Ұлы Жібек жолы

09.11.2012 3127
Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012   Ұлы Жібек жолы — Еуразия құрлығындағы сауда, керуен жолдарының жалпы атауы. Ол б.з.б. 2 ғ-дан б.з. 16 ғ-ға дейін Орт. Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Қытайлық саяхатшы Чжан Цяньның “Батысқа” саяхаты нәтижесінде б.з.б. 2 ғ-да ашылды. Еур. әдебиетте алғаш рет 1877 ж. К.Рихтгофеннің “Қытай” атты еңбегінде бұл сауда жолы Ұ. Ж. ж. деп аталған болатын, сол уақыттан бері тарихи әдебиеттерде осы атау қалыптасып кетті. Сюннулармен (ғұндар) соғысқа әзірленіп жатқан Хань императоры У-ди б.з.б. 138 ж. Чжан Цянь (б.з.б. 192 — 120) деген елшісін сюннулармен жауласушы даюэчжи (массагет) тайпасын іздеуге аттандырды. Ол тайпа сюннулардан жеңіліп, Ганьсудан әрі батыс жаққа қоныс аударды. Жол-жөнекей Чжан Цянь сюннулардың тұтқынына түсіп, одан 10 жылдан соң қашып шығып, өзінің сапарын Орт. Азия жерінде жалғастырады. Ол саяхат барысында Даваньда (Ферғана), Канцзюеде (Әмудария мен Сырдарияның ұштасар жері) болып, бір жылдай Дася (Бактрия) жерінде тұрған. Жергілікті саудагерлерден Чжан Цянь Шэньду (Үндістан) және батыстағы алыс елдер жайлы, соның ішінде Аньси (Парфия), Ферғана мен Орта Азияның басқа да елдері туралы және бұл аталған елдердің Қытайды “жібек елі” деп білетінін, саудагерлер бұл елдерге Қытайдан жібек маталар әкеліп сататынын білді. Әлемге әйгілі Ұ. Ж. ж-ның аты осыдан келіп шыққан. Чжан Цянь астанаға 18 жыл өткен соң ғана оралды, алайда ол осы сапарында алдына қойған мақсатына толық жете алмады. Бірақ оның бұл сапарының тарихи маңызы өте зор болды. Чжан Цяньның арқасында ежелгі қытайлықтар өздеріне осыған дейін беймәлім болып келген Бактрия, Парфия, Ферғана және басқа да Орт. Азия мемлекеттері туралы мол мәлімет алды. Чжан Цяньның б.з.б. 119 жылғы екінші сапарынан кейін Хань империясы осы мемлекеттердің көпшілігімен байланыс орнатты. Қытайға Орт. Азиядан бұрын өздеріне таныс емес а. ш. өнімдері — жүзім, бақша жемістері, сондай-ақ саз аспаптары, кейбір тұрмыстық бұйымдар әкелінді. Кейінірек батыс аймақ арқылы Қытайға Үндістаннан будда діні енді. Осы уақыттан бастап Хань императорларының сыртқы саясаттағы басты мақсаты империяның осы елдермен арадағы сауда жолдарына, яғни Ұ. Ж. ж-на ие болып, тұрақты байланыс орнату болды. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сюннуларға қарсы жорықтардың бағыты Ганьсу болып белгіленді, себебі бұл жерден батысқа баратын сауда жолы атақты Ұ. Ж. ж. өтетін еді. Осы кезден бастап Ганьсуға мықты бекінген Қытай саудагерлері керуен саудасын күшейтті. Керуен жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Хань империясы Ұ. Ж. ж. бойына ораналасқан Шығыс Түркістанның гүлденген қала-мемлекеттеріне дипломат. және әскери әдістермен ықпал етуге тырысты. Сөйтіп, б.з.б. 2 ғ-да ханьдықтардың Ганьсу дәлізіне толық иелік етіп, сол арқылы Шығыс Түркістанға жол ашуы Орт. Азиядағы сауда жолдары жүйесіне үлкен өзгерістер әкелді. Б.з.