Андронов мәдениеті

09.11.2012 34788
  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Андронов мәдениеті — қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың алғашқы ширегінен бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында Батыс, Оңт. Қазақстан, Сібір мен Орт. Азияны мекендеген тайпалар мәдениеті. Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қ-ның маңындағы Андронов дер-ның маңынан табылуына байланысты осылай атаған. Бұл мәдениет Орт. Қазақстанда мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі — б.з.б. 17-16 ғ-дағы Петров мәдениеті; орта кезеңі — б.з.б. 15-12 ғ-дағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі — б.з.б. 11-9 ғ-дағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. Андронов мәдениетін жасаған тайпалар егін егу, мал өсіру, аң аулау кәсіптеріне қолайлы өзен, көл жағаларында, бұлақтары мол тау аңғарларында тұрған. Алғашқы қоныстары биік дуалдармен, сырты ормен қоршалған, іші бөлек қамал-қала типтес болған. Орта және соңғы кезеңдерінде ауылдар ұлғайып, 20-120 үйлік қоныстар пайда болған. Қорғаныс дуалдары, орлары жоқ. Үйлері шымнан, бөренелерден салынып, кейде іргесіне тас қалаған немесе жалпақ тастарды тігінен көмген. Пішімі төртбұрышты, трапеция, сопақша (көлемі 60-160 м2). Соңғы кезеңдерінде көшіп-қонуға ыңғайлы дөңгелек, құрастырмалы (диаметрі 6-10 м) үйлерде тұрған. Зираттарын ауылдан өзен, бұлақ, сай немесе жота бөліп тұрады. Қайтыс болған адамдарды тігінен, қырынан немесе жалпағынан қалап шығарған тас қоршаулар мен қоршауы бар обалар ішіндегі тастан өрілген немесе жалпақ тастарды қырынан қойып қиюластырған жәшік-көрлер ішіне қол-аяғын бүгіп, бір қырымен басын батысқа, кейде шығысқа бағыттап жерлеген. Өртеп күлін жерлеу салты да болған. Бас жағына әсем өрнектелген 1-5 көзеге сұйық тамақ құйып, қасына мүше-мүше мал етін, марқұмның күнделікті пайдаланған және қазаға арнайы дайындалған қару-құрал, әшекей бұйымдарын қойған. Жәшік бетін жалпақ тастармен мұқият жапқан. Қоршау мен көр іші отпен тазаланып, аласталған. Халқы кетпенді егіншілікпен, мал өсірумен, аң аулаумен шұғылданған және мыс, қола кендерін қазып алып, оларды қосып балқытып қорытқан қоладан бұйымдар жасаған. Оларды адамзат өркениеті тарихында металды пайдаланған алғашқы зергерлер деп атауға болады. Діни наным-сенімдері бойынша күнге, отқа, қасиетті жануарларға табынған. Олардың бейнелері көзенің сыртындағы өрнектерде, тастағы суреттерде, сынтастарда, әшекей бұйымдарда көптеп кездеседі. Бұл мәдениет кезіндегі тайпалардың тұрмыс-салты, кәсібі, қолөнері қазақ халқының тіршілігінде көп сақталған. Әдеб.: Тугаринов А.Я., Андроновские могилы, “Сибирская живая старина”, 1926; Грязнов М.П., Погребение бронзовой эпохи в Западном Казахстане, “Казаки”, в. 2, Л., 1927; Черников С.С., Восточный Казахстан в эпоху бронзы, МИА, М, 1960; Маргулан А.Х. и др. Древняя культура Центрального Казахстана. А., 1966. Ж.Құрманқұлов

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Андронов мәдениеті — қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың алғашқы ширегінен бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында Батыс, Оңт. Қазақстан, Сібір мен Орт. Азияны мекендеген тайпалар мәдениеті. Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қ-ның маңындағы Андронов дер-ның маңынан табылуына байланысты осылай атаған. Бұл мәдениет Орт. Қазақстанда мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі — б.з.б. 17-16 ғ-дағы Петров мәдениеті; орта кезеңі — б.з.б. 15-12 ғ-дағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі — б.з.б. 11-9 ғ-дағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. Андронов мәдениетін жасаған тайпалар егін егу, мал өсіру, аң аулау кәсіптеріне қолайлы өзен, көл жағаларында, бұлақтары мол тау аңғарларында тұрған. Алғашқы қоныстары биік дуалдармен, сырты ормен қоршалған, іші бөлек қамал-қала типтес болған. Орта және соңғы кезеңдерінде ауылдар ұлғайып, 20-120 үйлік қоныстар пайда болған. Қорғаныс дуалдары, орлары жоқ. Үйлері шымнан, бөренелерден салынып, кейде іргесіне тас қалаған немесе жалпақ тастарды тігінен көмген. Пішімі төртбұрышты, трапеция, сопақша (көлемі 60-160 м2). Соңғы кезеңдерінде көшіп-қонуға ыңғайлы дөңгелек, құрастырмалы (диаметрі 6-10 м) үйлерде тұрған. Зираттарын ауылдан өзен, бұлақ, сай немесе жота бөліп тұрады. Қайтыс болған адамдарды тігінен, қырынан немесе жалпағынан қалап шығарған тас қоршаулар мен қоршауы бар обалар ішіндегі тастан өрілген немесе жалпақ тастарды қырынан қойып қиюластырған жәшік-көрлер ішіне қол-аяғын бүгіп, бір қырымен басын батысқа, кейде шығысқа бағыттап жерлеген. Өртеп күлін жерлеу салты да болған. Бас жағына әсем өрнектелген 1-5 көзеге сұйық тамақ құйып, қасына мүше-мүше мал етін, марқұмның күнделікті пайдаланған және қазаға арнайы дайындалған қару-құрал, әшекей бұйымдарын қойған. Жәшік бетін жалпақ тастармен мұқият жапқан. Қоршау мен көр іші отпен тазаланып, аласталған. Халқы кетпенді егіншілікпен, мал өсірумен, аң аулаумен шұғылданған және мыс, қола кендерін қазып алып, оларды қосып балқытып қорытқан қоладан бұйымдар жасаған. Оларды адамзат өркениеті тарихында металды пайдаланған алғашқы зергерлер деп атауға болады. Діни наным-сенімдері бойынша күнге, отқа, қасиетті жануарларға табынған. Олардың бейнелері көзенің сыртындағы өрнектерде, тастағы суреттерде, сынтастарда, әшекей бұйымдарда көптеп кездеседі. Бұл мәдениет кезіндегі тайпалардың тұрмыс-салты, кәсібі, қолөнері қазақ халқының тіршілігінде көп сақталған.

Әдеб.: Тугаринов А.Я., Андроновские могилы, “Сибирская живая старина”, 1926; Грязнов М.П., Погребение бронзовой эпохи в Западном Казахстане, “Казаки”, в. 2, Л., 1927; Черников С.С., Восточный Казахстан в эпоху бронзы, МИА, М, 1960; Маргулан А.Х. и др. Древняя культура Центрального Казахстана. А., 1966.

Ж.Құрманқұлов

Ұқсас материалдар