Шыңжаңдағы көне түркі тас мүсіндері

09.11.2012 3990
Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Шыңжаңдағы көне түркі тас мүсіндері, шамамен 6 – 13 ғ-лар аралығында жасалған түріктердің монументтік өнер ескерткіштері. Көк түркілердің атамекенінің бірі болған ҚХР-дың Шыңжаң өлкесіндегі тас мүсіндер оның тек солт. аймақтарынан, атап айтқанда, Алтай, Тарбағатай тауларының қойнауларынан, Шығыс (Баркөл, Боғда) және Орт. Тянь-Шань (Еренқабырға) тауларының түстік және теріскей бөктерлерінен, Іле аңғарынан, сондай-ақ Жоңғар Алатауының солт.-шығыс баурайындағы Боротала даласы өңірлерінен табылған. Археол. зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Шыңжаң жеріндегі есепке алынған көне түркі тас мүсіндерінің ұзын саны бүгінгі күнде 186-ға жеткен. Табылған тас мүсіндер арасында ішінара қола дәуірінің соңы мен ерте көшпелілер дәуірінің тас мүсіндері де кездеседі. Ш. к. т. т. м-нің хронол. аясы 6 – 13 ғ-лар аралығын қамтиды. Қытай археологтары бұл тас мүсіндер көк түркілер мен теле (тегрек) тайпаларының, кейінгілері қарлұқтар мен қимақтардың, ал соңғы кезеңдегілері қырғыздардың мұрасы болуы мүмкін деген пікір айтады. Бұл жерде бір ескерер жайт, көне қытай және парсы жазба деректемелері бойынша, 12 – 13 ғ-ларда қазіргі ҚХР аумағындағы Алтай маңы мен Жоңғарияның солт.-шығыс бөлігін наймандар мекен еткен. Бұл мүсіндер жалпы Еуразия даласындағы түркілік тас мүсіндермен хронол. жағынан да, типол. жағынан да, сондай-ақ көркемдік-стильдік жағынан да біртектес. Олардың арасынан белгілі тарихи тұлғалардың құрметіне арналған тас мүсіндер де кездеседі. Солардың бірі Мұхан қағанның немересі Нири қағанның құрметіне орнатылған тас мүсін. Бұл мүсінді қытай археологы У Болунь жетекшілік еткен Іле археол. экспед. тауып, ғыл. хабарлама жасаған. Алайда ҚХР-да кейінгі жылдарға дейін ол туралы толық, түбегейлі ғыл.-зерт. жұмысы жүргізілген жоқ, тек көркемсуретті альбомдарда суреті жарияланды. 1992 – 93, 1996 және 1999 ж. жапон-қытай ғалымдарының біріккен зерттеу тобы тас мүсінді арнайы зерттеп, оған қатысты көптеген мәселелердің шешімін тапты. Тас мүсін қазіргі Іле қазақ автономиялы обл-на қарасты Чжаосу (Моңғолкүре) ауд-ның орт-нан оңт.-шығысқа қарай 5 км жердегі жазық далада орналасқан. Онда тұратын қазақтар бұл жерді Кіші Қонақай деп атайды. Ол Қазақстанның қазіргі Райымбек ауд. тұсындағы шекарасынан 30 км жерде. Тас мүсін қызғылт сұр гранит тастан сомдалған. Оның жер бетінен биікт. 2,30 м, бас жағының ені 35 см, тұлғасының ені 50 см. Мүсіннің мұрны, көзі, мұрты, киімінің жағасы, қолындағы құтысы, кісесі мен қанжары түгелдей шығыңқы әдіспен бедерленген, ал арт жағындағы сегіз өрімді бұрымы ойыңқы әдіспен салынған. Тас мүсіннің айрықша ерекшелігінің бірі – мүсінделген тұлға басына тәж (тәті) киген кейіпте сомдалған. Олар ежелгі түркі қағандарының (Күлтегін, Білге қаған, т.