Климат

09.11.2012 25955
Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КЛИМАТ (грек. klіma, klіmatos – еңкіштік, Күн сәулелерінің Жер бетіне түсу еңкіштігі) – Жер бетіндегі белгілі бір аймаққа тән ауа райының көпжылдық режимі. К. сол өңірдің негізгі географиялық сипаттамаларының бірі болып саналады. Көп жылдық режим осы өңірдегі ауа райының ондаған жыл бойындағы барлық жағдайлары, олардың ішінде: осы жағдайлардың типтік жылдық алмасуы, кей жылдары байқалған ауа райының аномальдік ауытқулары (құрғақшылық, жауын-шашынды, суық кезеңдер, т.б.) жатады. Бұрын тек жер бетіндегі құбылыстарға ғана қатысты айтылатын климат ұғымы 20 ғ-дың ортасынан бастап атмосфераның жоғ. қабаттарын да қамтиды. К-тың типтік және сирек байқалатын ерекшеліктерін анықтау үшін метеорол. бақылаулардың көп жылдық қатары болуы шарт. Қоңыржай ендіктерде 25 – 50 жылдық қатарлар пайдаланылса, тропиктерде олардың ұзақтығы азырақ болуы мүмкін, кейде (мыс., Антарктидада атмосфераның биік қабаттарында) қысқа мерзімдік байқаулармен шектелуге тура келеді. Мұхиттардың К-ын зерттеу барысында, аралдарда жүргізілетін бақылаулармен бірге тәуліктің әр мезгілінде зерттеу кемелерінен алынған мәліметтер де, кемелерде жүргізілетін тұрақты бақылау материалдары да пайдаланылады. Негізгі К-тық сипаттамаларға мынадай метеорол. құбылыстарды бақылаудың көп жылдық қатарларының статист. өңдеу қорытындылары жатады: атмосф. қысым, желдің бағыты мен жылдамдығы, ауаның ылғалдылығы мен темп-расы, бұлттылық пен атмосф. жауын-шашын. Сонымен бірге Күн радиациясының ұзақтығын, көріну алыстығын, топырақ пен су қоймалары беткі қабаттарының темп-расын, ылғалдың жер бетінен атмосфераға булануын, қар қабатының қалыңдығы мен жағдайын, түрлі атмосф. құбылыстарды және жер беті гидрометеорол. факторларын да (шық, көктайғақ, тұман, күннің күркіреуі, бұрқасындар, т.б.) есепке алуға тура келеді. 20 ғ-да К-тық көрсеткіштер қатарына жер бетінің жылу теңдестігі элементтерінің сипаттамалары да енгізілді. Олар: жалпы Күн радиациясы, радиациялық теңдестік (баланс), жер беті мен атмосфера арасындағы жылу алмасу көрсеткіші, булануға жұмсалатын жылу. Атмосфера К-ының сипаттамаларына негізінен атмосф. қысым, жел, ауаның темп-расы мен ылғалдылығы және радиация мәліметтері жатады. Метеорол. құбылыстардың көп жылдық орташа мәндері (жылдық, маусымдық, айлық, тәуліктік, т.б.), олардың жиынтығы, қайталануы, т.б. К-тық қалып (норма) деп аталады. Осыған сәйкес жеке тәуліктер, айлар, жылдар, т.б. үшін бұл көрсеткіштердің қалыптан ауытқуы анықталады. К. сипаттамасы үшін сонымен бірге кешенді көрсеткіштер де, яғни түрлі коэффициенттер, факторлар, индекстер (мыс., континенттік, құрғақшылық, ылғалдану) пайдаланылады. К-тың арнайы көрсеткіштері климатологияның қолданбалы салаларында пайдаланылады. Мыс., агроклиматологияда – вегетация кезеңіндегі темп-ралар қосындысы, биоклиматология мен тех. климатологияда – эффективті темп-ралар, жылыту жүйесіндегі есептеулерде – күндік градустар, т.