Қандастар Ассамблея

Қазақстанда жоғары оқу орнын дамыту үшін оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру қажет – мам

24.04.2013 2930
Жоғары оқу орындары оқытушыларының әрбірінің жеке кәсіби біліктілігін арттыру арқылы, біз қазақстандық білімді әрі қарай дамытып, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге елеулі үлесімізді қоса аламыз. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институтының директоры Гүлнәр Балақаева осындай пікір білдірді. «2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған міндеттерді орындаудағы педагогтардың рөліне ерекше көңіл бөлінген. Бұл заңды және уақытында жасалған. Педагогикалық білім осы жүйенің іргетасы болып табылады. Яғни, бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы педагогтардың кәсібилігі, біліктілігі мен жауапкершілігімен анықталатын болады», - деп атап өтті Гүлнәр Балақаева.  2012 жылы Қазақстанда республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институтының базасында жоғары мектеп мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарлама қолға алынған. «Бағдарламаның мақсаты отандық оқытушылық құрамды осы салада қажет инновациялық білім, біліктілік пен шеберлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Біздің алдымызда маңызды міндеттер тұр. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеді. Педагогтың біліктілігін арттыра отырып, біз оның алған білімін студенттерді, яғни болашақ мұғалімдерді дайындаған кезде пайдаланатынын түсінеміз. Демек, педагогты оқыту дегеніміз – ұлтты оқыту деген сөз», - деген пікірін білдірді Балақаева. Оның айтуынша, педагогикалық мамандық оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған тың бағдарлама арқылы педагогтардың жаңа буынын дайындау көзделген. «Бағдарламаны меңгеру арқылы тыңдаушылар алдына мақсат қоя білетін, педагогикалық жағдайды талдай алатын, оқу процесін жобалап, жүзеге асыруға икемді, өз қызметінің нәтижесін бағалай алатын болашақ ұстаздарды дайындайды. Бағдарлама республиканың барлық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарының оқытушыларын қамтиды. Әлемнің біліктілікті арттыру бойынша үздік тәжірибесі пайдаланылады», - деп атап өтті республикалық институт директоры. Мұнымен қатар бағдарлама аясында қазақстандық оқытушылар шетелдік жоғары оқу орындарында тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие. 2012 жылы 12 университеттің 55 оқытушысы шетелде біліктілігін арттырып қайтқан. Айымгүл Әбілева BNews.kz 15.02.2013      

Жоғары оқу орындары оқытушыларының әрбірінің жеке кәсіби біліктілігін арттыру арқылы, біз қазақстандық білімді әрі қарай дамытып, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге елеулі үлесімізді қоса аламыз. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институтының директоры Гүлнәр Балақаева осындай пікір білдірді.

«2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған міндеттерді орындаудағы педагогтардың рөліне ерекше көңіл бөлінген. Бұл заңды және уақытында жасалған. Педагогикалық білім осы жүйенің іргетасы болып табылады. Яғни, бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы педагогтардың кәсібилігі, біліктілігі мен жауапкершілігімен анықталатын болады», - деп атап өтті Гүлнәр Балақаева. 

2012 жылы Қазақстанда республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институтының базасында жоғары мектеп мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарлама қолға алынған.

«Бағдарламаның мақсаты отандық оқытушылық құрамды осы салада қажет инновациялық білім, біліктілік пен шеберлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Біздің алдымызда маңызды міндеттер тұр. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеді. Педагогтың біліктілігін арттыра отырып, біз оның алған білімін студенттерді, яғни болашақ мұғалімдерді дайындаған кезде пайдаланатынын түсінеміз. Демек, педагогты оқыту дегеніміз – ұлтты оқыту деген сөз», - деген пікірін білдірді Балақаева.

Оның айтуынша, педагогикалық мамандық оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған тың бағдарлама арқылы педагогтардың жаңа буынын дайындау көзделген.

«Бағдарламаны меңгеру арқылы тыңдаушылар алдына мақсат қоя білетін, педагогикалық жағдайды талдай алатын, оқу процесін жобалап, жүзеге асыруға икемді, өз қызметінің нәтижесін бағалай алатын болашақ ұстаздарды дайындайды. Бағдарлама республиканың барлық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарының оқытушыларын қамтиды. Әлемнің біліктілікті арттыру бойынша үздік тәжірибесі пайдаланылады», - деп атап өтті республикалық институт директоры.

Мұнымен қатар бағдарлама аясында қазақстандық оқытушылар шетелдік жоғары оқу орындарында тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие. 2012 жылы 12 университеттің 55 оқытушысы шетелде біліктілігін арттырып қайтқан.

Айымгүл Әбілева

BNews.kz

15.02.2013

 

 

 

Ұқсас материалдар