б.) мүсіндеріндегі тәжге ұқсайды. Екінші бір ерекшелігі – тас мүсіннің етегінен табанына дейін өте шеберлікпен таңбаланған соғдыша эпитафия. Бұл Қазақстанның тарихы мен мәдениеті үшін теңдесі жоқ құнды дерек. Жапондық ирантанушы, соғды тіл-жазуының маманы Иошида Юйтака тас мүсіндегі 20 жол (бұл тас мүсіннің жер бетінен көрініп тұрған тұсындағы жазулы жолдар, кей ғалымдар 21 жол бар дейді) бітіктің бірнеше жолынан біраз сөзді оқыған. Тас бітіктегі 6-жолдан кездескен “Мұхан қағанның немересі...” (Mwx”n x”r”n npysn...) деген сөздер аталмыш ескерткіштің мән-маңызын ашуға жол ашты. Өйткені Мұхан қытайдың көне тарихи жазба деректемелерінде аты қалған (қытайша Мугань кэхань) ірі тарихи тұлға, 553 – 72 ж. билік құрған түркі қағаны. Бітік тастағы екінші бір сәтті оқылған маңызды сөз – nry x’r’n – Нири қаған болды. Оны алғаш рет ағылшын ғалымы N.Sіms-Wіllіams оқыған, кейіннен оған Юйтака Иошида да келісті. Ол 1996 ж. Ілеге арнайы келіп, тас мүсіндегі бітік жазудың жер бетіне дейін көрініп тұрған ең соңғы жолынан cwry x’r’nt – Чори қаған және br’yo – билеуші деген сөздерді оқыды. Екінші бір жапон ғалымы Осава Такаши ондағы соғдыша эпиграф. жазба мен көне түріктер туралы ежелгі қытайдың тарихи жазба деректемелерін салыстыра зерттеу арқылы адам аттарын, тарихи тұлғалардың өмірі мен қайраткерлік болмысын тас мүсіннің иконограф. тұрпаты мен орнатылу мерзімін анықтады. Оның зерттеулері және көне қытай жазба деректері бойынша Мұхан қаған билік басында 20 жыл отырып, 572 ж. қайтыс болған. Одан кейін таққа інісі Тобо (Таспар) қаған отырды. Ол қайтыс болғаннан кейін мұрагерлер арасында тақ таласы басталды. Нәтижесінде 583 – 87 ж. Түрік қағандығы екіге бөлінді. Көне қытай деректемелеріндегі мәліметтерге талдау жасай келе, Осава Такаши тас мүсіндегі бітікте аталған Мұхан қаған қытай деректемелеріндегі Мугань кэхань, Нири қаған – Нили кэхань, Чори қаған – Чуло кэхань екендігін сеніммен түйіндеп айтады. Деректер бойынша, Нири қаған 598 ж. Пайкенттен Жетісуға (Іленің басына) оралып, Жоңғариядағы теле тайпаларының бүлігін тыныштандыру барысында қаза тапқан. Тас мүсіндегі бітік жазба мен көне қытайдың “Чжоушу”, “Суйшу”, “Тундянь”, т.б. тарихи жазбаларындағы деректер көне түркілерге қатысты көптеген мәселелер бойынша бірін-бірі толықтырады. Мыс., “Суйшуда” Мұхан қаған 20 жыл тақта отырды деп жазылса, тас мүсіндегі жазуда 21 жыл делінген. Мұны ғалымдар көне қытай күнтізбесі мен түркі күнтізбесінің айырмашылығынан болған деп түсіндіреді. Сондай-ақ қытай деректемелеріндегі Батыс Түрік қағандарының генеалогиясындағы жаңсақ кеткен тұстар анықталды. Мыс., қытай деректеріндегі мәліметтер бойынша Нири (Нили) қаған Истеми қағанның шөбересі деп көрсетіліп келді. Ал тас мүсіндегі бітік жазуы бойынша Нири қаған Мұхан қағанның немересі екені айқындалып отыр. Дәл осындай Нили қағанды Истемидің әулеті емес, Мұхан қағанның әулетінен деген пікірді қытай тарихшысы Сюе Цзунчжэн де атап көрсеткен еді. Осава Такаши өз зерттеулерінен мынадай қорытынды шығарады. 1) Тас мүсіндегі бітікте Нири қағанның асқақ мәртебесі мен жетістіктерін ұлықтап, Чори қаған билігінің алғашқы кезеңіндегі іс-әрекеттері баяндалған. 2) Тас мүсінде Нири қа-ғанның бейнесі сомдалған, бұл ескерткіш оның ұлы Чори қа-ғанның тікелей жарлығымен орнатылған. 3) Нири қағанның әкесі Янсоух тегін (парсы деректерінде Шири Кишвар) 587 ж. шығыс түркілер тарапынан тұтқынға түскен Далобяньның (Апа қаған) інісі. 