Ұлыбай-Тасмола мәдениеті

09.11.2012 30148
Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Ұлыбай-Тасмола мәдениеті — Қазақстанның солтүстік өлкелерінде тараған сақ дәуірі тайпаларының мәдениеті. Ескерткіштердің негізгі топтары Ақмола обл-ның солт. мен Солт. Қазақстан обл-на қарайтын Көкшетау таулы өлкелері, Шағалалы, Есіл өзендерінің алқаптарында кеңінен тараған. Бұл ескерткіштерге байланысты алғашқы деректер К.Ақышев, М.П. Грязнов ізденістері барысында 1950 жылдардың ортасынан бастап жинақталды. 1970 ж. бастап ұзақ уақыт бойы жүргізген кешенді зерттеулерін қорытындылай келе, М.Хабдулина 1994 ж. Ұ.-т. м-н бөліп шығарды және оның Орт. Қазақстанда өмір сүрген сақ дәуірі тайпаларының тасмола мәдениетінің солт. өлкелердегі жергілікті нұсқасы екендігін атап көрсетті. Түрлі көлемдегі бірнеше қоныстары, көптеген қорымдары зерттелген, тұрғындардың заттық мәдениеті кеңінен талданып, идеол. көзқарастары да біршама жақсы қарастырылған. Зерттелген тұрақты қоныс-мекендері қатарына Шағалалы өз-нің оң жағалауындағы Кеңөткел-10 қонысы, Есіл өз. бойындағы Қарлыға-1, Борқы-1,-2 қоныстары, сондай-ақ Есілдің оң жағалауында орналасқан күшейтілген Ақтау қалашығы жатады. Қазба деректеріне қарағанда, қоныстардағы нашар сақталған үйлердің қабырғалары ағаштан көтеріліп, төбесі шатырлап жабылған болуы керек. Жалпы саны 160-тан астам обадан жерлеу ғұрпына, архит. үрдістерге, қару-жарақ, ат әбзелі мен шаруашылық-тұрмыстық бұйым түрлеріне байланысты көп мөлшердегі құнды деректер алынды. Мерзімдемелік ауқымы бойынша б.з.б. 8 — 7 ғ-ларда басталып, б.з.б. 3 ғ-ға дейін жетеді және ескерткіштері ерте (б.з.б. 8 — 5 ғ-лар), кейінгі (б.з.б. 4 — 3 ғ-лар) деп аталатын 2 сатыға бөлінеді. Топырақ, тастан тұрғызылған обаларының көбінде үйіндіні айналдыра өткізілген ор болған, неғұрлым күрделі архит.-құрылымдық сипатқа, әсіресе, ерте сатыдағы обалар ие. Мұнда диам. 30 — 80 м, биікт. 1,5 — 4 м болатын үлкен обалармен қатар, көлемі бұдан анағұрлым кіші, орташа және шағын обалар да бар. Үлкен, топырақ үйінділі обалардан маңызды архит. деректер алынған. Мыс., Бірлік, Кеңес, Қараоба, Покровка қорымдарындағы обаларды зерттеу барысында топырақ үйінділердің астында кезінде “Қима” үлгісімен тұрғызылған үлкен көлемді ағаш құрылыстар болғандығы дәлелденді. Кеңес қорымының 1-обасындағы ағаш құрылыстың аум. 3´4 м, қабырғалары 5 қабат бөренемен көтерілген, үсті 2 қабат бөренемен жабылған. Кеңес қорымының 11-обасындағы қиманың аум. 7´8 м, биікт. 