б. 2 — 1 ғ-ларда Еуразияның негізгі мәдени аймақтарын бір-бірімен байланыстыратын Ұ. Ж. ж-ның негізгі тармақтарын игеру басталды. Б.з.б. 115 — 111 ж. Хань империясы мен Бактрия арасында сауда байланысы орнатылды. Жол Қытай астанасы Чанъяннан солт.-батысқа, Ганьсу жері арқылы Дуньхуанға дейін созылды, әрі қарай екіге айрылып, Лобнор к-нен солт-ке және оңт-ке қарай жүре отырып, Қашғарға апарды. Қашғардан сауда керуендері Ферғана мен Бактрияға, Үндістан мен Парфияға, әрі қарай Жерорта т-не кетті. Қытайдан Батыс елдеріне сауда керуендері темір, никель, алтын, күміс, бояу сияқты заттарды, айна және басқа да қолөнер бұйымдарын, жібек маталар әкелді. Ал Қытайға сирек кездесетін аңдар мен құстар, өсімдіктер, ағаштардың бағалы тұқымдары, бағалы терілер, дәрі-дәрмек, хош иісті косметик., зергерлік бұйымдар, қымбат тастар мен бағалы заттар, әнші-бишілер және құлдар әкелінді. Уақыт өткен сайын Ұ. Ж. ж-ның тармақтары әр түрлі климаттық жағдайларға және саяси өзгерістерге байланысты жаңарып отырды. Қытайдың әулеттік тарихнамаларында Ұ. Ж. ж-ның заман өзгерісіне орай қалай жаңа сипатқа ие болғандығы туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ұ. Ж. ж-ның пайда болған алғашқы кезеңінде Шығыс Түркістан арқылы Оңт. және Солт. дейтін екі үлкен тармағы болған. Алғашқысы Юймыннан басталып, Лобнор к. маңындағы Шаньшаннан шығып, Куньлунь тауларының оңт. беткейін бойлай Жаркент өз-нің бойымен Ташқорған мен Ваханға беттеген. Ваханнан жол екіге айрылып, бірі батыстағы Балх, Мерв пен Гекатамил, Экбатанға, әрі қарай Ктефисонға апарған. Осы жерден сауда керуені Иранға бағыт алып, Қосөзен бойымен Сирияға жеткен. Солт. бағыт Лоулоннан бастап, Тарим өз-н бойлап Қашғарға бет түзеген. Қашғар арқылы сауда керуендері Ферғана аңғары мен Мауераннахрға, одан әрі төм. Жайық бойымен Арал т-не, одан әрі Қара т. жағалауларына дейін барған. Басында Ұ. Ж. ж-ның халықар. сауда жолы ретіндегі маңызы артып, гүлденген кезеңі басталды. Ұ. Ж. ж-ның ең ұзын тармақтарының бірі Орта Азия мен Қазақстан жері арқылы Мерв пен Хорезм алқаптарынан Сарыарқаны кесіп өтіп, Памир мен Тянь-Шаньды, Алтай мен Қаратаудың асуларынан өтіп, Мургаб, Әмудария, Сырдария және Шу бойымен әрі қарай бет алған. 5 — 6 ғ-ларда жаңа тармақ пайда болып, сауда керуені Хами арқылы Ыстықкөлді жағалай Талас арқылы Әмудария мен Жайыққа жеткен. Бұл жолдан басқа Шығыс Түркістан мен Жетісу арасындағы керуен жолы Ақсудан шығып, Бедел асуы арқылы Ыстықкөлге дейін жеткен қысқа жол ашылды. Сондай-ақ Тұрфан аумағынан Алмалыққа келетін керуен жолы да болған. Осы жолдар арқылы Қытайдың Орт. Азиямен сауда байланысы нығайып, одан әрі осы мемлекеттердің Еуропамен және Таяу Шығыспен қарым-қатынасы күшейді. Ұ. Ж. ж. біртұтас сауда жүйесіне айналып, соның әсерінен оның бойында қалалар салынды, қолөнер өндірісі дамыды. Айырбас сауданың орнына тауар-ақша қатынасы пайда болып, Орт. Азия елдері төл ақша монеталарын шығарды. Ғасырлар бойы Ұ. Ж. ж. арқылы саудагерлер, миссионерлер саяхат