Қандастар Ассамблея

Жақсы адам қазына

23.04.2013 3741
Кейде біз адамның жүріс-тұрысына, орынсыз қылығына қарап өкпе мен кінәмізді оның өмір сүрген қоғамына, не болмаса заманына ысыра саламыз. Бірақ бұл пікірдің көбінесе  көріпкелдігімізден емес, пенде­шілігімізден туындайтынын соңынан барып түсінеміз. Бұрынғы аталарымыздың тұрмысы  мен жағдайы біздердің өмірімізден артық болған жоқ қой. Солар қайсарлықтың, төзімділіктің және келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің арқасында барлық қиындықтарды жеңе білді. Біздің әңгімемізге өзек болып отырған Айтмұханбет Жанайдаровтың өмірі соған айқын мысал болар еді. Оның әкесі Жанайдар ақ патша мен қызыл империяның елге жасаған қиянатын көзімен көрді. 1916 жылы қазақ даласында ұлт-азаттық күрес бұрқ еткенде Ереймен еліндегі көтерілісті бастаған басшылардың бірі осы Жанайдар болатын. Ол сол үшін аз жапа шеккен жоқ. Бұл өз алдына ұзақ-сонар әңгіме. Бұдан кейінгі зұлматтар да аз болмаған. Кеңестік кезеңдегі ашаршылық, репрессия мен Ұлы Отан соғысы жақсы мен жайсаңды қынадай қырды ғой. Өрімтал жастар отқа түскен көбелектей соғыстың жалмауыз көмейінен шыға алмады. Айтмұханбет Жанайдаровтың ата-анасы, аға-апалары осы зар заманның тірі куәгерлері еді. Бірақ, сөзіміздің басында айтқандай, олар өмірдегі жолдарынан адасқан жоқ, соңдарына өнегелі өмір, өшпес із қалдырды. Айтмұханбетті жұрт Әйтекең деп құрмет тұтатын. Тірі болса бүгінде жасы 80-ге келіп, үл­кен де, кіші де сый тұтатын ортада масайрап оты­рар еді. Ақмола өңірінің ауыл шаруашы­лы­ғын дамытуға бірден бір атсалысқан, сүбелі үлес қосқан осы Әйтекең болатын. Еңбек жолына қысқаша шолу жасайтын болсақ, ол сол кездегі Це­линоград облысының “Воздвиженка”, “Бар­шын” шаруашылықтарын, кейіндері Атбасар, Макин (бүгінгі Бұланды) аудандарын басқарып, Қазақстан экономикасының дамуына барынша еңбек сіңірген кісілердің бірі. Мыңғыртып қой өсіріп, жылқы мен қара малды көбейтті. Соның ыстығы  мен суығына төзе білді. Әйтім ағамыз тың эпопеясы жылдары Қа­зақ­стан мемлекетінің басшылары Д.Қонаевпен, Б.Әшімовпен егін алқаптары басында талай мәрте кездескені бар. Адал еңбек нәтижесінде ол екі мәрте “Халықтар достығы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұдан кейінгі еңбек жолы Целиноград облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағы жетекшілік  қызметпен байланысты болды. Аграрлық облыстың өндірген алтын дәні, еті мен сүті Қазақстанның даңқын аспандатты. Айтмұханбет Жанайдаров еңбек майданының қызу ортасында жүрсе де, әріптестерінен  бір артықшылығы – оның көзі ашық, көкірегі ояу, ақынжанды, тарих пен төл шежірені терең мең­гергенінде болатын. Тың көтеруге келгендердің ішінде әпербақан, менмен, жергілікті ұлтты көзге ілгісі келмейтіндер аз болған жоқ. Ондайлардың  санасына, қоғамдық көзқарасына өзгеріс енгізген қайсар мінезді қазақтардың бірі осы Әйтекең еді. Замандастары қара қылды қақ жарған әділдігіне, жолдасқа, елге деген құрме­тіне, қиянатқа жол бермейтін азаматтық кел­бе­тіне күні бүгінге дейін тәнті. Белгілі ақын Нұр­ғожа Оразовтың өлең жолдары соны аңғартқандай. Елімде ер жігіттің бірі болды, Ісі де, қимылы да ірі болды. Алдына жәрдем тілеп келгендердің, Жарылқар, көмек берер пірі болды. Мұндай адамдардың рухының биік болуы заңды да. Айтмұханбет Жанайдаровтың өзі жазған өлең-жырларынан біз қазақтың біртуар пер­зенттері Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұ­ма­баев, Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Әуе­зовке деген ерекше бір құрметті көреміз. Мы­са­лы, Мағжан туралы толғауында ол былай дейді: Адамдық қасиетті түгел жиған, Бойына мұнша өнер қалай сыйған. Қазақтың алтын жалды арыстанын, Тәңірім даналықпен сомдап құйған. “Жақсы адам – қазына” деп бұрынғылар бекер айтпаған. Себебі, Әйтекең қай өңірде еңбек етсе де өзінің жылы жүзімен, бауыр­мал­дығымен бірінші көрген кісінің өзін айрыл­мастай туыс, дос-жаран ете білді. “Бөлінгенді – бөрі алады” деген қағиданы ол кісі жиі айтып отырушы еді. Сондықтан, Қазақстанның әр аймағындағы тұрып жатқан жора-жолдастары ол кісіні ерекше пір тұтқаны шындық. Еліміз егемендік алып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жерге оралғанда ел алдында сөз сөйлеген Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ол үлкен ағалық сүйіспеншілікпен шын жүректен тілектестік білдіріп, жүрекжарды алғысын жеткізіп еді. Айтмұханбет Жанайдаров зейнеткерлікке шығар алдында облыстық әлеуметтік қамсыз­дандыру саласына жетекшілік жасады. Қиын аумалы-төкпелі шақта кеңпейіл мінезімен, даналық сөзімен қиналғанның жанын жұбатып, көңіліне сенім ұялатты. Аллаға шүкір, бұл кезең­нен де осындай сабырлы, жайсаң мінезді адам­дардың ерен еңбегінің арқасында ел сүрінбей өтті. Ұлағатты шаңырақта тәрбиелі ұл-қыздар өсіп жетілді. Ақынжанды данагөй әке соларға байлықтың орнына  келешектеріне алтын көпір болар сөз қалдырыпты. Ұлы Жанатқа арнаған өлеңінде мынадай әдемі сөздер бар: Әр уақытта тақ іздеме, ар ізде, Халық үшін еңбек қылу парыз де. Үлкендерге кішілікпен сәлем бер, Маған қылған жақсылығы – қарыз де! Жалпы, Әйтекең қат-қабат жұмыстың орта­сында жүрсе де өлеңмен қатар публицистикалық мақалалар да жазып тұратын. Күрделі мәселелер төңірегінде қозғаған келелі ой-пікірлері үлкен жиындарда да ортаға салынатын. Осындай ел ағаларының өткен өміріне, атқарған ерен істеріне қарап, біз олардың туған еліне қолдан келгенше жасаған жақсылығын салмақтай аламыз. Мұндай рух, патриоттық сезім – келер ұрпаққа үлкен міндеттер артады. Батырлықтың үлгісі тек қана қара күште емес, көріпкел қасиетте, әділдік пен бауырмалдықта, таза мінсіз адамгершілік мінезде. Бір ғана Айтмұханбет Жанайдаровтың өмірі соның дәлелі сияқты көрінеді. Жанат Түгелбаев, «Егемен Қазақстан»  