1 м, оның үстіне қиық пирамида тәріздес қалың жабын қойылып, оны ортадағы тігінен орнатылған 1 қатар жуан діңгектер көтеріп тұрған. Покровка қорымының 1-обасынан мұндай оба асты құрылысының тағы бір тәсілі анықталды. Бұл обада кезінде жер бетіне төртбұрыш түрінде 16 діңгек орнатылып, олардың аралары ағашпен өрілген. Зерттеушілердің пікірінше, орманды-далалы, ағашқа бай солт. өңірдің мұндай табиғи мүмкіндіктері қоныстарда үй тұрғызуға, ақсүйектерге арналған үлкен обалардың архитектурасына да кеңінен қолданылған. Жерлеу камерасының негізгі түрі — қарапайым шұңқыр қабірлер. Сиректеу жағдайда шұңқырдың бүйірінен арнайы ойық жасалған, яғни лақытты қабірлер кездеседі. Адам мүрделері тігінен созылған күйде арқасымен жатқызылып, бастары батысқа, солт.-батысқа қаратылған. 32 қорамсаққа бірігетін барлығы 250-ден астам садақ жебелерінің негізгі тобы қоладан құйылған (ұңғылы, шабақты болып 2 түрге ажыратылады), одан тыс сүйек, темір жебелер бар. Маңызды деректер қатарына қола қанжарлар, семсерлер, пышақтар, айналар, тас ыдыстар мен қыш ыдыстар, түрлі әшекейлер мен тұрмыстық заттар жатады. Ерекше ғұрыптық ескерткіштер түріне, әсіресе, Орт. Қазақстан сақтары мәдениетінде кең тараған “Мұртты обаларға” жатады. Ғалымдардың пікірінше, мал ш-н, металлургияны басты бағыт ретінде өркендеткен, егіншілікпен шұғылданған Ұ.-т. м-нің тайпалары этн. байланыстар тұрғысынан алдымен Орт. Қазақстан сақтарына етене жақын, сонымен қатар өз кезегінде Оңт. Орал сыртының бобров-тасмола мәдениетінің қалыптасуына әсер еткен. Кейінгі кезеңде Батыс Сібір өлкесінің сармат мәдениетімен, ал мәдениет дамуының соңына қарай батыс өлкелердің сармат мәдениетімен арадағы байланыстар неғұрлым күшейген. А. Бейсенов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Ұлыбай-Тасмола мәдениеті — Қазақстанның солтүстік өлкелерінде тараған сақ дәуірі тайпаларының мәдениеті. Ескерткіштердің негізгі топтары Ақмола обл-ның солт. мен Солт. Қазақстан обл-на қарайтын Көкшетау таулы өлкелері, Шағалалы, Есіл өзендерінің алқаптарында кеңінен тараған. Бұл ескерткіштерге байланысты алғашқы деректер К.Ақышев, М.П. Грязнов ізденістері барысында 1950 жылдардың ортасынан бастап жинақталды. 1970 ж. бастап ұзақ уақыт бойы жүргізген кешенді зерттеулерін қорытындылай келе, М.Хабдулина 1994 ж. Ұ.-т. м-н бөліп шығарды және оның Орт. Қазақстанда өмір сүрген сақ дәуірі тайпаларының тасмола мәдениетінің солт. өлкелердегі жергілікті нұсқасы екендігін атап көрсетті. Түрлі көлемдегі бірнеше қоныстары, көптеген қорымдары зерттелген, тұрғындардың заттық мәдениеті кеңінен талданып, идеол. көзқарастары да біршама жақсы қарастырылған. Зерттелген тұрақты қоныс-мекендері қатарына Шағалалы өз-нің оң жағалауындағы Кеңөткел-10 қонысы, Есіл өз. бойындағы Қарлыға-1, Борқы-1,-2 қоныстары, сондай-ақ Есілдің оң жағалауында орналасқан күшейтілген Ақтау қалашығы жатады. Қазба деректеріне қарағанда, қоныстардағы нашар сақталған үйлердің қабырғалары ағаштан көтеріліп, төбесі шатырлап жабылған болуы керек. Жалпы саны 160-тан астам обадан жерлеу ғұрпына, архит. үрдістерге, қару-жарақ, ат әбзелі мен шаруашылық-тұрмыстық бұйым түрлеріне байланысты көп мөлшердегі құнды деректер алынды. Мерзімдемелік ауқымы бойынша б.