жасап, осы сапарлар нәтижесінде түрлі байланыстар орнады. Сауда байланыстары ғана емес мемлекеттер мен халықтар арасында дүниетанымдық көзқарастар мен мәдени алмасулар жүрді, қолөнер ісі, технологиялар, діни нанымдар тарады. Ұ. Ж. ж. арқылы Батыс пен Шығыс елдеріне әлемнің әр түкпірінен аса бағалы да экзотик. тауарлар келіп отырды. Түрлі дәрілік және бау-бақша, мәдени өсімдіктер, арқар мен маралдың, бұғының мүйіздері, піл сүйектері, бағалы терілер, бояулар, асыл тастар, қолөнер бұйымдары, теңгелер, қару-жарақтар, айна, моншақтар, т.б. бұйымдар, Ферғана мен арабтың асыл тұқымды жылқылары, түйелер мен пілдер, жабайы аңдар мен құстарға дейін сауда тауарлары ретінде елден-елге тасымалданды. Мәдени өсімдіктердің әр түрі —жүзім, шабдалы, қауын, қант, бау-бақша өсімдіктері мен дәмдік көкөністер әр түкпірге таралды. көкөністер әр түкпірге таралды. Жібек, алтын сияқты бұйымдар халықар. валюта рөлін атқарды. Жібек орамдары аса бағалы сыйлықтар ретінде патшаларға, елшілерге тарту етілді, жалдамалы әскердің жалақысы ретінде және мемл. қарыздарды төлейтін төлем қызметін де атқарды. Ұ. Ж. ж. әлемдік діндердің таралуына бірден-бір ықпал етті. Қытайға Үндістаннан Орт. Азия мен Шығыс Түркістан арқылы будда діні енді. Осы жол арқылы Орт. Азия елдеріне Сириядан, Ираннан және Арабия түбегінен христиан діні, манихейлік дін, кейіннен ислам діні тарады. 7 — 10 ғ-ларда Тан әулеті тұсында Ұ. Ж. ж. дамыды. Алғашында Қытай Түрік қағандығына тәуелді жағдайда болып, қағанға алым төлеп тұрды. Осы кезеңде Қытайдан Жетісу мен Оңт. Қазақстан жерлері арқылы батысқа баратын керуен жолы барынша қызу дамыды. Өйткені бұл кезде Түрік қағандығының ордасы Жетісу жерінде орналасып, қаған Орт. Азия арқылы өтетін Жібек жолына бақылау орнатты. Ал Ферғана арқылы өтетін жол ондағы өзара қырқысу соғыстарының нәтижесінде керуенге аса қауіпті саналды. 630 ж. Батыс Түрік қағандығына қытай саяхатшысы, буддалық монах Сюань-Цзан келді. Ол өз жазбаларында 7 ғ-дағы Суяб, Тараз, Исфиджаб, Шаш, Самарқанд, Бұқара, Мерв қ-ларын суреттеп жазған. 7 — 8 ғ-ларда қытай саяхатшыларының жазбаларында Ұ. Ж. ж-ның бойында орналасқан Орт. Азияның ондаған қалаларының аттары аталды. 6 — 8 ғ-ларда Ұ. Ж. ж-ның негізгі жолдары Сирия — Иран — Орта Азия — Оңт. Қазақстан — Талас даласы — Шу өңірі — Ыстықкөл маңайы — Шығыс Түркістан — Қшкі Қытай болып тармақталды. Ұ. Ж. ж-ның қазақ жері арқылы өткен тармақтары Шаш (Ташкент) қ-нан шыққан керуен Түрбат асуы арқылы Исфиджабқа немесе Сайрамға бет алған. Бұл қаланың қалдығын археологтар Шымкент қ-ның маңынан тапты. Ол өте үлкен сауда орталығы болды. Исфиджабтан шыққан саудагерлер шығысқа бет алып, Тараз қ-на келген. Ыстықкөлден аттанған керуен Санташ арқылы Қле аймағына бет алып, Қленің оң жағалауымен Қорғастан өтіп Алмалыққа жеткен. Осы жерден аттанған керуен Такла-Макан шөлі арқылы Хами алқабын басып өтіп, Қленің аңғарын оңт.-батысынан солт.