4) Нири қаған 598 жылдың соңы немесе 599 жылдың басында қайтыс болып, жерлеу рәсімі 599 жылдың жазғытұрым немесе күз мезгілінде өткен. 5) Осы тас мүсін мен Моңғолиядан табылған соғды жазулы Бұғыты ескерткіші бойынша 6 ғ-дың соңына дейін Түркі қағандығында соғды жазуы жаппай қолданылатын қоғамдық жазу болған, ал аталмыш тас бітіктің авторы түркілер арасында жүрген соғдылық немесе соғдышаға жетік түркі. 6) Осыған дейін тас мүсіндер тек археол. және палеоэтнограф. материалдар ретінде зерттеліп келсе, аталмыш тас мүсін тарихи дерек ретінде аса маңызды ғыл. кәдеге жарап отыр. Пекин ун-тінің проф. Линь Мэйцуньнің айтуынша 2002 ж. тас мүсіннің маңында барлау жүргізген геологтар мүсіннің жанынан қыш ыдыстардың сынықтары мен кесек кірпіш пішінді және науа пішінді черепица сынықтарын қазып алып, оларды автордың сараптауына жіберген. Линь Мэйцуньнің пікірінше, черепицалар қытайдың Суй-Тан дәуірінің (5 – 9 ғ-лар) өнімі көрінеді. Оның үстіне Нири қағанның бір әйелі Сян текті қытай қызы болған, ал ескерткішті орнатушы Чори қағанның анасы еді. Осы жайттарды ескерген автор өз заманында тас мүсіннің жанында Нири қағанның құрметіне арнап салынған қытай үлгісіндегі кесене-зират немесе ғибадатхана болған деп жорамалдайды. Аталмыш ескерткішке қазірге дейін ресми археол. қазба жұмысы жүргізілген жоқ. Мүсіндегі бітік жазудың төм. бөлігі жерде көміліп жатқан тұсында жатыр. Жалпы Орт. Азияда мұндай эпитафиялы, сындарлы тас мүсін сирек кездеседі. Сондықтан бұл ескерткіштердің ерте ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде маңызы ерекше. С. Сұңғатай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том  

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Шыңжаңдағы көне түркі тас мүсіндері, шамамен 6 – 13 ғ-лар аралығында жасалған түріктердің монументтік өнер ескерткіштері. Көк түркілердің атамекенінің бірі болған ҚХР-дың Шыңжаң өлкесіндегі тас мүсіндер оның тек солт. аймақтарынан, атап айтқанда, Алтай, Тарбағатай тауларының қойнауларынан, Шығыс (Баркөл, Боғда) және Орт. Тянь-Шань (Еренқабырға) тауларының түстік және теріскей бөктерлерінен, Іле аңғарынан, сондай-ақ Жоңғар Алатауының солт.-шығыс баурайындағы Боротала даласы өңірлерінен табылған. Археол. зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Шыңжаң жеріндегі есепке алынған көне түркі тас мүсіндерінің ұзын саны бүгінгі күнде 186-ға жеткен. Табылған тас мүсіндер арасында ішінара қола дәуірінің соңы мен ерте көшпелілер дәуірінің тас мүсіндері де кездеседі. Ш. к. т. т. м-нің хронол. аясы 6 – 13 ғ-лар аралығын қамтиды. Қытай археологтары бұл тас мүсіндер көк түркілер мен теле (тегрек) тайпаларының, кейінгілері қарлұқтар мен қимақтардың, ал соңғы кезеңдегілері қырғыздардың мұрасы болуы мүмкін деген пікір айтады. Бұл жерде бір ескерер жайт, көне қытай және парсы жазба деректемелері бойынша, 12 – 13 ғ-ларда қазіргі ҚХР аумағындағы Алтай маңы мен Жоңғарияның солт.-шығыс бөлігін наймандар мекен еткен. Бұл мүсіндер жалпы Еуразия даласындағы түркілік тас мүсіндермен хронол. жағынан да, типол. жағынан да, сондай-ақ көркемдік-стильдік жағынан да біртектес. Олардың арасынан белгілі тарихи тұлғалардың құрметіне арналған тас мүсіндер де кездеседі. Солардың бірі Мұхан қағанның немересі Нири қағанның құрметіне орнатылған тас мүсін. Бұл мүсінді қытай археологы У Болунь жетекшілік еткен Іле археол. экспед. тауып, ғыл. хабарлама жасаған. Алайда ҚХР-да кейінгі жылдарға дейін ол туралы толық, түбегейлі ғыл.