Қандастар Ассамблея

Ел, халық, денсаулық туралы

08.02.2016 28294
Ел, халық, денсаулық туралы

 

Ел, халық туралы

Ел азарында есірік болар.

Би-шешендер

Ел тозып, ығыр болса - ер қажып, тұғыр болар.

Би-шешендер

 

Қазақ асының асылы да, жасығы да - айран, бұйымының жақсысы да, жаманы да - киіз. Айранды қымыздан бір ай бұрын, бір ай соң ішеді. Әсіресе, жазғы шілдеде айраннан қадірлі ас жоқ. Киіз үйден қазақ баспана үй де, тоқым да, төсеніш те, табанына ұлтарақ та жасайды.

Би-шешендер

 

Бүтін болса - ел жақсы.

Би-шешендер

Ер азса - ел азар.

Шал Құлекеұлы

Қона берсең - жерің тозар, шаба берсең - елің тозар.

Шал Құлекеұлы

Халық-қазына, хан-қақпа, батыр-қорған.

Жанақ Сағындықұлы

Ер - аттан мұқалады, ат - тағадан,

Ел - ағадан азады, тон - жағадан.

Жанақ Сағындықұлы

Ер туса - елге тыныс.

Жанақ Сағындықұлы

Халық - дария, хан - балық.

Жанақ Сағындықұлы

Біздің халықтың үйшісі, ұстасы қалыпты.

Әлихан Бөкейханов

Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың отырған іргелі ел жоқ.

Әлихан Бөкейханов

Анық түрік затты халық тілі - біздің қазақ тілі.

Әлихан Бөкейханов

Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса - тарих жолында тезек теріп қалады.

Әлихан Бөкейханов

Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар.

Мұхтар Әуезов

Ауыл кетсе - ұлттың ұйтқысы кетеді.

Шерхан Мұртаза

 

Қалтай айтады: «Өркениетті елдерде - адамның басы мен ісіне қарайды, ал біздің елдерде -адамның шашы мен тісіне қарайды»,-деп.

Шерхан Мұртаза

Ел іші - алтын бесік.

Мақал - мәтел

Халық айтса, қалт айтпайды.

Мақал - мәтел

Аңқау елге - арамза молда.

Мақал - мәтел

Елде бар - ерінге тиеді.

Мақал - мәтел

Қашпақ-қумақ - ерге сын, көшпек-қонбақ - елге сын.

Мақал - мәтел

Тозған елді тоған асырайды.

Мақал - мәтел

Тоғай аралаған - үйші, ел аралаған - сыншы.

Мақал - мәтел

Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ.

Мақал - мәтел

Хан қарау болса, халқы ұры болады.

Мақал - мәтел

Желікке ерген жезөкше - ер жақсысын талғамас, жетім өскен тасбауыр - ел жақсысын талғамас.

Мақал - мәтел

Халық қаласа - хан түйесін сояр.

Мақал - мәтел

 

Денсаулық туралы

Денсаулық - зор байлық.

Мақал - мәтел

 

Бірінші  байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - оң саулық

Мақал - мәтел

 

Ару батпандап кіріп, мысқалдап шығады.

Мақал - мәтел

 

Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ.

Мақал - мәтел

 

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да - игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.

Әбу Нәсіп әл-Фараби

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

 

Ұқсас материалдар