-шығысына дейін кесіп өткен. Керуен жолы кішігірім қалалар Қастек, Қаскелеңнен Алматыға келіп, Талғарға барған. Талхир деп көне атаумен аталған бұл жер сауданың ең ірі орт-тарының бірі болды. Исфиджабтан керуен жолы Отырар-Фарабқа, одан Сыр бойымен төмендеп кеткен. Ұ. Ж. ж-ның Исфиджабтан, Отырардан, Янгикенттен шығатын негізгі тармақтары оңт. және солт. болып екіге бөлінді. Осы жерден аттанған керуен Орт. және Шығыс Қазақстан жерлері арқылы Ертіс өз. бойынан шығып, Алтай мен Моңғолияға бет алған. 13 — 14 ғ-ларда саяси жағдайларға байланысты керуен жолдары дипломаттар мен саяхатшылардың, саудагерлердің қалауына орай өзгеріп отырды. Ұ. Ж. ж. Орт. Азия жерінде 14 ғ-дың аяғына дейін өмір сүрді. Бұл аймақтағы Ұ. Ж. ж-на 14 ғ-дың аяқ кезінен бастап Ақсақ Темірдің құрған империясы бақылау орнатты. Осы кезеңде қалалар күйреп, мәдениет дағдарысқа ұшырады. Осы уақыттан бастап бұл жердегі саяси дағдарыстар, соғыстар қалалардың күйреуіне, мәдениеттің құлдырауына әкелді де құрлықтағы сауда жолының маңызы біртіндеп жойыла бастады. 15 ғ-да Қытай мен Еуропа арасындағы теңіз жолының ашылуы Ұ. Ж. ж-ның маңызын жойды. Қазіргі кезде Ұ. Ж. ж-н қайта жаңғырту әрекеті халықар. деңгейде қолға алына бастады. 1987 ж. Парижде ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында “Жібек жолы — диалог жолы” атты халықар. жоба жарияланды. Осы бағдарлама шеңберінде Ұ. Ж. ж-ның тарихын, маңызын зерттеу әр елде қолдау тауып, зерттеу жұмыстары қолға алынды. Қазақстанда да ғалымдардың ауқымды істері атқарылуда. Н. Алдабек Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

 

Ұлы Жібек жолы — Еуразия құрлығындағы сауда, керуен жолдарының жалпы атауы. Ол б.з.б. 2 ғ-дан б.з. 16 ғ-ға дейін Орт. Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Қытайлық саяхатшы Чжан Цяньның “Батысқа” саяхаты нәтижесінде б.з.б. 2 ғ-да ашылды. Еур. әдебиетте алғаш рет 1877 ж. К.Рихтгофеннің “Қытай” атты еңбегінде бұл сауда жолы Ұ. Ж. ж. деп аталған болатын, сол уақыттан бері тарихи әдебиеттерде осы атау қалыптасып кетті. Сюннулармен (ғұндар) соғысқа әзірленіп жатқан Хань императоры У-ди б.з.б. 138 ж. Чжан Цянь (б.з.б. 192 — 120) деген елшісін сюннулармен жауласушы даюэчжи (массагет) тайпасын іздеуге аттандырды. Ол тайпа сюннулардан жеңіліп, Ганьсудан әрі батыс жаққа қоныс аударды. Жол-жөнекей Чжан Цянь сюннулардың тұтқынына түсіп, одан 10 жылдан соң қашып шығып, өзінің сапарын Орт. Азия жерінде жалғастырады. Ол саяхат барысында Даваньда (Ферғана), Канцзюеде (Әмудария мен Сырдарияның ұштасар жері) болып, бір жылдай Дася (Бактрия) жерінде тұрған. Жергілікті саудагерлерден Чжан Цянь Шэньду (Үндістан) және батыстағы алыс елдер жайлы, соның ішінде Аньси (Парфия), Ферғана мен Орта Азияның басқа да елдері туралы және бұл аталған елдердің Қытайды “жібек елі” деп білетінін, саудагерлер бұл елдерге Қытайдан жібек маталар әкеліп сататынын білді. Әлемге әйгілі Ұ. Ж. ж-ның аты осыдан келіп шыққан. Чжан Цянь астанаға 18 жыл өткен соң ғана оралды, алайда ол осы сапарында алдына қойған мақсатына толық жете алмады. Бірақ оның бұл сапарының тарихи маңызы өте зор болды. Чжан Цяньның арқасында ежелгі қытайлықтар өздеріне осыған дейін беймәлім болып келген Бактрия, Парфия, Ферғана және басқа да Орт. Азия мемлекеттері туралы мол мәлімет алды. Чжан Цяньның б.