Қандастар Ассамблея

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы-8

02.05.2013 5427
  Ұл он беске келгенше - қолыңдағы қобызың, Ұл он бестен асқан соң - тіл алмаса доңызың. Үмбетей Тілеуұлы   Жылға сай батпақ болса - өте алмассың, Жастан шыққан жүйрікке - жете алмассың. Үмбетей Тілеуұлы   Мейманға отың басы болса суық - еліңе жақсы жігіт атанбассың. Үмбетей Тілеуұлы   Кісіні көрсең - есікке, Жүгіре шық, кешікпе. Қарсы алмасаң мейманды, Кесір болар несіпке. Үмбетей Тілеуұлы   Жеріңді жат баспағай. Тоныкөк   Аяқтан шалма, қапыда қалма. Жан беріп, жан алысар жорықта, Жауым көп деп қорықпа. Жауың басынса - жолың жабылар. Тоныкөк   Жауыңды - басындырма, халқыңды - ашындырма. Тоныкөк   Кетпеңдер өне бойы дүние қуып. Сүйінбай Аронұлы   Тайып бара жатқанға таяныш бол Сайф Сарайи   Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің. Сайф Сарайи   Қате сөйлеп, кейін өкінгеннен гөрі - тек тұрған жақсы. Сайф Сарайи   Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді. Сайф Сарайи   Әркім өзінің білетін ісімен айналысқаны жөн. Сайф Сарайи   Көңіл берме - көңіл бермес кісіге. Сайф Сарайи   Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан. Сайф Сарайи   Жай жатқан жыланның құйрығын баспа. Сайф Сарайи   Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама. Сайф Сарайи   Отты сөндіріп - қозасын қалдырма, Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма. Сайф Сарайи   Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа. Жұрт қашардай - қатты болма, Жұрт таптардай - жуас болма. Сайф Сарайи   Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы бостандық алатын да күн туады. Сайф Сарайи   Жаманмен жолдас болма. Сайф Сарайи   Тайып бара жатқанға таяныш бол. Сайф Сарайи   Кісінің көңіліне қара. Сайф Сарайи   Артықтан - тағылым ал, кемге - үйрет. Міржақып Дулатов   Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты. Міржақып Дулатов   Көздің жасын құрғатар жігіт қайда, Таршылықта қазақ тұр біздің жылап. Жүріп, жастар, араға - жақындастыр, Біздің халық өнерден жатыр жырақ. Міржақып Дулатов   Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады. Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады. Майқы би   Құдықты көздеуі бар жерден қаз. Құтып   Темірді жайлап иер болар. Құтып   Оқ нысанаға ғана атылады. Пеш ысыса - нан күйер. Құтып   Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма. Құтып   Ақырын жүрген алысқа барады. Құтып   Үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала. Құтып   Тәуіптен ауырыңды жасырмағайсың. Құтып   Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді. Білге қаған  Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

Ұл он беске келгенше - қолыңдағы қобызың,

Ұл он бестен асқан соң - тіл алмаса доңызың.

Үмбетей Тілеуұлы

 

Жылға сай батпақ болса - өте алмассың,

Жастан шыққан жүйрікке - жете алмассың.

Үмбетей Тілеуұлы

 

Мейманға отың басы болса суық - еліңе жақсы жігіт атанбассың.

Үмбетей Тілеуұлы

 

Кісіні көрсең - есікке,

Жүгіре шық, кешікпе.

Қарсы алмасаң мейманды,

Кесір болар несіпке.

Үмбетей Тілеуұлы

 

Жеріңді жат баспағай.

Тоныкөк

 

Аяқтан шалма, қапыда қалма.

Жан беріп, жан алысар жорықта,

Жауым көп деп қорықпа.

Жауың басынса - жолың жабылар.

Тоныкөк

 

Жауыңды - басындырма, халқыңды - ашындырма.

Тоныкөк

 

Кетпеңдер өне бойы дүние қуып.

Сүйінбай Аронұлы

 

Тайып бара жатқанға таяныш бол

Сайф Сарайи

 

Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.

Сайф Сарайи

 

Қате сөйлеп, кейін өкінгеннен гөрі - тек тұрған жақсы.

Сайф Сарайи

 

Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді.

Сайф Сарайи

 

Әркім өзінің білетін ісімен айналысқаны жөн.

Сайф Сарайи

 

Көңіл берме - көңіл бермес кісіге.

Сайф Сарайи

 

Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан.

Сайф Сарайи

 

Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.

Сайф Сарайи

 

Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.

Сайф Сарайи

 

Отты сөндіріп - қозасын қалдырма,

Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма.

Сайф Сарайи

 

Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.

Жұрт қашардай - қатты болма,

Жұрт таптардай - жуас болма.

Сайф Сарайи

 

Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы бостандық алатын да күн туады.

Сайф Сарайи

 

Жаманмен жолдас болма.

Сайф Сарайи

 

Тайып бара жатқанға таяныш бол.

Сайф Сарайи

 

Кісінің көңіліне қара.

Сайф Сарайи

 

Артықтан - тағылым ал, кемге - үйрет.

Міржақып Дулатов

 

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

Міржақып Дулатов

 

Көздің жасын құрғатар жігіт қайда,

Таршылықта қазақ тұр біздің жылап.

Жүріп, жастар, араға - жақындастыр,

Біздің халық өнерден жатыр жырақ.

Міржақып Дулатов

 

Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.

Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.

Майқы би

 

Құдықты көздеуі бар жерден қаз.

Құтып

 

Темірді жайлап иер болар.

Құтып

 

Оқ нысанаға ғана атылады.

Пеш ысыса - нан күйер.

Құтып

 

Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма.

Құтып

 

Ақырын жүрген алысқа барады.

Құтып

 

Үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала.

Құтып

 

Тәуіптен ауырыңды жасырмағайсың.

Құтып

 

Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді.

Білге қаған

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Ұқсас материалдар