Ер-тұрман

09.11.2012 8810
Соңғы редакциялау 31 қазан 2012   Ер-тұрман, ат әбзелдері. Қазақ халқының арасында ер-тұрман салт атқа мініп жүру үшін жасалған. Ер-тұрманды жасау тек халық ішінен шыққан шеберлердің қолынан келетін іс. Іскерлік өнерге қарай шеберлердің біреулері ердің соқа басын жасайтын болса, екіншілері ағаштан ер шауып, былғарыдан, киізден тоқым тігіп, қоладан үзеңгі құйып, темірге алтын, күміс жалатып және сүйекпен нақыштап, асыл тастан көздер орнатып, ертоқымды түгелдей жасаған. Ер-тұрман жасау мен оны күнделікті өмірде пайдалану – қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас мәслелерімен тығыз байланысты. Айыл – атқа ерді бекітуге керекті жабдық. Айыл қайыстан, былғарыдан екі қабатталып қыйылып жасалады, ұзындығы 150-160 см., ені 8 см. Айылдың бір ұшына металл тоға тігіледі. Айылдар төс айыл (тартпа деп те аталады) және шап айылға бөлінеді. Шап айыл төс айылға қарағанда ұзындау болады. Шап айыл жалаң ердің үстінен, ал төс айыл аткөрпенің үстінен тартылады. Ат дорба – қалың металдан, кенептен, киізден тігілген, жай өрмектеп тоқылып, атқа жем беру үшін пайдаланатын әбзел. Дорба аттың басына дәл келуі үшін бау арқылы қыстырылады. Баудың ұзарып-қысқармалы болғаны жөн. Ат тарақ – темір сымнан (кейде ағаштан) жасалады, аттың жал-құйрығын, түгін тарайды. Тақтайшаға арасын жиі етіп тіс жасайды, сонымен бірге былғарыдан бау істеледі. Соңғы кезде ат тарақ пластмасадан істелетін болды. Ауыздық – аттың басын қалаған жаққа бұруға, тежеуге арналған шығыршық темір, жүгеннің ең басты бөлігі; жұмыр темірден отқа қақтап істледі. Екі жақтау бөлімдері ауыздықты бір-бірімен кішкентай шығыршық арқылы жалғастырады, ал қалған екі шетін жақтауды тесіп, сол тесіктен дөңгелек сулық, шығыршықтарын өткізеді. Жүген тізгінінің ұштарын госы шығыршыққа жалғастырып тігеді. Ауыздық аттың езуін жырып кетпеу үшін оның сулыққа таянған жері жуантық болуы тиіс. Ашамай – қазақ шеберлері ұлға немесе қызға арнап, «Ашамай» ер жасаған, ұл баланы үш-төрт жастан бастап атқа мінуге үйреткен. Ашамай ер аса күрделі болмаған, ердің алдыңғы қасымен артқы қасы екі айыр, биік етіп жасалып, екі ұшында тесігі болған. Баланы ерге отырғызғанда сол тесіктен таяқша өткізіп, ат үстіндегі баланы мықтап ұстатады, аяғы үзеңгіге кигізіледі. Белдік – қайыстан, былғарыдан, қайып тігілетін бау. Атты арбаға, шанаға жеккенде ершікті бекітіп ұстататын тартпа бау. Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.

Соңғы редакциялау

31 қазан 2012

 

Ер-тұрман, ат әбзелдері. Қазақ халқының арасында ер-тұрман салт атқа мініп жүру үшін жасалған.

Ер-тұрманды жасау тек халық ішінен шыққан шеберлердің қолынан келетін іс. Іскерлік өнерге қарай шеберлердің біреулері ердің соқа басын жасайтын болса, екіншілері ағаштан ер шауып, былғарыдан, киізден тоқым тігіп, қоладан үзеңгі құйып, темірге алтын, күміс жалатып және сүйекпен нақыштап, асыл тастан көздер орнатып, ертоқымды түгелдей жасаған. Ер-тұрман жасау мен оны күнделікті өмірде пайдалану – қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас мәслелерімен тығыз байланысты.

Айыл – атқа ерді бекітуге керекті жабдық. Айыл қайыстан, былғарыдан екі қабатталып қыйылып жасалады, ұзындығы 150-160 см., ені 8 см. Айылдың бір ұшына металл тоға тігіледі. Айылдар төс айыл (тартпа деп те аталады) және шап айылға бөлінеді. Шап айыл төс айылға қарағанда ұзындау болады. Шап айыл жалаң ердің үстінен, ал төс айыл аткөрпенің үстінен тартылады.

Ат дорба – қалың металдан, кенептен, киізден тігілген, жай өрмектеп тоқылып, атқа жем беру үшін пайдаланатын әбзел. Дорба аттың басына дәл келуі үшін бау арқылы қыстырылады. Баудың ұзарып-қысқармалы болғаны жөн.

Ат тарақ – темір сымнан (кейде ағаштан) жасалады, аттың жал-құйрығын, түгін тарайды. Тақтайшаға арасын жиі етіп тіс жасайды, сонымен бірге былғарыдан бау істеледі. Соңғы кезде ат тарақ пластмасадан істелетін болды.

Ауыздық – аттың басын қалаған жаққа бұруға, тежеуге арналған шығыршық темір, жүгеннің ең басты бөлігі; жұмыр темірден отқа қақтап істледі. Екі жақтау бөлімдері ауыздықты бір-бірімен кішкентай шығыршық арқылы жалғастырады, ал қалған екі шетін жақтауды тесіп, сол тесіктен дөңгелек сулық, шығыршықтарын өткізеді. Жүген тізгінінің ұштарын госы шығыршыққа жалғастырып тігеді. Ауыздық аттың езуін жырып кетпеу үшін оның сулыққа таянған жері жуантық болуы тиіс.

Ашамай – қазақ шеберлері ұлға немесе қызға арнап, «Ашамай» ер жасаған, ұл баланы үш-төрт жастан бастап атқа мінуге үйреткен.

Ашамай ер аса күрделі болмаған, ердің алдыңғы қасымен артқы қасы екі айыр, биік етіп жасалып, екі ұшында тесігі болған. Баланы ерге отырғызғанда сол тесіктен таяқша өткізіп, ат үстіндегі баланы мықтап ұстатады, аяғы үзеңгіге кигізіледі.

Белдік – қайыстан, былғарыдан, қайып тігілетін бау. Атты арбаға, шанаға жеккенде ершікті бекітіп ұстататын тартпа бау.

Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.

Ұқсас материалдар