з.б. 119 жылғы екінші сапарынан кейін Хань империясы осы мемлекеттердің көпшілігімен байланыс орнатты. Қытайға Орт. Азиядан бұрын өздеріне таныс емес а. ш. өнімдері — жүзім, бақша жемістері, сондай-ақ саз аспаптары, кейбір тұрмыстық бұйымдар әкелінді. Кейінірек батыс аймақ арқылы Қытайға Үндістаннан будда діні енді. Осы уақыттан бастап Хань императорларының сыртқы саясаттағы басты мақсаты империяның осы елдермен арадағы сауда жолдарына, яғни Ұ. Ж. ж-на ие болып, тұрақты байланыс орнату болды. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сюннуларға қарсы жорықтардың бағыты Ганьсу болып белгіленді, себебі бұл жерден батысқа баратын сауда жолы атақты Ұ. Ж. ж. өтетін еді. Осы кезден бастап Ганьсуға мықты бекінген Қытай саудагерлері керуен саудасын күшейтті. Керуен жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Хань империясы Ұ. Ж. ж. бойына ораналасқан Шығыс Түркістанның гүлденген қала-мемлекеттеріне дипломат. және әскери әдістермен ықпал етуге тырысты. Сөйтіп, б.з.б. 2 ғ-да ханьдықтардың Ганьсу дәлізіне толық иелік етіп, сол арқылы Шығыс Түркістанға жол ашуы Орт. Азиядағы сауда жолдары жүйесіне үлкен өзгерістер әкелді. Б.з.б. 2 — 1 ғ-ларда Еуразияның негізгі мәдени аймақтарын бір-бірімен байланыстыратын Ұ. Ж. ж-ның негізгі тармақтарын игеру басталды. Б.з.б. 115 — 111 ж. Хань империясы мен Бактрия арасында сауда байланысы орнатылды. Жол Қытай астанасы Чанъяннан солт.-батысқа, Ганьсу жері арқылы Дуньхуанға дейін созылды, әрі қарай екіге айрылып, Лобнор к-нен солт-ке және оңт-ке қарай жүре отырып, Қашғарға апарды. Қашғардан сауда керуендері Ферғана мен Бактрияға, Үндістан мен Парфияға, әрі қарай Жерорта т-не кетті. Қытайдан Батыс елдеріне сауда керуендері темір, никель, алтын, күміс, бояу сияқты заттарды, айна және басқа да қолөнер бұйымдарын, жібек маталар әкелді. Ал Қытайға сирек кездесетін аңдар мен құстар, өсімдіктер, ағаштардың бағалы тұқымдары, бағалы терілер, дәрі-дәрмек, хош иісті косметик., зергерлік бұйымдар, қымбат тастар мен бағалы заттар, әнші-бишілер және құлдар әкелінді. Уақыт өткен сайын Ұ. Ж. ж-ның тармақтары әр түрлі климаттық жағдайларға және саяси өзгерістерге байланысты жаңарып отырды. Қытайдың әулеттік тарихнамаларында Ұ. Ж. ж-ның заман өзгерісіне орай қалай жаңа сипатқа ие болғандығы туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ұ. Ж. ж-ның пайда болған алғашқы кезеңінде Шығыс Түркістан арқылы Оңт. және Солт. дейтін екі үлкен тармағы болған. Алғашқысы Юймыннан басталып, Лобнор к. маңындағы Шаньшаннан шығып, Куньлунь тауларының оңт. беткейін бойлай Жаркент өз-нің бойымен Ташқорған мен Ваханға беттеген. Ваханнан жол екіге айрылып, бірі батыстағы Балх, Мерв пен Гекатамил, Экбатанға, әрі қарай Ктефисонға