б. 20 ғ-да микроклимат, жер беті ауасының К-ы, жергілікті К. және т.б. туралы ұғымдар қалыптасты. Сондай-ақ, макроклимат – жер бетінің тұтас бір аумақтарының К-ы туралы, “топырақ климаты” және өсімдіктер ортасын сипаттайтын “өсімдіктер климаты” (фитоклимат) туралы түсініктер де бар. “Қалалық климат” термині кең таралды, себебі қазіргі заманғы үлкен қала жергілікті К-қа айтарлықтай әсер етеді. Жер бетіндегі К-тық жағдайлар жаїандық ауқымдағы өзара байланысты геофиз. процестер циклдерінің нәтижесінде қалыптасады (жылу, ылғал және атмосфераның жалпы айналымы). Жер бетіне түскен Күн радиациясының сәулелік энергиясы атмосферада және жер бетінде жұтылуы нәтижесінде жылуға айналады. Жылу айналымы атмосфера мен жер беті арасындағы жылу алмасуынан, жер бетіндегі жылудың мұхиттың және ауаның ағыстарымен тасымалдануы нәтижесінде қайта үлестірілуінен, Күн радиациясының шағылысуынан, Жер және атмосфераның ғарыштық кеңістікке өзіндік сәуле шығаруынан туады. Ылғал айналымы су көздері мен құрлықтан судың атмосфераға булануы (өсімдік транспирациясын қоса) арқылы жүзеге асады. Атмосфераның жалпы айналымы, негізінен, жел режимін қалыптастырады. К-тың географ. факторларына геогр. ендік, абс. биіктік, құрлық пен теңіздердің бөлінісі, жер бедері, мұхит ағыстары, топырақтың құрылымы, өсімдік жамылғысы, қар мен мұз жамылғысы, ауаның құрамы, т.б. жатады. К-тың типтері және олардың Жер шарындағы таралу заңдылықтары су режиміне, топыраққа, өсімдіктерге және жануарлар дүниесіне, сондай-ақ, а. ш. дақылдарының таралуына елеулі ықпалын тигізеді. К. белгілі бір мөлшерде өнеркәсіптің орналастырылуына, халықтың тұрмысы мен денсаулығына әсер етеді. К. жағдайларын тұтас және халық ш-ның белгілі бір қажеттіліктері тұрғысынан зерттеумен, К. жөніндегі деректерді жинақтау және тарату ісімен Қазақстанда “Қазгидромет” респ. мемл. кәсіпорны айналысады. Жердің К-ы тарихи кезеңдерде елеулі өзгерістерге ұшырап отырған. Соңғы жүздеген млн. жылдар арасында (антропогенге дейін) Жер К-ы қазіргісінен жылырақ, тропиктердегі темп-ра осы күнгіге жақын, ал қоңыржай және биік ендіктерде қазіргіден анағұрлым жоғары болған. Палеогеннің басында (шамамен 70 млн. жыл бұрын) экваторлық және полюс маңы аймақтары арасындағы темп-ра алшақтығы өсе бастады, алайда, антропогеннің басына дейін бұл алшақтық қазіргіден аз болды. Антропогенде биік ендіктердегі темп-ра күрт төмендеп, полюстік мұзбасу қалыптасты. Соңғы бірнеше мың жылдар аясындағы К-ты сипаттайтын деректер зерттеулердің палеогеогр. әдістерінің (дендрохронология, палинологиялық талдау, т.