Шаханов Мұхтар

09.11.2012 8930
Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Шаханов Мұхтар (2.7.1942 ж. т., Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Қасқасу а.) — ақын, қоғам қайраткері. ҚР халық жазушысы (1996), Қырғыз Республикасының халық ақыны (1999). Шымкент пед. ин-тын бітірген (1969). 1961 — 65 ж. “Оңтүстік Қазақстан” газетінде түзетуші, әдеби қызметкер, 1965 — 70 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің оңт. облыстардағы тілшісі, 1970 — 71 ж. Шымкент обл. комсомол к-тінде сектор меңгерушісі, 1971 — 76 ж. ҚР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемл. к-тінің аға, бас редакторы, 1976 — 79 ж. ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-ттің бөлім бастығы, 1984 — 93 ж. “Жалын” альманахының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан) қызметтерін атқарды. 1993 — 2004 ж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болды. 2004 — 07 ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Алғашқы өлеңі “Сырдария” 1959 жылы жарияланған. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Бақыт” 1966 ж. жарық көрді. Кейін махаббат, достық тақырыбындағы, адамгершілік абзал қасиеттерді жырлаған “Балладалар” (1968), “Ай туып келеді” (1970), “Қырандар төбеге қонбайды” (1974), “Ғашықтық” (1979), “Махаббатты қорғау” (1982), “Ғасырлардағы безбендеу” (1988) атты өлеңдер, балладалар мен поэмалар жинақтары басылды. Шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дәріптейтін “Танакөз” (1970; Сырдария туралы көне аңыздың желісіне құрылған “Сейхундария” (1974), жастық шақты жырлайтын “Күретамырды іздеу” (1975), көне дәуір мен бүгінгі өмір адамдарын шендестіре суреттеп, филос. ой түйетін “Сенім патшалығы” (1977), махаббат триптихтерінен тұратын “Махаббатты қорғау” (1978), халық қамы үшін күрескен патриот ақын Махамбет өміріне арналған “Нарынқұм трагедиясы” (1980), көне қала — Отырар тағдырын суреттейтін “Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі” (1982) атты поэмалары жарық көрді. “Махаббат таңы” (1974), “Сенім патшалығы” (1977), “Көкейкесті” (1987), “Ночь воспоминаний о Сократе или суд на шкуре туполобого” (в соавторстве с Ч.Айтматовым, 1998), поэзиялық пьесалары театр сахналарында қойылды. “Уақыт бедерлері” (1981), “Зерде кітабы” (1984) атты жинақтары орыс тілінде шықты. Шығармалары шет елдерде де жарық көрді. А. Мамашұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Шаханов Мұхтар (2.7.1942 ж. т., Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Қасқасу а.) — ақын, қоғам қайраткері. ҚР халық жазушысы (1996), Қырғыз Республикасының халық ақыны (1999). Шымкент пед. ин-тын бітірген (1969). 1961 — 65 ж. “Оңтүстік Қазақстан” газетінде түзетуші, әдеби қызметкер, 1965 — 70 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің оңт. облыстардағы тілшісі, 1970 — 71 ж. Шымкент обл. комсомол к-тінде сектор меңгерушісі, 1971 — 76 ж. ҚР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемл. к-тінің аға, бас редакторы, 1976 — 79 ж. ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-ттің бөлім бастығы, 1984 — 93 ж. “Жалын” альманахының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан) қызметтерін атқарды. 1993 — 2004 ж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болды. 2004 — 07 ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Алғашқы өлеңі “Сырдария” 1959 жылы жарияланған. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Бақыт” 1966 ж. жарық көрді. Кейін махаббат, достық тақырыбындағы, адамгершілік абзал қасиеттерді жырлаған “Балладалар” (1968), “Ай туып келеді” (1970), “Қырандар төбеге қонбайды” (1974), “Ғашықтық” (1979), “Махаббатты қорғау” (1982), “Ғасырлардағы безбендеу” (1988) атты өлеңдер, балладалар мен поэмалар жинақтары басылды. Шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дәріптейтін “Танакөз” (1970; Сырдария туралы көне аңыздың желісіне құрылған “Сейхундария” (1974), жастық шақты жырлайтын “Күретамырды іздеу” (1975), көне дәуір мен бүгінгі өмір адамдарын шендестіре суреттеп, филос. ой түйетін “Сенім патшалығы” (1977), махаббат триптихтерінен тұратын “Махаббатты қорғау” (1978), халық қамы үшін күрескен патриот ақын Махамбет өміріне арналған “Нарынқұм трагедиясы” (1980), көне қала — Отырар тағдырын суреттейтін “Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі” (1982) атты поэмалары жарық көрді. “Махаббат таңы” (1974), “Сенім патшалығы” (1977), “Көкейкесті” (1987), “Ночь воспоминаний о Сократе или суд на шкуре туполобого” (в соавторстве с Ч.Айтматовым, 1998), поэзиялық пьесалары театр сахналарында қойылды. “Уақыт бедерлері” (1981), “Зерде кітабы” (1984) атты жинақтары орыс тілінде шықты. Шығармалары шет елдерде де жарық көрді.

А. Мамашұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Ұқсас материалдар