Қандастар Ассамблея

Сенаторлар аймақ тұрғындарымен кездесуінде өзекті мәселелерді талқыға салды

25.04.2013 2297
  Бүгін депутаттардың аймақтарға сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінде сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.  Кездесуде «Ардагерлер туралы» және «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң жобаларына байланысты мәселелер қозғалды. Ардагерлер айтқан ұсыныстар Парламент қабырғасында осы заң жобаларын талқылау барысында ескерілетін болады, деп атап өтті А.Башмаков. Сондай-ақ тұрғындар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қаланы абаттандыру, көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы хабардар болуға мүдделілік танытты. Дәрігерлік көмек көрсету және білім беру саласына, қоғамдық тәртіпке қатысты мәселелер көтерілді. Депутат әр мәселеге нақты жауап беріп, бірқатар мәселелерді жергілікті өкілді және атқарушы органдармен бірлесе шешу туралы ойларын ортаға салды. Одан басқа, сенатор «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының активімен, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының ұжымымен кездесті және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «ХХІ ғасырдағы әлемдік өркениеттің ноосферадағы парадигмасы» тақырыбы бойынша лекция оқыды. Сенатор Қуаныш Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзекті мәселелермен танысты. Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларында және Отырар ауданына болған кезде ол Елбасының басшылығымен атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың маңызы туралы әңгімеледі, сондай-ақ Президенттің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында алға қойылған міндеттері аясындағы Парламенттің заң шығару қызметі туралы хабардар етті. Сапар кезінде сенатор Қ.Айтаханов Көксарай су реттегішінің жұмысы туралы хабардар болды. Қазіргі кезде Көксарай су реттегішінде 3 миллиард текше метр су жиналып, толық іске қосылды. Су реттегіш жұмысының тиімділігін арттыру туралы пікір алмасу барысында суармалы және екпе жайылым жерлердің көлемін арттыру, балық шаруашылығын дамыту туралы пікірлер айтылды. Облыс кәсіпкерлерімен кездесуде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту, мемлекеттік қызмет пен зейнетақы жүйесін реформалау мәселелері сөз болды. Ал Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалында жеке азаматтарды олардың өтініштері бойынша қабылдады. Қызылордалықтар сенаторға мүлікті заңсыз сатылуы мен заңсыз жұмыстан шығарылуы, «Қайсар» футбол клубының жас ойыншыларының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жолықты.   Bnews.kz, 12.04.2013 ж.

 

Бүгін депутаттардың аймақтарға сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінде сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. 

Кездесуде «Ардагерлер туралы» және «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң жобаларына байланысты мәселелер қозғалды. Ардагерлер айтқан ұсыныстар Парламент қабырғасында осы заң жобаларын талқылау барысында ескерілетін болады, деп атап өтті А.Башмаков.

Сондай-ақ тұрғындар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қаланы абаттандыру, көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы хабардар болуға мүдделілік танытты. Дәрігерлік көмек көрсету және білім беру саласына, қоғамдық тәртіпке қатысты мәселелер көтерілді.

Депутат әр мәселеге нақты жауап беріп, бірқатар мәселелерді жергілікті өкілді және атқарушы органдармен бірлесе шешу туралы ойларын ортаға салды.

Одан басқа, сенатор «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының активімен, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының ұжымымен кездесті және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «ХХІ ғасырдағы әлемдік өркениеттің ноосферадағы парадигмасы» тақырыбы бойынша лекция оқыды.

Сенатор Қуаныш Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзекті мәселелермен танысты. Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларында және Отырар ауданына болған кезде ол Елбасының басшылығымен атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың маңызы туралы әңгімеледі, сондай-ақ Президенттің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында алға қойылған міндеттері аясындағы Парламенттің заң шығару қызметі туралы хабардар етті.

Сапар кезінде сенатор Қ.Айтаханов Көксарай су реттегішінің жұмысы туралы хабардар болды. Қазіргі кезде Көксарай су реттегішінде 3 миллиард текше метр су жиналып, толық іске қосылды. Су реттегіш жұмысының тиімділігін арттыру туралы пікір алмасу барысында суармалы және екпе жайылым жерлердің көлемін арттыру, балық шаруашылығын дамыту туралы пікірлер айтылды.

Облыс кәсіпкерлерімен кездесуде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту, мемлекеттік қызмет пен зейнетақы жүйесін реформалау мәселелері сөз болды.

Ал Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалында жеке азаматтарды олардың өтініштері бойынша қабылдады. Қызылордалықтар сенаторға мүлікті заңсыз сатылуы мен заңсыз жұмыстан шығарылуы, «Қайсар» футбол клубының жас ойыншыларының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жолықты.

 

Bnews.kz,

12.04.2013 ж.

Ұқсас материалдар