б.) көмегімен алынды. Мыс., соңғы 5 мың жыл ішінде Еуропаның және оған таяу аймақтардың (бәлкім, бүкіл Жер шарының да болар) климаты біршама өзгерді деуге болады. Жер бетіндегі К-тық жағдайлар геогр. ендіктерге тікелей байланысты. Жерді К-тық аудандарға бөлу жалпы К-тық жағдайлары біршама жақын (ұқсас) белдеулерге, белдемдерге және аймақтарға бөлуге негізделген. Экваторлық К. атмосф. қысымы төмен (экваторлық депрессия, экватордан солт-ке және оңт-ке қарай 5 – 10° шамасында жатқан) өңірді қамтиды. Экваторлық депрессияның екі жағында, атмосф. қысым жоғары аймақтарда, тропиктер тұсындағы мұхит бетінде пассаттық К. басым. Мұхиттық пассаттар аймақтарына құрлықта тропиктік шөл К-ы сәйкес келеді. Тропиктердің кейбір аймақтарында (Экваторлық Африка, Оңт. және Оңт.-Шығыс Азия, Солт. Австралия) пассаттар К-ы тропиктік муссондар К-мен алмасады. Құрлықтардың ішкі жағындағы субтропиктік ендіктерде қысы-жазы бірдей атмосф. жоғары қысым басым болатындықтан, құрғақ субтропиктер К-ы қалыптасады. Азияның биік таулы аймақтарында (Памир, Тибет) – суық дала К-ы қалыптасқан. Құрлықтардың шығыс бөліктеріндегі субтропиктік ендіктерде (Шығ. Қытай, Оңт.-Шығ. Америка, Оңт. Америкадағы Парана өз. алабындағы елдер) муссондық субтропиктік К. қалыптасса, құрлықтардың батыс бөліктерінде (негізінен, Еуразия, Солт. Америка) теңіз К-ы басым. Еуразия мен Солт. Американың орта ендіктерінде – ішкі континенттік К. (оның ішінде Қазақстанда), Еуразияның шығыс жақ шетінде муссондық К. қалыптасты. Еуразия мен Солт. Американың солт. шет аймақтарында субтропиктік К. тұрақтады. Арктикалық алап К-ы суық, орташа айлық темп-ра жазда 0°С-тан қыста –40°С-қа дейін өзгереді. Антарктида К-ы – жер бетіндегі ең қатал К. Ж. Достай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КЛИМАТ (грек. klіma, klіmatos – еңкіштік, Күн сәулелерінің Жер бетіне түсу еңкіштігі) – Жер бетіндегі белгілі бір аймаққа тән ауа райының көпжылдық режимі. К. сол өңірдің негізгі географиялық сипаттамаларының бірі болып саналады. Көп жылдық режим осы өңірдегі ауа райының ондаған жыл бойындағы барлық жағдайлары, олардың ішінде: осы жағдайлардың типтік жылдық алмасуы, кей жылдары байқалған ауа райының аномальдік ауытқулары (құрғақшылық, жауын-шашынды, суық кезеңдер, т.б.) жатады. Бұрын тек жер бетіндегі құбылыстарға ғана қатысты айтылатын климат ұғымы 20 ғ-дың ортасынан бастап атмосфераның жоғ. қабаттарын да қамтиды. К-тың типтік және сирек байқалатын ерекшеліктерін анықтау үшін метеорол. бақылаулардың көп жылдық қатары болуы шарт. Қоңыржай ендіктерде 25 – 50 жылдық қатарлар пайдаланылса, тропиктерде олардың ұзақтығы азырақ болуы мүмкін, кейде (мыс., Антарктидада атмосфераның биік қабаттарында) қысқа мерзімдік байқаулармен шектелуге тура келеді. Мұхиттардың К-ын зерттеу барысында, аралдарда жүргізілетін бақылаулармен бірге тәуліктің әр мезгілінде зерттеу кемелерінен алынған мәліметтер де, кемелерде жүргізілетін тұрақты бақылау материалдары да пайдаланылады. Негізгі К-тық сипаттамаларға мынадай метеорол. құбылыстарды бақылаудың көп жылдық қатарларының статист. өңдеу қорытындылары жатады: атмосф. қысым, желдің бағыты мен жылдамдығы, ауаның ылғалдылығы мен темп-расы, бұлттылық пен атмосф. жауын-шашын. Сонымен бірге Күн радиациясының ұзақтығын, көріну алыстығын, топырақ пен су қоймалары беткі қабаттарының темп-расын, ылғалдың жер бетінен атмосфераға булануын, қар қабатының қалыңдығы мен жағдайын, түрлі атмосф. құбылыстарды және жер беті гидрометеорол. факторларын да (шық, көктайғақ, тұман, күннің күркіреуі, бұрқасындар, т.