Кейде біз адамның жүріс-тұрысына, орынсыз қылығына қарап өкпе мен кінәмізді оның өмір сүрген қоғамына, не болмаса заманына ысыра саламыз. Бірақ бұл пікірдің көбінесе  көріпкелдігімізден емес, пенде­шілігімізден туындайтынын соңынан барып түсінеміз. Бұрынғы аталарымыздың тұрмысы  мен жағдайы біздердің өмірімізден артық болған жоқ қой. Солар қайсарлықтың, төзімділіктің және келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің арқасында барлық қиындықтарды жеңе білді.

Біздің әңгімемізге өзек болып отырған Айтмұханбет Жанайдаровтың өмірі соған айқын мысал болар еді. Оның әкесі Жанайдар ақ патша мен қызыл империяның елге жасаған қиянатын көзімен көрді. 1916 жылы қазақ даласында ұлт-азаттық күрес бұрқ еткенде Ереймен еліндегі көтерілісті бастаған басшылардың бірі осы Жанайдар болатын. Ол сол үшін аз жапа шеккен жоқ. Бұл өз алдына ұзақ-сонар әңгіме. Бұдан кейінгі зұлматтар да аз болмаған. Кеңестік кезеңдегі ашаршылық, репрессия мен Ұлы Отан соғысы жақсы мен жайсаңды қынадай қырды ғой. Өрімтал жастар отқа түскен көбелектей соғыстың жалмауыз көмейінен шыға алмады. Айтмұханбет Жанайдаровтың ата-анасы, аға-апалары осы зар заманның тірі куәгерлері еді. Бірақ, сөзіміздің басында айтқандай, олар өмірдегі жолдарынан адасқан жоқ, соңдарына өнегелі өмір, өшпес із қалдырды.

Айтмұханбетті жұрт Әйтекең деп құрмет тұтатын. Тірі болса бүгінде жасы 80-ге келіп, үл­кен де, кіші де сый тұтатын ортада масайрап оты­рар еді. Ақмола өңірінің ауыл шаруашы­лы­ғын дамытуға бірден бір атсалысқан, сүбелі үлес қосқан осы Әйтекең болатын. Еңбек жолына қысқаша шолу жасайтын болсақ, ол сол кездегі Це­линоград облысының “Воздвиженка”, “Бар­шын” шаруашылықтарын, кейіндері Атбасар, Макин (бүгінгі Бұланды) аудандарын басқарып, Қазақстан экономикасының дамуына барынша еңбек сіңірген кісілердің бірі. Мыңғыртып қой өсіріп, жылқы мен қара малды көбейтті. Соның ыстығы  мен суығына төзе білді.