з.б. 8 — 7 ғ-ларда басталып, б.з.б. 3 ғ-ға дейін жетеді және ескерткіштері ерте (б.з.б. 8 — 5 ғ-лар), кейінгі (б.з.б. 4 — 3 ғ-лар) деп аталатын 2 сатыға бөлінеді. Топырақ, тастан тұрғызылған обаларының көбінде үйіндіні айналдыра өткізілген ор болған, неғұрлым күрделі архит.-құрылымдық сипатқа, әсіресе, ерте сатыдағы обалар ие. Мұнда диам. 30 — 80 м, биікт. 1,5 — 4 м болатын үлкен обалармен қатар, көлемі бұдан анағұрлым кіші, орташа және шағын обалар да бар. Үлкен, топырақ үйінділі обалардан маңызды архит. деректер алынған. Мыс., Бірлік, Кеңес, Қараоба, Покровка қорымдарындағы обаларды зерттеу барысында топырақ үйінділердің астында кезінде “Қима” үлгісімен тұрғызылған үлкен көлемді ағаш құрылыстар болғандығы дәлелденді. Кеңес қорымының 1-обасындағы ағаш құрылыстың аум. 3´4 м, қабырғалары 5 қабат бөренемен көтерілген, үсті 2 қабат бөренемен жабылған. Кеңес қорымының 11-обасындағы қиманың аум. 7´8 м, биікт. 1 м, оның үстіне қиық пирамида тәріздес қалың жабын қойылып, оны ортадағы тігінен орнатылған 1 қатар жуан діңгектер көтеріп тұрған. Покровка қорымының 1-обасынан мұндай оба асты құрылысының тағы бір тәсілі анықталды. Бұл обада кезінде жер бетіне төртбұрыш түрінде 16 діңгек орнатылып, олардың аралары ағашпен өрілген. Зерттеушілердің пікірінше, орманды-далалы, ағашқа бай солт. өңірдің мұндай табиғи мүмкіндіктері қоныстарда үй тұрғызуға, ақсүйектерге арналған үлкен обалардың архитектурасына да кеңінен қолданылған. Жерлеу камерасының негізгі түрі — қарапайым шұңқыр қабірлер. Сиректеу жағдайда шұңқырдың бүйірінен арнайы ойық жасалған, яғни лақытты қабірлер кездеседі. Адам мүрделері тігінен созылған күйде арқасымен жатқызылып, бастары батысқа, солт.-батысқа қаратылған. 32 қорамсаққа бірігетін барлығы 250-ден астам садақ жебелерінің негізгі тобы қоладан құйылған (ұңғылы, шабақты болып 2 түрге ажыратылады), одан тыс сүйек, темір жебелер бар. Маңызды деректер қатарына қола қанжарлар, семсерлер, пышақтар, айналар, тас ыдыстар мен қыш ыдыстар, түрлі әшекейлер мен тұрмыстық заттар жатады. Ерекше ғұрыптық ескерткіштер түріне, әсіресе, Орт. Қазақстан сақтары мәдениетінде кең тараған “Мұртты обаларға” жатады. Ғалымдардың пікірінше, мал ш-н, металлургияны басты бағыт ретінде өркендеткен, егіншілікпен шұғылданған Ұ.-т. м-нің тайпалары этн. байланыстар тұрғысынан алдымен Орт. Қазақстан сақтарына етене жақын, сонымен қатар өз кезегінде Оңт. Орал сыртының бобров-тасмола мәдениетінің қалыптасуына әсер еткен. Кейінгі кезеңде Батыс Сібір өлкесінің сармат мәдениетімен, ал мәдениет дамуының соңына қарай батыс өлкелердің сармат мәдениетімен арадағы байланыстар неғұрлым күшейген.

А. Бейсенов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Ұқсас материалдар