-зерт. жұмысы жүргізілген жоқ, тек көркемсуретті альбомдарда суреті жарияланды. 1992 – 93, 1996 және 1999 ж. жапон-қытай ғалымдарының біріккен зерттеу тобы тас мүсінді арнайы зерттеп, оған қатысты көптеген мәселелердің шешімін тапты. Тас мүсін қазіргі Іле қазақ автономиялы обл-на қарасты Чжаосу (Моңғолкүре) ауд-ның орт-нан оңт.-шығысқа қарай 5 км жердегі жазық далада орналасқан. Онда тұратын қазақтар бұл жерді Кіші Қонақай деп атайды. Ол Қазақстанның қазіргі Райымбек ауд. тұсындағы шекарасынан 30 км жерде. Тас мүсін қызғылт сұр гранит тастан сомдалған. Оның жер бетінен биікт. 2,30 м, бас жағының ені 35 см, тұлғасының ені 50 см. Мүсіннің мұрны, көзі, мұрты, киімінің жағасы, қолындағы құтысы, кісесі мен қанжары түгелдей шығыңқы әдіспен бедерленген, ал арт жағындағы сегіз өрімді бұрымы ойыңқы әдіспен салынған. Тас мүсіннің айрықша ерекшелігінің бірі – мүсінделген тұлға басына тәж (тәті) киген кейіпте сомдалған. Олар ежелгі түркі қағандарының (Күлтегін, Білге қаған, т.б.) мүсіндеріндегі тәжге ұқсайды. Екінші бір ерекшелігі – тас мүсіннің етегінен табанына дейін өте шеберлікпен таңбаланған соғдыша эпитафия. Бұл Қазақстанның тарихы мен мәдениеті үшін теңдесі жоқ құнды дерек. Жапондық ирантанушы, соғды тіл-жазуының маманы Иошида Юйтака тас мүсіндегі 20 жол (бұл тас мүсіннің жер бетінен көрініп тұрған тұсындағы жазулы жолдар, кей ғалымдар 21 жол бар дейді) бітіктің бірнеше жолынан біраз сөзді оқыған. Тас бітіктегі 6-жолдан кездескен “Мұхан қағанның немересі...” (Mwx”n x”r”n npysn...) деген сөздер аталмыш ескерткіштің мән-маңызын ашуға жол ашты. Өйткені Мұхан қытайдың көне тарихи жазба деректемелерінде аты қалған (қытайша Мугань кэхань) ірі тарихи тұлға, 553 – 72 ж. билік құрған түркі қағаны. Бітік тастағы екінші бір сәтті оқылған маңызды сөз – nry x’r’n – Нири қаған болды. Оны алғаш рет ағылшын ғалымы N.Sіms-Wіllіams оқыған, кейіннен оған Юйтака Иошида да келісті. Ол 1996 ж. Ілеге арнайы келіп, тас мүсіндегі бітік жазудың жер бетіне дейін көрініп тұрған ең соңғы жолынан cwry x’r’nt – Чори қаған және br’yo – билеуші деген сөздерді оқыды. Екінші бір жапон ғалымы Осава Такаши ондағы соғдыша эпиграф. жазба мен көне түріктер туралы ежелгі қытайдың тарихи жазба деректемелерін салыстыра зерттеу арқылы адам аттарын, тарихи тұлғалардың өмірі мен қайраткерлік болмысын тас мүсіннің иконограф. тұрпаты мен орнатылу мерзімін анықтады. Оның зерттеулері және көне қытай жазба деректері бойынша Мұхан қаған билік басында 20 жыл отырып, 572 ж. қайтыс болған. Одан кейін таққа інісі Тобо (Таспар) қаған отырды. Ол қайтыс болғаннан кейін мұрагерлер арасында тақ таласы басталды. Нәтижесінде 583 – 87 ж. Түрік қағандығы екіге бөлінді. Көне қытай деректемелеріндегі мәліметтерге талдау жасай келе, Осава Такаши тас мүсіндегі бітікте аталған Мұхан қаған қытай деректемелеріндегі Мугань кэхань, Нири қаған – Нили кэхань, Чори қаған – Чуло кэхань екендігін сеніммен түйіндеп айтады. Деректер бойынша, Нири қаған 598 ж. Пайкенттен Жетісуға (Іленің басына) оралып, Жоңғариядағы теле тайпаларының бүлігін тыныштандыру барысында қаза тапқан. Тас мүсіндегі бітік жазба мен көне қытайдың “Чжоушу”, “Суйшу”, “Тундянь”, т.