Қандастар Ассамблея

1 мамырда «Атамекен» этно-мемориалдық кешені ашылды

02.05.2013 2597
Астанада бүгін «Атамекен» этно-мемориалдық кешені есігін айқара ашты. Бұл жолы дәстүрлі ашылу маусымы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен тұспа-тұс келді  деп хабарлайды astana.kz   Биылғы жылы этноорталық Мұражай педагогикасына арналған өзінің XIII маусымын ашты. Жақында осы маусыммен аттас этно-мемориалдық кешенінде әзірленген «Мұражай педагогикасы» оқулығы жарыққа шықты. Авторы мұражай директоры Үмітхан Мұңалбаева. «Бұл ТМД-да мұражай педагогикасы бойынша алғашқы кітап болып табылады. Әзірге ол қазақ және орыс тілдерінде. Алдағы уақытта оны ағылшын тіліне аударуды жоспарлаудамыз. Аталған оқулық ҚР Білім министрлігінде мақұлданған»,- дейді «Атамекен» этно-мемориалдық кешені директорының орынбасары Жанар Нұрбапанова. Сондай-ақ, бүгін этноорталық қызметкерлері үздік саяхатшыларды марапаттау іс-шарасын да өткізді. Дәстүр бойынша үздік гидтер «Атамекен» этно-мемориалдық кешені маусымының ашылуында атап өтіледі. Бүгін «2013 жылғы үздік саяхатшы-гид» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биылғы жылы іріктеу туры сәуірдің 18-нен 30-ына дейін өткізілген болатын. Оған 6-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау үш кезеңде өтті. Өтінім берген 500 баланың 144-і жеңімпаз танылды. Алдағы уақытта бұл балалар «Атамекен» этно-мемориалдық кешенімен ынтымақтаса жұмыс істейтін болады. 500-ден астам адам қатысқан іс-шара «Бірлік түбі - береке» мерекелік концертіне жалғасты. Еске салайық, Мұражайға кіру маусымы 1 мамырдан 1 қазанға дейін ашық.  

Астанада бүгін «Атамекен» этно-мемориалдық кешені есігін айқара ашты. Бұл жолы дәстүрлі ашылу маусымы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен тұспа-тұс келді  деп хабарлайды astana.kz

 

Биылғы жылы этноорталық Мұражай педагогикасына арналған өзінің XIII маусымын ашты.

Жақында осы маусыммен аттас этно-мемориалдық кешенінде әзірленген «Мұражай педагогикасы» оқулығы жарыққа шықты. Авторы мұражай директоры Үмітхан Мұңалбаева.

«Бұл ТМД-да мұражай педагогикасы бойынша алғашқы кітап болып табылады. Әзірге ол қазақ және орыс тілдерінде. Алдағы уақытта оны ағылшын тіліне аударуды жоспарлаудамыз. Аталған оқулық ҚР Білім министрлігінде мақұлданған»,- дейді «Атамекен» этно-мемориалдық кешені директорының орынбасары Жанар Нұрбапанова.

Сондай-ақ, бүгін этноорталық қызметкерлері үздік саяхатшыларды марапаттау іс-шарасын да өткізді. Дәстүр бойынша үздік гидтер «Атамекен» этно-мемориалдық кешені маусымының ашылуында атап өтіледі. Бүгін «2013 жылғы үздік саяхатшы-гид» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биылғы жылы іріктеу туры сәуірдің 18-нен 30-ына дейін өткізілген болатын. Оған 6-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау үш кезеңде өтті. Өтінім берген 500 баланың 144-і жеңімпаз танылды. Алдағы уақытта бұл балалар «Атамекен» этно-мемориалдық кешенімен ынтымақтаса жұмыс істейтін болады.

500-ден астам адам қатысқан іс-шара «Бірлік түбі - береке» мерекелік концертіне жалғасты.

Еске салайық, Мұражайға кіру маусымы 1 мамырдан 1 қазанға дейін ашық.  

Ұқсас материалдар