б.) есепке алуға тура келеді. 20 ғ-да К-тық көрсеткіштер қатарына жер бетінің жылу теңдестігі элементтерінің сипаттамалары да енгізілді. Олар: жалпы Күн радиациясы, радиациялық теңдестік (баланс), жер беті мен атмосфера арасындағы жылу алмасу көрсеткіші, булануға жұмсалатын жылу. Атмосфера К-ының сипаттамаларына негізінен атмосф. қысым, жел, ауаның темп-расы мен ылғалдылығы және радиация мәліметтері жатады. Метеорол. құбылыстардың көп жылдық орташа мәндері (жылдық, маусымдық, айлық, тәуліктік, т.б.), олардың жиынтығы, қайталануы, т.б. К-тық қалып (норма) деп аталады. Осыған сәйкес жеке тәуліктер, айлар, жылдар, т.б. үшін бұл көрсеткіштердің қалыптан ауытқуы анықталады. К. сипаттамасы үшін сонымен бірге кешенді көрсеткіштер де, яғни түрлі коэффициенттер, факторлар, индекстер (мыс., континенттік, құрғақшылық, ылғалдану) пайдаланылады.

К-тың арнайы көрсеткіштері климатологияның қолданбалы салаларында пайдаланылады. Мыс., агроклиматологияда – вегетация кезеңіндегі темп-ралар қосындысы, биоклиматология мен тех. климатологияда – эффективті темп-ралар, жылыту жүйесіндегі есептеулерде – күндік градустар, т.б.

20 ғ-да микроклимат, жер беті ауасының К-ы, жергілікті К. және т.б. туралы ұғымдар қалыптасты. Сондай-ақ, макроклимат – жер бетінің тұтас бір аумақтарының К-ы туралы, “топырақ климаты” және өсімдіктер ортасын сипаттайтын “өсімдіктер климаты” (фитоклимат) туралы түсініктер де бар. “Қалалық климат” термині кең таралды, себебі қазіргі заманғы үлкен қала жергілікті К-қа айтарлықтай әсер етеді. Жер бетіндегі К-тық жағдайлар жаїандық ауқымдағы өзара байланысты геофиз. процестер циклдерінің нәтижесінде қалыптасады (жылу, ылғал және атмосфераның жалпы айналымы). Жер бетіне түскен Күн радиациясының сәулелік энергиясы атмосферада және жер бетінде жұтылуы нәтижесінде жылуға айналады. Жылу айналымы атмосфера мен жер беті арасындағы жылу алмасуынан, жер бетіндегі жылудың мұхиттың және ауаның ағыстарымен тасымалдануы нәтижесінде қайта үлестірілуінен, Күн радиациясының шағылысуынан, Жер және атмосфераның ғарыштық кеңістікке өзіндік сәуле шығаруынан туады. Ылғал айналымы су көздері мен құрлықтан судың атмосфераға булануы (өсімдік транспирациясын қоса) арқылы жүзеге асады. Атмосфераның жалпы айналымы, негізінен, жел режимін қалыптастырады. К-тың географ. факторларына геогр. ендік, абс. биіктік, құрлық пен теңіздердің бөлінісі, жер бедері, мұхит ағыстары, топырақтың құрылымы, өсімдік жамылғысы, қар мен мұз жамылғысы, ауаның құрамы, т.б. жатады.