апарған. Осы жерден сауда керуені Иранға бағыт алып, Қосөзен бойымен Сирияға жеткен. Солт. бағыт Лоулоннан бастап, Тарим өз-н бойлап Қашғарға бет түзеген. Қашғар арқылы сауда керуендері Ферғана аңғары мен Мауераннахрға, одан әрі төм. Жайық бойымен Арал т-не, одан әрі Қара т. жағалауларына дейін барған. Басында Ұ. Ж. ж-ның халықар. сауда жолы ретіндегі маңызы артып, гүлденген кезеңі басталды. Ұ. Ж. ж-ның ең ұзын тармақтарының бірі Орта Азия мен Қазақстан жері арқылы Мерв пен Хорезм алқаптарынан Сарыарқаны кесіп өтіп, Памир мен Тянь-Шаньды, Алтай мен Қаратаудың асуларынан өтіп, Мургаб, Әмудария, Сырдария және Шу бойымен әрі қарай бет алған. 5 — 6 ғ-ларда жаңа тармақ пайда болып, сауда керуені Хами арқылы Ыстықкөлді жағалай Талас арқылы Әмудария мен Жайыққа жеткен. Бұл жолдан басқа Шығыс Түркістан мен Жетісу арасындағы керуен жолы Ақсудан шығып, Бедел асуы арқылы Ыстықкөлге дейін жеткен қысқа жол ашылды. Сондай-ақ Тұрфан аумағынан Алмалыққа келетін керуен жолы да болған. Осы жолдар арқылы Қытайдың Орт. Азиямен сауда байланысы нығайып, одан әрі осы мемлекеттердің Еуропамен және Таяу Шығыспен қарым-қатынасы күшейді. Ұ. Ж. ж. біртұтас сауда жүйесіне айналып, соның әсерінен оның бойында қалалар салынды, қолөнер өндірісі дамыды. Айырбас сауданың орнына тауар-ақша қатынасы пайда болып, Орт. Азия елдері төл ақша монеталарын шығарды. Ғасырлар бойы Ұ. Ж. ж. арқылы саудагерлер, миссионерлер саяхат жасап, осы сапарлар нәтижесінде түрлі байланыстар орнады. Сауда байланыстары ғана емес мемлекеттер мен халықтар арасында дүниетанымдық көзқарастар мен мәдени алмасулар жүрді, қолөнер ісі, технологиялар, діни нанымдар тарады. Ұ. Ж. ж. арқылы Батыс пен Шығыс елдеріне әлемнің әр түкпірінен аса бағалы да экзотик. тауарлар келіп отырды. Түрлі дәрілік және бау-бақша, мәдени өсімдіктер, арқар мен маралдың, бұғының мүйіздері, піл сүйектері, бағалы терілер, бояулар, асыл тастар, қолөнер бұйымдары, теңгелер, қару-жарақтар, айна, моншақтар, т.б. бұйымдар, Ферғана мен арабтың асыл тұқымды жылқылары, түйелер мен пілдер, жабайы аңдар мен құстарға дейін сауда тауарлары ретінде елден-елге тасымалданды. Мәдени өсімдіктердің әр түрі —жүзім, шабдалы, қауын, қант, бау-бақша өсімдіктері мен дәмдік көкөністер әр түкпірге таралды. көкөністер әр түкпірге таралды. Жібек, алтын сияқты бұйымдар халықар. валюта рөлін атқарды. Жібек орамдары аса бағалы сыйлықтар ретінде патшаларға, елшілерге тарту етілді, жалдамалы әскердің жалақысы ретінде және мемл. қарыздарды төлейтін төлем қызметін де атқарды. Ұ. Ж. ж. әлемдік діндердің таралуына бірден-бір ықпал етті. Қытайға Үндістаннан Орт. Азия мен Шығыс Түркістан арқылы будда діні енді. Осы жол арқылы Орт. Азия елдеріне Сириядан, Ираннан және Арабия түбегінен христиан діні, манихейлік дін, кейіннен ислам діні тарады. 