Коммерциялық банк

09.11.2012 4169
Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК – лицензияға және қолданыстағы заңнамаға сүйеніп коммерциялық негізде банк операцияларын жүзеге асыру құқығы берілген заңи тұлға, яки кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар үшін әмбебап банк операцияларын: есеп айырысу, төлем төлеу, салымдар тарту, несие беру операцияларын, сондай-ақ, құнды қағаздар рыногіндегі операцияларды жүзеге асырушы ірі несие мекемесі. К. б. үлеспұлдық немесе акцион. негізде құрылады. Жарғылық капиталының жасақталу тәсілі бойынша (мыс., мемлекеттің қатысуымен құрылатын К. б., шет ел капиталының қатысуымен құрылатын К. б., т.б.); мамандануы бойынша (мыс., агр. банктер, инновациялық банктер); қызмет аумағы, жасалатын операциялардың түрлері, т.б. бойынша ажыратылуы мүмкін. К. б. операцияларды жүргізу үшін қажетті ақшалай қаражатты, негізінен, салымдар түрінде тартылған жинақ ақша, банкаралық несие, меншікті акциялары мен активтерін шығару есебінен жасақтайды, яки К. б. қаражаты меншікті қаражат (жарғылық қор, сақтаулы қор, пайда есебінен құрылған басқа да қорлар), сырттан тартылған қаражат (кәсіпорындардың шоттарындағы қаражат, олардың салымдары мен депозиттері, азаматтардың салымдары, т.б.) түрлеріне бөлінеді. Қазақстан Республикасының аумағында К. б-ке Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен басқа барлық банктер жатады. Олар депозиттер қабылдауға, қысқа мерзімді несие беруге, тапсырыскерлерге есеп айырысу қызметін көрсетуге маманданған, барлық салалардағы кәсіпорындар үшін негізінен салымдар түрінде тартылған ақшалай капитал мен жинақ ақша есебінен әмбебап банк операцияларын жүзеге асырушы несие мекемесі. К. б. есеп айырысу және төлем төлеу, құнды қағаздар шығару операцияларын жүргізеді, несие мен кепілдіктер, т.б. береді. Меншік нысанына қарай жекеше (жеке, акцион.) және мемл. К. б-ге бөлінеді. Банктер жүргізетін операциялар 3 топқа бөлінеді: пассив операциялар (қаражат тарту), актив операциялар (қаражатты орналастыру), комиссиялық-делдалдық операциялар (тапсырыскерлердің тапсыруы бойынша операцияларды комиссиялық алым төлей отырып орындау). Актив операцияларда өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарын несиелендіруге баса назар аударылады. Қазіргі жағдайда қысқа мерзімді несиенің өсуімен қатар орта және ұзақ мерзімді несие, халықты несиелендіру барған сайын зор мәнге ие болып отыр. Аса маңызды делдалдық операциялар – инкассолық, аккредитивтік, аударма және сауда-комиссиялық операциялар. Банктердің қызметінде сенімгерлік операциялар мен лизинг ерекше орын алады. С. Тоқсанбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК – лицензияға және қолданыстағы заңнамаға сүйеніп коммерциялық негізде банк операцияларын жүзеге асыру құқығы берілген заңи тұлға, яки кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар үшін әмбебап банк операцияларын: есеп айырысу, төлем төлеу, салымдар тарту, несие беру операцияларын, сондай-ақ, құнды қағаздар рыногіндегі операцияларды жүзеге асырушы ірі несие мекемесі. К. б. үлеспұлдық немесе акцион. негізде құрылады. Жарғылық капиталының жасақталу тәсілі бойынша (мыс., мемлекеттің қатысуымен құрылатын К. б., шет ел капиталының қатысуымен құрылатын К. б., т.б.); мамандануы бойынша (мыс., агр. банктер, инновациялық банктер); қызмет аумағы, жасалатын операциялардың түрлері, т.б. бойынша ажыратылуы мүмкін. К. б. операцияларды жүргізу үшін қажетті ақшалай қаражатты, негізінен, салымдар түрінде тартылған жинақ ақша, банкаралық несие, меншікті акциялары мен активтерін шығару есебінен жасақтайды, яки К. б. қаражаты меншікті қаражат (жарғылық қор, сақтаулы қор, пайда есебінен құрылған басқа да қорлар), сырттан тартылған қаражат (кәсіпорындардың шоттарындағы қаражат, олардың салымдары мен депозиттері, азаматтардың салымдары, т.б.) түрлеріне бөлінеді.

Қазақстан Республикасының аумағында К. б-ке Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен басқа барлық банктер жатады. Олар депозиттер қабылдауға, қысқа мерзімді несие беруге, тапсырыскерлерге есеп айырысу қызметін көрсетуге маманданған, барлық салалардағы кәсіпорындар үшін негізінен салымдар түрінде тартылған ақшалай капитал мен жинақ ақша есебінен әмбебап банк операцияларын жүзеге асырушы несие мекемесі. К. б. есеп айырысу және төлем төлеу, құнды қағаздар шығару операцияларын жүргізеді, несие мен кепілдіктер, т.б. береді. Меншік нысанына қарай жекеше (жеке, акцион.) және мемл. К. б-ге бөлінеді. Банктер жүргізетін операциялар 3 топқа бөлінеді: пассив операциялар (қаражат тарту), актив операциялар (қаражатты орналастыру), комиссиялық-делдалдық операциялар (тапсырыскерлердің тапсыруы бойынша операцияларды комиссиялық алым төлей отырып орындау). Актив операцияларда өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарын несиелендіруге баса назар аударылады. Қазіргі жағдайда қысқа мерзімді несиенің өсуімен қатар орта және ұзақ мерзімді несие, халықты несиелендіру барған сайын зор мәнге ие болып отыр. Аса маңызды делдалдық операциялар – инкассолық, аккредитивтік, аударма және сауда-комиссиялық операциялар. Банктердің қызметінде сенімгерлік операциялар мен лизинг ерекше орын алады.

С. Тоқсанбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Ұқсас материалдар