К-тың типтері және олардың Жер шарындағы таралу заңдылықтары су режиміне, топыраққа, өсімдіктерге және жануарлар дүниесіне, сондай-ақ, а. ш. дақылдарының таралуына елеулі ықпалын тигізеді. К. белгілі бір мөлшерде өнеркәсіптің орналастырылуына, халықтың тұрмысы мен денсаулығына әсер етеді. К. жағдайларын тұтас және халық ш-ның белгілі бір қажеттіліктері тұрғысынан зерттеумен, К. жөніндегі деректерді жинақтау және тарату ісімен Қазақстанда “Қазгидромет” респ. мемл. кәсіпорны айналысады.

Жердің К-ы тарихи кезеңдерде елеулі өзгерістерге ұшырап отырған. Соңғы жүздеген млн. жылдар арасында (антропогенге дейін) Жер К-ы қазіргісінен жылырақ, тропиктердегі темп-ра осы күнгіге жақын, ал қоңыржай және биік ендіктерде қазіргіден анағұрлым жоғары болған. Палеогеннің басында (шамамен 70 млн. жыл бұрын) экваторлық және полюс маңы аймақтары арасындағы темп-ра алшақтығы өсе бастады, алайда, антропогеннің басына дейін бұл алшақтық қазіргіден аз болды. Антропогенде биік ендіктердегі темп-ра күрт төмендеп, полюстік мұзбасу қалыптасты. Соңғы бірнеше мың жылдар аясындағы К-ты сипаттайтын деректер зерттеулердің палеогеогр. әдістерінің (дендрохронология, палинологиялық талдау, т.б.) көмегімен алынды. Мыс., соңғы 5 мың жыл ішінде Еуропаның және оған таяу аймақтардың (бәлкім, бүкіл Жер шарының да болар) климаты біршама өзгерді деуге болады.

Жер бетіндегі К-тық жағдайлар геогр. ендіктерге тікелей байланысты. Жерді К-тық аудандарға бөлу жалпы К-тық жағдайлары біршама жақын (ұқсас) белдеулерге, белдемдерге және аймақтарға бөлуге негізделген. Экваторлық К. атмосф. қысымы төмен (экваторлық депрессия, экватордан солт-ке және оңт-ке қарай 5 – 10° шамасында жатқан) өңірді қамтиды. Экваторлық депрессияның екі жағында, атмосф. қысым жоғары аймақтарда, тропиктер тұсындағы мұхит бетінде пассаттық К. басым. Мұхиттық пассаттар аймақтарына құрлықта тропиктік шөл К-ы сәйкес келеді. Тропиктердің кейбір аймақтарында (Экваторлық Африка, Оңт. және Оңт.-Шығыс Азия, Солт. Австралия) пассаттар К-ы тропиктік муссондар К-мен алмасады. Құрлықтардың ішкі жағындағы субтропиктік ендіктерде қысы-жазы бірдей атмосф. жоғары қысым басым болатындықтан, құрғақ субтропиктер К-ы қалыптасады. Азияның биік таулы аймақтарында (Памир, Тибет) – суық дала К-ы қалыптасқан. Құрлықтардың шығыс бөліктеріндегі субтропиктік ендіктерде (Шығ. Қытай, Оңт.-Шығ. Америка, Оңт. Америкадағы Парана өз. алабындағы елдер) муссондық субтропиктік К. қалыптасса, құрлықтардың батыс бөліктерінде (негізінен, Еуразия, Солт. Америка) теңіз К-ы басым. Еуразия мен Солт. Американың орта ендіктерінде – ішкі континенттік К. (оның ішінде Қазақстанда), Еуразияның шығыс жақ шетінде муссондық К. қалыптасты.

Еуразия мен Солт. Американың солт. шет аймақтарында субтропиктік К. тұрақтады. Арктикалық алап К-ы суық, орташа айлық темп-ра жазда 0°С-тан қыста –40°С-қа дейін өзгереді. Антарктида К-ы – жер бетіндегі ең қатал К.

Ж. Достай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том