7 — 10 ғ-ларда Тан әулеті тұсында Ұ. Ж. ж. дамыды. Алғашында Қытай Түрік қағандығына тәуелді жағдайда болып, қағанға алым төлеп тұрды. Осы кезеңде Қытайдан Жетісу мен Оңт. Қазақстан жерлері арқылы батысқа баратын керуен жолы барынша қызу дамыды. Өйткені бұл кезде Түрік қағандығының ордасы Жетісу жерінде орналасып, қаған Орт. Азия арқылы өтетін Жібек жолына бақылау орнатты. Ал Ферғана арқылы өтетін жол ондағы өзара қырқысу соғыстарының нәтижесінде керуенге аса қауіпті саналды. 630 ж. Батыс Түрік қағандығына қытай саяхатшысы, буддалық монах Сюань-Цзан келді. Ол өз жазбаларында 7 ғ-дағы Суяб, Тараз, Исфиджаб, Шаш, Самарқанд, Бұқара, Мерв қ-ларын суреттеп жазған. 7 — 8 ғ-ларда қытай саяхатшыларының жазбаларында Ұ. Ж. ж-ның бойында орналасқан Орт. Азияның ондаған қалаларының аттары аталды. 6 — 8 ғ-ларда Ұ. Ж. ж-ның негізгі жолдары Сирия — Иран — Орта Азия — Оңт. Қазақстан — Талас даласы — Шу өңірі — Ыстықкөл маңайы — Шығыс Түркістан — Қшкі Қытай болып тармақталды. Ұ. Ж. ж-ның қазақ жері арқылы өткен тармақтары Шаш (Ташкент) қ-нан шыққан керуен Түрбат асуы арқылы Исфиджабқа немесе Сайрамға бет алған. Бұл қаланың қалдығын археологтар Шымкент қ-ның маңынан тапты. Ол өте үлкен сауда орталығы болды. Исфиджабтан шыққан саудагерлер шығысқа бет алып, Тараз қ-на келген. Ыстықкөлден аттанған керуен Санташ арқылы Қле аймағына бет алып, Қленің оң жағалауымен Қорғастан өтіп Алмалыққа жеткен. Осы жерден аттанған керуен Такла-Макан шөлі арқылы Хами алқабын басып өтіп, Қленің аңғарын оңт.-батысынан солт.-шығысына дейін кесіп өткен. Керуен жолы кішігірім қалалар Қастек, Қаскелеңнен Алматыға келіп, Талғарға барған. Талхир деп көне атаумен аталған бұл жер сауданың ең ірі орт-тарының бірі болды. Исфиджабтан керуен жолы Отырар-Фарабқа, одан Сыр бойымен төмендеп кеткен. Ұ. Ж. ж-ның Исфиджабтан, Отырардан, Янгикенттен шығатын негізгі тармақтары оңт. және солт. болып екіге бөлінді. Осы жерден аттанған керуен Орт. және Шығыс Қазақстан жерлері арқылы Ертіс өз. бойынан шығып, Алтай мен Моңғолияға бет алған. 13 — 14 ғ-ларда саяси жағдайларға байланысты керуен жолдары дипломаттар мен саяхатшылардың, саудагерлердің қалауына орай өзгеріп отырды. Ұ. Ж. ж. Орт. Азия жерінде 14 ғ-дың аяғына дейін өмір сүрді. Бұл аймақтағы Ұ. Ж. ж-на 14 ғ-дың аяқ кезінен бастап Ақсақ Темірдің құрған империясы бақылау орнатты. Осы кезеңде қалалар күйреп, мәдениет дағдарысқа ұшырады. Осы уақыттан бастап бұл жердегі саяси дағдарыстар, соғыстар қалалардың күйреуіне, мәдениеттің құлдырауына әкелді де құрлықтағы сауда жолының маңызы біртіндеп жойыла бастады. 15 ғ-да Қытай мен Еуропа арасындағы теңіз жолының ашылуы Ұ. Ж. ж-ның маңызын жойды. Қазіргі кезде Ұ. Ж. ж-н қайта жаңғырту әрекеті халықар. деңгейде қолға алына бастады. 1987 ж. Парижде ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында “Жібек жолы — диалог жолы” атты халықар. жоба жарияланды. Осы бағдарлама шеңберінде Ұ. Ж. ж-ның тарихын, маңызын зерттеу әр елде қолдау тауып, зерттеу жұмыстары қолға алынды. Қазақстанда да ғалымдардың ауқымды істері атқарылуда.

Н. Алдабек

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Ұқсас материалдар