Терлік

09.11.2012 5231
Соңғы редакциялау 31 қазан 2012   Терлік – тоқымның астына салу үшін қойдың жабағы жүнінен жасалады. Шеттерін былғары болмаса матамен көмкереді. Терлік өз атына сай тер сіңіру және аттың арқасына ердің қапталы батпау үшін қажет. Тұсамыс – жылқы ұзап жайылып кетпс үшін пайдаланатын әбзел; аттың алдыңғы екі аяғына салынады. Оны жіп қайыс немесе ременнен жасайды. Тұсамыстың тиек орнатылған алақаны және балақбауы болады. Атты тұсағанда балақбаудың ат шашасы жағында болуы шарт. Тұсамыс болмаған жағдайда жылқыны жіппен де тұсау береді. Үзеңгі – көлікке міну үшін қажет. Зергерлер оны қоладан құятын болған, темірден қақтап та жасаған. Үзеңгінің екі қабырғасының жоғары жағында таралғы өткізетін тесік болады, ал аяқ киімнің табаны тұратынжері тұтас сопақша болып келеді. Ершілер үзеңгіні кеппеген қайыңнан иіп немесе ойып жасайды, мұндай үзеңгілер атқа жеңіл болады және ол қыста аяқты қарымайды. Шідер – жылқыны матау әбзелінің бірі. Оны қайыстан, кейде шынжырдан жасайды. Шідер – үш балақ (тұсамыс және өре) болып келеді. Ол жылқының алдыңғы екі аяғы мен артқы бір тілерсегіне салынады. Әр балақта бір-бірден алақан, тиек және балақ баулар болады. Қыл шідердің тұсауын, өресін және балақ бауларын жылқы қылынан жеке-жке дайындап алып құрастырады. Ал қайыс шідерді сиыр терісінен иленген қалың қайыстан екі қабаттап жасайды. Қос қабатталған қайыс таспамен тігіледі. Мұндай шідердің тұсауы мен өрелігі шығыршық арқылы жалғасады. Өрме шідердің үш балағы бөлек өріліп біріктіріледі. Оның балақ баулары қос қабат жіңішке қайыс таспалардан жұмырланып өріледі. Шілия – қамытты аттың мойнына кетірмеу үшін пайдаланылатын әбзел. Шілияны қайыстан тігіп, түйіп өріп ісейді, шеберлер күміспен, жезбен қадақтап әсемдейді, әр жеріне қайыстан шашақ тағады. Мұрындық – түйенің, өгіздің екі танауы арасындағы мұрын шеміршегін тесіп, көлденең өткізіп қоятын жіңішке таяқша. Оны қатты ағаштан, көбінесе тобылғыдан жасайды. Мұрындыққа бұйда байлап, сол арқылы көлікті оңға, солға бұрады, жетектейді. Бұғалық – арқаннан жасалған арнайы құрал. Оны жылқыны, түйені т.б. ұстау үшін қыл, кендір, қайыс арқаннан ұзындығын 12-15 құлаш етіп жасайды. Бұғалықтың бір ұшын күрмеп кішкентай тұзақ жасайды, екінші ұшын сол тұзақтан өткізеді де, одан жылжымалы үлкен тұзақ жасайды. Оны көбінесе құрыққа байлап пайдаланады. Көпшік – ердің үстіне салатын төсеніш. Оны көбінесе тысымен немесе тыссыз жасайды. Көпшікті әдетте киізден, жүн тартқан матадан, жүнін арасына келтіріп, беттестірілген қой терісінен, аң терілерінен, сондай-ақ ішіне жылқының қылын салып былғары, жарғақ жастықшалардан жасайды. Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.

Соңғы редакциялау

31 қазан 2012

 

Терлік – тоқымның астына салу үшін қойдың жабағы жүнінен жасалады. Шеттерін былғары болмаса матамен көмкереді. Терлік өз атына сай тер сіңіру және аттың арқасына ердің қапталы батпау үшін қажет.

Тұсамыс – жылқы ұзап жайылып кетпс үшін пайдаланатын әбзел; аттың алдыңғы екі аяғына салынады. Оны жіп қайыс немесе ременнен жасайды. Тұсамыстың тиек орнатылған алақаны және балақбауы болады. Атты тұсағанда балақбаудың ат шашасы жағында болуы шарт. Тұсамыс болмаған жағдайда жылқыны жіппен де тұсау береді.

Үзеңгі – көлікке міну үшін қажет. Зергерлер оны қоладан құятын болған, темірден қақтап та жасаған. Үзеңгінің екі қабырғасының жоғары жағында таралғы өткізетін тесік болады, ал аяқ киімнің табаны тұратынжері тұтас сопақша болып келеді. Ершілер үзеңгіні кеппеген қайыңнан иіп немесе ойып жасайды, мұндай үзеңгілер атқа жеңіл болады және ол қыста аяқты қарымайды.

Шідер – жылқыны матау әбзелінің бірі. Оны қайыстан, кейде шынжырдан жасайды. Шідер – үш балақ (тұсамыс және өре) болып келеді. Ол жылқының алдыңғы екі аяғы мен артқы бір тілерсегіне салынады. Әр балақта бір-бірден алақан, тиек және балақ баулар болады. Қыл шідердің тұсауын, өресін және балақ бауларын жылқы қылынан жеке-жке дайындап алып құрастырады. Ал қайыс шідерді сиыр терісінен иленген қалың қайыстан екі қабаттап жасайды. Қос қабатталған қайыс таспамен тігіледі. Мұндай шідердің тұсауы мен өрелігі шығыршық арқылы жалғасады. Өрме шідердің үш балағы бөлек өріліп біріктіріледі. Оның балақ баулары қос қабат жіңішке қайыс таспалардан жұмырланып өріледі.

Шілия – қамытты аттың мойнына кетірмеу үшін пайдаланылатын әбзел. Шілияны қайыстан тігіп, түйіп өріп ісейді, шеберлер күміспен, жезбен қадақтап әсемдейді, әр жеріне қайыстан шашақ тағады.

Мұрындық – түйенің, өгіздің екі танауы арасындағы мұрын шеміршегін тесіп, көлденең өткізіп қоятын жіңішке таяқша. Оны қатты ағаштан, көбінесе тобылғыдан жасайды. Мұрындыққа бұйда байлап, сол арқылы көлікті оңға, солға бұрады, жетектейді.

Бұғалық – арқаннан жасалған арнайы құрал. Оны жылқыны, түйені т.б. ұстау үшін қыл, кендір, қайыс арқаннан ұзындығын 12-15 құлаш етіп жасайды. Бұғалықтың бір ұшын күрмеп кішкентай тұзақ жасайды, екінші ұшын сол тұзақтан өткізеді де, одан жылжымалы үлкен тұзақ жасайды. Оны көбінесе құрыққа байлап пайдаланады.

Көпшік – ердің үстіне салатын төсеніш. Оны көбінесе тысымен немесе тыссыз жасайды. Көпшікті әдетте киізден, жүн тартқан матадан, жүнін арасына келтіріп, беттестірілген қой терісінен, аң терілерінен, сондай-ақ ішіне жылқының қылын салып былғары, жарғақ жастықшалардан жасайды.

Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.