Қандастар Ассамблея

Астана бірлік күнін тойлауды бастады

01.05.2013 1819
Астана Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлауды бастады. Мерекенің негізгі шаралары өтеді деген «Қазақ елі» монументіне жиналған халықты мамырдың мамыражай ауа райы қуанта түсіп, думан өте көңілді басталып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бүгінгі мерекелік бағдарламаға сәйкес, Елорда тұрғындары мен қонақтары алдымен 1000-нан аса бишілер мен әртістер қатысатын театрландырылған қойылымды тамашалайды. Артынша Еділ Құсайынов, Әлішер Кәрімов, Мәдина Сәдуақасов, «Ринго», «Дервиши» топтары, Парвиз Назаров сияқты отандық эстрада жұлдыздары алаңға жиналады деп жоспарланып отырған 5000-нан астам көрермен алдында ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын болады. Халық сондай-ақ сахнадан тыс Қазақстанның тату іргесінде тұрып жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін тану үшін олардың арнайы тігілген «шатырларын» аралап, серуіндеп жүр. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ  

Астана Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлауды бастады. Мерекенің негізгі шаралары өтеді деген «Қазақ елі» монументіне жиналған халықты мамырдың мамыражай ауа райы қуанта түсіп, думан өте көңілді басталып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Бүгінгі мерекелік бағдарламаға сәйкес, Елорда тұрғындары мен қонақтары алдымен 1000-нан аса бишілер мен әртістер қатысатын театрландырылған қойылымды тамашалайды. Артынша Еділ Құсайынов, Әлішер Кәрімов, Мәдина Сәдуақасов, «Ринго», «Дервиши» топтары, Парвиз Назаров сияқты отандық эстрада жұлдыздары алаңға жиналады деп жоспарланып отырған 5000-нан астам көрермен алдында ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын болады.

Халық сондай-ақ сахнадан тыс Қазақстанның тату іргесінде тұрып жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін тану үшін олардың арнайы тігілген «шатырларын» аралап, серуіндеп жүр.


Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ


 

Ұқсас материалдар