Әйтім ағамыз тың эпопеясы жылдары Қа­зақ­стан мемлекетінің басшылары Д.Қонаевпен, Б.Әшімовпен егін алқаптары басында талай мәрте кездескені бар. Адал еңбек нәтижесінде ол екі мәрте “Халықтар достығы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұдан кейінгі еңбек жолы Целиноград облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағы жетекшілік  қызметпен байланысты болды.

Аграрлық облыстың өндірген алтын дәні, еті мен сүті Қазақстанның даңқын аспандатты. Айтмұханбет Жанайдаров еңбек майданының қызу ортасында жүрсе де, әріптестерінен  бір артықшылығы – оның көзі ашық, көкірегі ояу, ақынжанды, тарих пен төл шежірені терең мең­гергенінде болатын. Тың көтеруге келгендердің ішінде әпербақан, менмен, жергілікті ұлтты көзге ілгісі келмейтіндер аз болған жоқ. Ондайлардың  санасына, қоғамдық көзқарасына өзгеріс енгізген қайсар мінезді қазақтардың бірі осы Әйтекең еді. Замандастары қара қылды қақ жарған әділдігіне, жолдасқа, елге деген құрме­тіне, қиянатқа жол бермейтін азаматтық кел­бе­тіне күні бүгінге дейін тәнті. Белгілі ақын Нұр­ғожа Оразовтың өлең жолдары соны аңғартқандай.

Елімде ер жігіттің бірі болды,

Ісі де, қимылы да ірі болды.

Алдына жәрдем тілеп келгендердің,

Жарылқар, көмек берер пірі болды.

Мұндай адамдардың рухының биік болуы заңды да.

Айтмұханбет Жанайдаровтың өзі жазған өлең-жырларынан біз қазақтың біртуар пер­зенттері Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұ­ма­баев, Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Әуе­зовке деген ерекше бір құрметті көреміз. Мы­са­лы, Мағжан туралы толғауында ол былай дейді:

Адамдық қасиетті түгел жиған,

Бойына мұнша өнер қалай сыйған.

Қазақтың алтын жалды арыстанын,

Тәңірім даналықпен сомдап құйған.

“Жақсы адам – қазына” деп бұрынғылар бекер айтпаған. Себебі, Әйтекең қай өңірде еңбек етсе де өзінің жылы жүзімен, бауыр­мал­дығымен бірінші көрген кісінің өзін айрыл­мастай туыс, дос-жаран ете білді. “Бөлінгенді – бөрі алады” деген қағиданы ол кісі жиі айтып отырушы еді. Сондықтан, Қазақстанның әр аймағындағы тұрып жатқан жора-жолдастары ол кісіні ерекше пір тұтқаны шындық.

Еліміз егемендік алып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жерге оралғанда ел алдында сөз сөйлеген Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ол үлкен ағалық сүйіспеншілікпен шын жүректен тілектестік білдіріп, жүрекжарды алғысын жеткізіп еді.

Айтмұханбет Жанайдаров зейнеткерлікке шығар алдында облыстық әлеуметтік қамсыз­дандыру саласына жетекшілік жасады. Қиын аумалы-төкпелі шақта кеңпейіл мінезімен, даналық сөзімен қиналғанның жанын жұбатып, көңіліне сенім ұялатты. Аллаға шүкір, бұл кезең­нен де осындай сабырлы, жайсаң мінезді адам­дардың ерен еңбегінің арқасында ел сүрінбей өтті.

Ұлағатты шаңырақта тәрбиелі ұл-қыздар өсіп жетілді. Ақынжанды данагөй әке соларға байлықтың орнына  келешектеріне алтын көпір болар сөз қалдырыпты. Ұлы Жанатқа арнаған өлеңінде мынадай әдемі сөздер бар:

Әр уақытта тақ іздеме, ар ізде,

Халық үшін еңбек қылу парыз де.

Үлкендерге кішілікпен сәлем бер,

Маған қылған жақсылығы – қарыз де!

Жалпы, Әйтекең қат-қабат жұмыстың орта­сында жүрсе де өлеңмен қатар публицистикалық мақалалар да жазып тұратын. Күрделі мәселелер төңірегінде қозғаған келелі ой-пікірлері үлкен жиындарда да ортаға салынатын.

Осындай ел ағаларының өткен өміріне, атқарған ерен істеріне қарап, біз олардың туған еліне қолдан келгенше жасаған жақсылығын салмақтай аламыз. Мұндай рух, патриоттық сезім – келер ұрпаққа үлкен міндеттер артады. Батырлықтың үлгісі тек қана қара күште емес, көріпкел қасиетте, әділдік пен бауырмалдықта, таза мінсіз адамгершілік мінезде. Бір ғана Айтмұханбет Жанайдаровтың өмірі соның дәлелі сияқты көрінеді.

Жанат Түгелбаев, «Егемен Қазақстан»

 

Ұқсас материалдар