етті. Н.Атаханов, Г.Әбдірахманова, Р.Есімжанова, С.Қыдыралин, Ш.Мусин, т.б. кәсіби театрдың іргетасын қалаушылар тобын құрады. 1940 жылға дейін ұлттық драматург. шығармалармен қатар аударма және шетел классикасы бойынша көптеген спектакльдер қойылды. Олардың қатарында Әуезовтің “Еңлік — Кебек”, “Айман — Шолпан”, “Қарагөз”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Ел ағасы”, “Абай”, С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар”, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” және “Қыз Жібегі” бар. Соғыс жылдары Әуезовтің “Сын сағатта”, Ә.Әбішевтің “Қырағылық”, К.М. Симоновтың “Орыс адамдары”, т.б. спектакльдерді сахнаға шығарды.

1945 ж. театрға Абай Құнанбаевтың есімі берілді. 1960 жылдардың ортасынан бастап қазіргі заман тақырыбындағы Қ.Мұхамеджановтың “Yйленгің келе ме?” (“Бөлтірік бөрік астында”), Ә.Тәжібаевтың “Көңілдестер”, Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтың “Беу, қыздар-ай”, С.Жүнісовтің “Ажар мен ажалы” секілді пьесалары театр репертуарынан кең орын алды. 1978 ж. драма театры музыкалы драма болып қайта құрылып өзінің жаңа шығарм. кезеңін бастады. Осы бағытта Ш.Хұсайыновтың “Алдар Көсе”, Әуезовтің “Айман — Шолпан”, Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуі”, т.б. музыкалы драмалар мен комедиялар көрермендер назарына ұсынылды. Театр ұжымы қазіргі өмір шындығы және тарихи тақырыптағы шығармаларға да айрықша мән береді. Осы орайда соңғы жылдары Қ.Мұқаметхановтың “Комиссар Ғаббасов”, Т.Ахтановтың “Ант”, А.П. Штейннің “Толас”, С.Мұқановтың “Мөлдір махаббат”, Мұқамеджановтың “Өзіме де сол керек”, Р.Сейсенбаевтың “Дағдарыс”, “Жаңа жыл түні” мен “Өзіңді тап” (соңғысы Е.Обаевпен бірге), С.Сматаевтың “Тағдырлар”, Н.Оразалиннің “Тас киіктер”, О.Бөкеевтің “Қайдасың, құлыным менің”, Жүнісовтің “Қысылғаннан қыз болдық”, “Маскарад”, Д.Исабековтің “Әпке” және жергілікті авторлар Ғ.Сапаев, М.Сәрсекеев, Қ.Мәшһүр-Жүсіпов, М.Ибраев, К.Туғанбаев пьесалары да қойылды. Театр 1984 ж. өзінің 50 жылдығын тойлады. Сол жылы Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

М. Масалимов, Т. Ибрагимов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том


Ұқсас материалдар