б. тарихи жазбаларындағы деректер көне түркілерге қатысты көптеген мәселелер бойынша бірін-бірі толықтырады. Мыс., “Суйшуда” Мұхан қаған 20 жыл тақта отырды деп жазылса, тас мүсіндегі жазуда 21 жыл делінген. Мұны ғалымдар көне қытай күнтізбесі мен түркі күнтізбесінің айырмашылығынан болған деп түсіндіреді. Сондай-ақ қытай деректемелеріндегі Батыс Түрік қағандарының генеалогиясындағы жаңсақ кеткен тұстар анықталды. Мыс., қытай деректеріндегі мәліметтер бойынша Нири (Нили) қаған Истеми қағанның шөбересі деп көрсетіліп келді. Ал тас мүсіндегі бітік жазуы бойынша Нири қаған Мұхан қағанның немересі екені айқындалып отыр. Дәл осындай Нили қағанды Истемидің әулеті емес, Мұхан қағанның әулетінен деген пікірді қытай тарихшысы Сюе Цзунчжэн де атап көрсеткен еді. Осава Такаши өз зерттеулерінен мынадай қорытынды шығарады. 1) Тас мүсіндегі бітікте Нири қағанның асқақ мәртебесі мен жетістіктерін ұлықтап, Чори қаған билігінің алғашқы кезеңіндегі іс-әрекеттері баяндалған. 2) Тас мүсінде Нири қа-ғанның бейнесі сомдалған, бұл ескерткіш оның ұлы Чори қа-ғанның тікелей жарлығымен орнатылған. 3) Нири қағанның әкесі Янсоух тегін (парсы деректерінде Шири Кишвар) 587 ж. шығыс түркілер тарапынан тұтқынға түскен Далобяньның (Апа қаған) інісі. 4) Нири қаған 598 жылдың соңы немесе 599 жылдың басында қайтыс болып, жерлеу рәсімі 599 жылдың жазғытұрым немесе күз мезгілінде өткен. 5) Осы тас мүсін мен Моңғолиядан табылған соғды жазулы Бұғыты ескерткіші бойынша 6 ғ-дың соңына дейін Түркі қағандығында соғды жазуы жаппай қолданылатын қоғамдық жазу болған, ал аталмыш тас бітіктің авторы түркілер арасында жүрген соғдылық немесе соғдышаға жетік түркі. 6) Осыған дейін тас мүсіндер тек археол. және палеоэтнограф. материалдар ретінде зерттеліп келсе, аталмыш тас мүсін тарихи дерек ретінде аса маңызды ғыл. кәдеге жарап отыр. Пекин ун-тінің проф. Линь Мэйцуньнің айтуынша 2002 ж. тас мүсіннің маңында барлау жүргізген геологтар мүсіннің жанынан қыш ыдыстардың сынықтары мен кесек кірпіш пішінді және науа пішінді черепица сынықтарын қазып алып, оларды автордың сараптауына жіберген. Линь Мэйцуньнің пікірінше, черепицалар қытайдың Суй-Тан дәуірінің (5 – 9 ғ-лар) өнімі көрінеді. Оның үстіне Нири қағанның бір әйелі Сян текті қытай қызы болған, ал ескерткішті орнатушы Чори қағанның анасы еді. Осы жайттарды ескерген автор өз заманында тас мүсіннің жанында Нири қағанның құрметіне арнап салынған қытай үлгісіндегі кесене-зират немесе ғибадатхана болған деп жорамалдайды. Аталмыш ескерткішке қазірге дейін ресми археол. қазба жұмысы жүргізілген жоқ. Мүсіндегі бітік жазудың төм. бөлігі жерде көміліп жатқан тұсында жатыр. Жалпы Орт. Азияда мұндай эпитафиялы, сындарлы тас мүсін сирек кездеседі. Сондықтан бұл ескерткіштердің ерте ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде маңызы ерекше.

С. Сұңғатай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

 

Ұқсас материалдар